Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысының білім басқармасы
Теміртау политехникалық колледжі
БЕКІТЕМІН АТ кафедрасының оқытушысы ___________________ М.Н. Пархоменко «___» ___________________ 2020 ж. | БЕКІТЕМІН Колледж әдіскері _____________________ М.С. Аманбаева «___» ___________________ 2020 ж. |
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Зертханалық жұмыс №11.
JavaScript-тe кірістірілген және қолданушы функциялармен жұмыс.
«Бағдарламалаудың кіріспе дағдыларын басқа тілдерде қолдану» пәні бойынша
ПОВТ 2018-1 тобы
Сабақты өткізген оқытушы
Сембаева А.Р.
Курс 3 |
Топ ПОВТ 2018-1 |
Пән: |
«Бағдарламалаудың кіріспе дағдыларын басқа тілдерде қолдану» |
Сабақ тақырыбы: |
JavaScript-тe кірістірілген және қолданушы функциялармен жұмыс |
Сабақтың түрі: |
Зертханалық жұмыс |
Әдістемелік мақсат: |
Javacript тілінде функцияларды құру |
Сабақ мақсаты: |
Тапсырмаларды орындап, нәтижесін көру арқылы функциялардың атқаратын қызметін, орындалу барысын меңгеру. |
Білімділік: |
Студенттердің білімін арттыру, жүйелендіру, бекіту; Студенттердің жеке қалыптасатын кәсіби қабілеттерін көрсету; |
Дамытушылық: |
Берілген тапсырманы дәл уақытында орындауға тәрбиелеуге ықпал ету |
Уақытты бағалауға баулу; |
|
Жұмыс кезінді жинақылық пен зейінділікке тәрбиелеу; |
|
|
Алған нәтижелерді талдауды, жұмысына адалдықпен қарауға тәрбиелеу; |
|
Кәсіби құзіреті бойынша әрекет ету |
Тәрбиелік: |
Топпен бірге шешім қабылдауға баулу Бағдарламалау барысында студенттердің ойлау қабілеттерін ары қарай дамытуға ықпал жасау Қателермен жұмыс жасауды үйрену Білімін жалпылай отырып, қызметіне байланысты зейінділікті дамыту; Қойылған мақсатқа жету |
Пән аралық байланыс: |
Алгоритмдеу және бағдарламалау, Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілдері, Web бағдарламалау. |
Көрнекі құралдар: |
Discord қосымшасы college.sdot.kz платформасы Дербес компьютерлер Интернет желісі Visual Studio Code бағдарламасы Google кестесі & Google apps Script қосымшасын байланыстыру Google кесте, Google презентация Jamboard google қосымшасы Whatsapp web |
Сабақтың әдіс-тәсілі |
Индуктивтік әдіс, топтық жұмыс |
Күтілетін нәтижесі |
Ой-пікір алмасып, тапсырмаларды топпен орындап, бірге жұмыс істеуге, шешім қабылдауға үйренеді. |
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Whatsapp web және Discord қосымшасы арқылы студенттердің сабаққа қатысуын тексеру
- Қосымшалардың жұмыстарын тексеру, баптау
- Зертханалық жұмыстың тақырыбы мен мақсатын жариялау
- Білімді бақылау және есепке алу
— Google дискке жүктелген интеллект карта тексеру
- Тіреулі білімдерін жаңғыртып түзеу
GoogleApps Script ортасында функция құру барысын түсіндіру. Google кесте & GoogleApps Script қосымшасын байланыстыру. Нәтижесін талдау.
- Тәжірибелік жұмысты орындау:
Жаңа тақырып бойынша студенттер берілген тапсырмаларды орындайды. Ойын шарты бойынша әр топ берілген деңгейлік тапсырмаларды мейлінше жылдам орындауы қажет. Әрбір командаға кестеге және Jamboard парақшасына сілтеме беріледі. Әр тапсырма топқа +1 балл әкеледі. Егер топ 5 балл жинаса топқа сертификат беріледі. Студенттің әрқайсысы тапсырманы орындаған соң нәтижесін Jamboard google қосымшасына скрин орнату қажет. 5-ші тапсырмада кестенің сілтемесі орнатылады.
- Білімді бекіту
Студенттердің сабаққа қатысуын ескеріп баға қойылады.
- Сабақ қорытындысын келтіру
Сабақты қорытындылау мақсатында топпен бірге Глоссарий толтырылады, үй
тапсырмасы
түсіндіріледі.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері |
Сабақтың жүргізу уақыты |
Оқытушының басқарушылық іс-әрекеті |
Әрбір кезеңдегі студенттердің іс-әрекеті |
Сабақтың әр кезеңінің құралдары |
|
2 мин
|
Студенттермен амандасу, сабаққа қатыстарын тексеру, қосымшаларының дыбыстарын қадағалау. Студенттердің сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта, назарларын ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын және жоспарын хабарлау. |
Студенттердің амандасуы, белгіленуі. Топ басшысының студенттер жайлы есеп беруі.
|
Zoom қосымшасы. Whatsapp web және Discord қосымшасы, журнал. Google презентация.
|
|
2-3 мин
|
Өтілген тақырып бойынша интеллект карта бойынша сілтемелерін алып, сабақтан тыс уақытта тексеру. Зертханалық жұмыстың өту талабымен таныстыру. Сабақ барысына қажетті сілтемелерді жіберу. Оқушылармен кері байланыс жасау. |
Студенттер дискке жұмыс дәптерлерінің сілтемелерін жібереді. Студенттер 3 топ арқылы бірігіп жұмыс жасайды. Нәтижесінде әр топта 5 сертификат болуы қажет. Әр орындалған тапсырма топқа +1 сертификат әкеледі. |
Discord қосымшасы, журнал. Google презентация. |
|
4-5 мин
|
Google Apps Script & Google кесте бойынша функция құру. |
Оқытушыны мұқият тыңдайды. Сұрақтар қояды. |
Discord қосымшасы Visual Studio Code Google диск Лабораторные работы, ОГЭ и ЕГЭ по информатике |
|
15-20 мин
|
4.1 Студенттер алдын ала бөлінген топтар бойынша әрқайсысы өз аудиториясына өтеді; 4.2 Зертханалық жұмыстың тапсырмаларын сілтеме арқылы ашып, топпен ақылдасып отырып тапсырмаларды бөледі; 4.3 Discord қосымшасында стрим құрып, тапсырмаларды орындайды. 4.4 Тапсырмаларды Visual Studio және Google Apps Script ортасында орындап, нәтижесін Jamboard қосымшасына және сілтеме бойынша орнатады. 4.5 Студенттердің жұмыстарын тексеру, бағалау. |
Уақытылы өз аудиториясына кіру. Алдарына мақсат қою. Visual Studio Code және Google Apps Script ортасында тапсырмаларды орындау. Нәтижесін Google кестеге бекіту. Оқытушымен кері байланыс орнату. |
Discord қосымшасы Visual Studio Code Google Apps Script Google диск Google кесте Лабораторные работы, ОГЭ и ЕГЭ по информатике |
|
2-3 мин
|
5.1 Алған білімдерін бекіту мақсатымен студенттер глоссарий толтырады 5.2 Сабаққа белсенділіктерін ескере отырып, бүгінгі еңбектерін бағалау. |
Өз білімдерін бағалау. Глоссарий толтыру Сұрақтарға жауап береді. |
Google кесте, журнал, |
|
2 мин |
Үйге тапсырма: Платформада тапсырма бөліміндегі Task6, Task7, Task8,Task9,Task10 Бағалау критерийі: «өте жақсы» бағаға барлық тапсырманы қатесіз орындау қажет «жақсы» бағаға кез келген 4 тапсырманы орындау қажет «қанағаттанарлық» бағаға кез келген 3 тапсырманы орындау қажет |
Үй жұмысын жазып алу |
Discord қосымшасы Visual Studio Code Google презентация college.sdot.kz платформасы |
қосымша – 1