Калькулятор бағдарламасы

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Калькулятор бағдарламасы туралы толық түсінік беру, іске қосу жолы, калькулятордың негізгі батырмалармен таныстыру. Оқушыларды калькулятор бағдарламасын пайдаланып есеп шығаруды үйрету.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылармен компьютерді пайдалана отырып,шығармашылығын,ойлау қабілетін дамыту,пәнге деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру,компьютерлік іскерлігін дамыту.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Интерактивтік тақта, компьютер, электронды оқулық, слайд, оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: аралас.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу, түгендеу.
Ә)Психологиялық дайындық.
2.Жаңа тақырып түсіндіру
3. Сабақты бекіту.
4. Бағалау.
5. Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:

Оқушылар: Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Мұғалім: Күндерің сәтті өтсін!
ІІ. Оқушылардың білімін жинақтау
Ой-қозғау: Балалар, біз әрбір  информатика сабағында ғарыш әлемімен танысып келеміз. Бүгінгі сабақта біз келесі ғаламшармен  таныс боламыз. Бірақ, біздің зымыранымызды ұшыру үшін келесі сұрақтарға жауап беру керекпіз:
1. Арифметикалық өрнек деген не?
Арифметикалық өрнек – бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар.

  1. Логикалық өрнек деген не?

Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады.
3. Алгебралық өрнек дегеніміз не?
Алгебралық өрнек – бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен операциялар.
4. Санды өрнек дегеніміз не?
Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады.
5. Арифметикалық операциялар белгілері?
+ (қосу), — (азайту), * (көбейту), / (бөлу)
Сұрақтарға дұрыс жауап берген соң, біздің зымыранымыз өз саяхатын бастады.
Балалар, біз жаңа ғаламшарға өзіміздің зымыранымызды қондырдық. Бұл ғаламшардың аты жасырылған. Оны декодтау үшін біз ASCII кодын пайдаланамыз.
3. ASCII коды бойынша ғаламшардың атын табу.
Ғаламшардың аты – КАЛЬКУЛЯТОР.
Енді біз  осы ғаламшармен  танысайық. Калькулятор ғаламшармен танысу  үшін біз осы  карта бойынша жүреміз.
Ең бірінші көрген нысан – Тарих мұхиты деп аталады.
Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушыларды тыңдау. 1 оқушы есептеудің тарихын айтады, ал екіншісі- калькулятордың пайда болуын түсіндіреді.
6. Екінші көргеніміз ол-Калькулятор аралы.
Калькулятор бағдарламасы – бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.

Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы

Калькулятор сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін  Windows-тың басқа бағдарламаларына  жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Калькулятордың екі түрі бар:

  • Қарапайым                 
  • Инженерлік

Іске қосу жолы:
Пуск – программы – стандартные — Калькулятор.
Калькулятордың терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі, терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет. Num Lock пернесінің міндеті — сандық режімде жұмыс істеу үшін, пернетақтаның қосымша блогын активті жағдайға келтіреді.
 Калькулятордың функционалдық батырмалары:
“Back Space” – соңғы ендірілген  санды өшіреді.
“C” – барлық ендірілген санды өшіреді.
“/” – енгізілген мәнді өшіреді.
“*” – ендірілген мәнді көбейтеді.
“+” – ендірілген мәнді  қосады.
“-“ – ендірілген мәнді азайтады.
“=” –  амал нәтижесін индикаторға шығарады.
Sqrt –  квадрат түбірін табады.
% — санның пайызын табады.
1/x – индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді.
Калькулятордың кейбір нәтижелері  сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадқа нөлден басқа сан болса, онда индикатордың астында  сол жақ терезеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа басқа мән енгізілсе, онда алдыңғы мән өшіріледі.
MR- жадтағыны өшіреді.
MC- жадтағы санды индикаторға көшіреді.
MS- индикатордағы мәнді жадқа жазады.
M+ — индикатордағы санды жадтағы санға қосады.
Калькулятор бағдарламасының көмегімен күрделі есептерді шешу үшін, калькулятордың инженерлік типін іске қосу жолдарын көрсету.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек.Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге орта мәндерді табуға, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды қолдануға болады.
Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық.
Hex (Hexadecimal) – он алтылық;
Dec (Decimal) – ондық;
Oct (Octal) – сегіздік;
Bin (Binary) – екілік.
Инженерлік калькулятордың қарапайым калькуляторлардан айырмашылығы – ауыстырғыш (дөңгелек) және жалауша (төртбұрышты) терезелері бар.
7. Келесі аялдама «Сергіту» деп аталады.
Сергіту сәті:      Орнымыздан тұрамыз,алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
8. Ал енді келесі аялдамаға барайық.
Оқулықпен жұмыс («Өзін орында!» тапсырмасын компьютерде орындау № 186 бет)

  1. 28535,2+759,43=29294,63
  2. 1863-558=1305
  3. 331*17=5627
  4. 18358/2=9179

Келесі аялдама:
Windows программаларымен цифрлық деректерді алмасу үшін алмасу буфері және Правка-Копировать,  Правка- Вырезать, Правка – Вставить командалары пайдаланылады.
Осы аялдаманың тапсырмасы: WordPad программасында сақталған файлды ашып, қажетті есептеулерді жүргізу.
Ғарышкерге ғарышқа ұшу үшін қажетті заттар тізімін жасап, барлығы қанша ақша жұмсалады екенің есептеу керек:

Курс $ = 150 теңге

 

 

Тауар аты

$
бағасымен

Теңге бағасымен

1

Ғарышкердің киімі

750

 

2

Шлем

350

 

3

Қолғап

100

 

4

Аяқ киім

270

 

5

Арнайы тағам

980

 

6

Су

500

 

7

Дәрілер қорабы

860

 

8

Гигиенаға қажетті заттар

764

 

Барлығы:

 

 

Курс $ = 150 теңге

 

 

Тауар аты

$
бағасымен

Теңге бағасымен

1

Ғарышкердің киімі

750

112500

2

Шлем

350

52500

3

Қолғап

100

15000

4

Аяқ киім

270

40500

5

Арнайы тағам

980

147000

6

Су

500

75000

7

Дәрілер қорабы

860

129000

8

Гигиенаға қажетті заттар

764

114600

 

Барлығы:

4574

686100

Келесі көрген нысан –
Мұнда біз  инженерлік калькулятормен жұмыс жасаймыз. Бірінші тапсырма: берілген сандарды басқа санау жүйесіне ауыстыр.

Dec

Bin

Oct

Hex

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

6

 

 

 

7

 

 

 

8

 

 

 

9

 

 

 

10

 

 

 

11

 

 

 

Dec

Bin

Oct

Hex

1

1

1

1

2

10

2

2

3

11

3

3

4

100

4

4

5

101

5

5

6

110

6

6

7

111

7

7

8

1000

10

8

9

1001

11

9

10

1010

12

A

11

1011

13

B

Екінші тапсырма: Сандар ондық санау жүйесінде берілген. Оларды басқа санау жүйелеріне көрсет.

Dec

Bin

Oct

Hex

419

 

 

 

77

 

 

 

51

 

 

 

15

 

 

 

1551

 

 

 

Dec

Bin

Oct

Hex

419

110100011

643

1A3

77

1110111

167

77

51

110011

63

33

15

1111

17

F

1551

11000001111

3017

60F

ІІІ. Сабақты бекіту:
« Пернелер қызметі» сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.

Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы

ІҮ. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың барысында оқушылар берген дұрыс жауаптарға жұлдыз беріледі. Сабақтың аяғында жиналған жұлдыздар бойынша оқушыларды бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы:
Оқулық &6.2, калькулятордың негізгі батырмалардың қызметін жаттау.
 Балалар, біз бүгінгі саяхатымызды аяқтадық. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Добавить комментарий