Кертік шығару

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҚАТ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Ашық сабақ

 

Тақырыбы:

Мамандығы: 0819000 «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы»
Біліктілігі: 0819012 «Лаборант»

Тобы: 179 топ, I курс

Өндірістік оқыту шебері: Журалиева Гүлдана Елтайқызы

 

2014-2015 оқу жылы

                   «Бекітемін»            
Мақат мұнай және газ технологиялық
колледжінің аға шебері:
________Т. Иманалиев

 

Өндірістік  оқу  сабағының жоспары

Топ  № 179        
Мамандығы «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»
Өндірістік  оқыту шебері:  Журалиева Гүлдана Елтайқызы
Бағдарлама тақырыбы: Слесарлық жұмыстар
Сабақ тақырыбы: Кертік шығару
Сабақтың  мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға ақпараттық құрылғыларды пайдалана отырып ішкі және сыртқы кертікті шығару туралы түсінік беру, сонымен қатар тәжірибе жүзінде жасатып үйрету
Тәрбиелік: Білімге өздігінен іздене білуге, жүйелілік пен мұқияттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Білім алушылардың жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін, жаңа сабақты жаңа қырынан тани білу дағдыларын дамыту
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ өткізудің әдісі: көрсете баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық және ішкі пән аралық байланыс: Физика,   еңбек қорғау, өлшеу- бақылау құралдары.  
Сабақтың материалдық және дидактикалық қамтылуы: Темір линейка, бұрыштамалар, тискі, метчик, плашка (лерка), вороток, мотор майы, күнбағыс майы, арнайы щетка,  цех ішіндегі техника қауіпсіздік нұсқаулары, ережелері, техника қауіпсізідк көрнекілік плакаттары, технологиялық  карта

Сабақтың өту барысы:.

I. Кіріспе нұсқауы (830-915)  ( 45 мин)
1. Ұйымдастыру бөлімі ( 2 мин)
1.1.Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру және сабаққа дайындалуын бақылау
1.2.Сабақты өткізу  тәртібі мен жүрісін түсіндіру кезеңі, кезекшілерді белгілеу
1.3 Жұмыс орыны бойынша орналастыру

2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. ( 10 мин)
а)Металды тесу дегеніміз не?
б)Металды тесу құралдарын атаңыз, сверло түрлерін атаңыз?
в)Сверло құрылысы?
г)Тесу кезіндегі қауіпсіздік ережелері?

3. Жаңа материалды түсіндіру (30 мин)
а) Кертік туралы түсінік
б) Кертік классификациясы
в) Кертік шығару құралдары
г) Кертік шығару әдісі
д) Кертік шығару кезіндегі қауіпсіздік ережелері

4. Білім алушыларды бағалау, критерии  хабарлау (3 мин)

II. Ағымдағы  нұсқау (180 мин)
Білім алушыларға тақырып бойынша технологиялық карталарды таратып, ішкі және сыртқы кертікті шығарту үшін төрт бригадаға бөлеміз. Төрт бригаданың бригадирін тағайындаймыз
2-ші сабақ(920-1005)
1- бригада: диаметрі 12х1,75мм болтқа сыртқы кертік шығару
2-бригада: диаметрі 12х1,75мм гайкаға ішкі кертік шығару
3- бригада: диаметрі 14х2мм болтқа сыртқы кертік шығару
4-бригада: диаметрі 14х2мм гайкаға ішкі кертік шығару

3-ші сабақ(1010-1055) Орындаған жұмыстары бойынша кеткен қателіктерін ескертіп, бригадалардың жұмыс орындарын ауыстыру
1- бригада: диаметрі 12х1,75мм гайкаға ішкі кертік шығару
2-бригада: диаметрі 12х1,75мм болтқа сыртқы кертік шығару
3- бригада: диаметрі 14х2мм гайкаға ішкі кертік шығару
4-бригада: диаметрі 14х2мм болтқа сыртқы кертік шығару

4-ші сабақ(1105-1150).  Диаметрлері 12 және 14 мм болтпен гайканың бір-бірімен байланысуын тексеріп, бригадалардың жұмыс орнын ауыстыру
1- бригада: диаметрі 14х2мм болтқа сыртқы кертік шығару
2-бригада: диаметрі 14х2мм гайкаға ішкі кертік шығару
3- бригада: диаметрі 12х1,75мм болтқа сыртқы кертік шығару
4-бригада: диаметрі 12х1,75мм гайкаға ішкі кертік шығару

5-ші сабақ(1200-1245)   Студенттер жаттығуларын алма – кезек орындап, жасалған бұйымды тексерту
1- бригада: диаметрі 14х2мм гайкаға ішкі кертік шығару
2-бригада: диаметрі 14х2мм болтқа сыртқы кертік шығару
3- бригада: диаметрі 12х1,75мм гайкаға ішкі кертік шығару
4-бригада: диаметрі 12х1,75мм болтқа сыртқы кертік шығару

III. Қорытынды нұсқау (1255-1340) ( 45 мин)
3.1.  Сабақты қорытындылау ( тапсырманың орындалуын тексеру)
3.2.  Жіберілген қателіктерді көрсету және оның себептерін талдау.
3.3.Жасалған жұмысына қарап студентті бағалау
3.4. Уйге тапсырма беру
Негізгі: Е.М.Муравьев «Слесарное дело» II- тарау 52 бет
Қосымша: http://www.bibliotekar.ru/slesar/index.htm    сайты
3.5. Жұмыс орнын тексеру

                                                                Өндірістік оқыту шебері:                       Г.Журалиева

Кертік шығару

   Машина құрылыс саласында әртүрлі детальдар өзара ажырамайтын және ажыратылатын болып бекітіледі. Ажыралмайтын қосылыстарға электр дәнекерленген, электр пайкленеген және өзара шегеленген детальдар жатады. Ажыратылатын қосылыстарға детальдардың өзара кертік арқылы бекітілуі жатады.
Кертік шығару дегеніміз – деталь бетіне арнайы құрал жабдықтар арқылы винттік ойық салу операциясы.
Кертік шығарудың екі түрі болады:

  • ішкі кертікті шығару
  • сыртқы кертікті шығару

Кертік шығару

Кертікті шығару құралдарына қарай бес түрге бөлінеді:
а) үшбұрышты кертік – шпилька, болт және гайкаларда шығарылады
Кертік шығару

б) тікбұрышты кертік және
в) трапециалы кертік
Бұл екі кертік көбінесе қозғалысты берілістерде, металл кесуші станоктарда, жүкті винттерде, слесарлы тискілерде шығарылады
Кертік шығару
Кертік шығару

г) өжет (упорная) кертік —  үлкен қысымды механизмдерде жасалады, мысалы, механикалық және гидравликалық пресстерде, домкраттарда және т.б

               
Кертік шығару

д) дөңгелек кертік —  темір жол вагонының тіркемесінде, су жүргізетін арматураларда,  көтергіш кранның ілмегінде кездеседі
Кертік шығару

Кертіктің классификациясы және негізгі белгілері

  • диаметрінің өлшем бірліктері (метрикалық, дюймдік);
  • бетке орналасуы (сыртқы және ішкі кертік);
  • винттік бетінің айналу бағыты (оң және сол);
  • батулардың саны (заход)  (бірбатулы және екібатулы);
  • профиль (үшбұрышты, трапециялы, тікбұрышты, дөңгелек және басқалары);
  • кертік орналасқан беті (цилиндрлік және конустық кертік)

 Кертік шығару

                                              Цилиндрлік кертік сызбасы

 

Кертік шығару

 

Конустық кертік сызбасы

      Кертік шығару құралы екі топқа бөлінеді:

  • метчиктер – бұл ішкі кертіктерді, гайкіге кертік шығаруға арналған.
  • плашка – сыртқы кертікті, яғни бұранда кертік шығаруға арналған.

       Ішкі кертік көбінесе бұранданың гайкасына шығарылады. Кертік шығару үшін кертік қадамына орай сверло таңдай білу керек. Жөндеушінің қол метчигі – детальға қолмен кертік шығару үшін қолданылады.
Метчиктің екі түрі болады. №1 орташа кертік шығару үшін, №2 метчик детальға толық дәл кертік шығару үшін қажет.
Метчик винт тәріздес кесуші тістері бар, бірнеше канавкалары бар кертік шығаруға арналған құрал болып табылады.
Метчиктің кертік шығару өлшемін білу үшін оның номерінен айыруға болады: мысалы метчикте 12х1,5мм деген жазу болса, бұл ірі кертік деп айырамыз.
Метчик екі бөліктен тұрады: жұмысшы және құйырықшасы. Құйырықша – вороток көмегімен метчикті қозғалысқа келтіретін бөлігі. Құйырықшада кертік өлшемі және қадам номері көрсетілген.
Жұмысшы бөлігі – кертік шығаратын кескіш тістерден және жаңқа (стружка) шығатын канавкалардан (ойық) тұрады. Жұмысшы бөлігінің ұшы үшкір болса, ол №1 яғни орташа кертік шығаруға, ал ұшы доғал (тупой) болса, ол  №2 яғни толық кертік шығаруда. Материалы инструментальды стальдан жасалады.
Кертік шығару
 
Метчик құрылысы

М14- диаметрі (мм)
2 – қадамы (мм)

 


 М1 — 0,25
М1,2 — 0,25
М1,4 — 0,3
М1,6 — 0,35
М1,8 — 0,35
М2 — 0,4
М2,2 — 0,45
М2,5 — 0,45
М3 — 0,5
М3,5 -0,6
М4 — 0,7
М5 — 0,8
М6 — 1
М8 — 1,25
М10 — 1,5
М12 — 1,75
М14 — 2
М16 — 2
М18 — 2,5
М20 — 2,5
М22 — 2,5
М24 — 3
М27 — 3
М30 — 3,5
М33 — 3,5
М36 – 4


 

      Плашка (лерка) сыртқы кертікті қолмен шығаруға арналған құрал.
Плашка конструкциясына қарай үш түрге бөлінеді: тұтас плашка- 4 канавкасы бар кертік тістерінен тұрады; домалақ кесілген плашка– арнайы бұрғы қондырғысының құбырларына кертік шығаруға арналған; жиналмалы (жылжымалы) плашка – 2 бөліктен тұрады және өлшеміне қарай жылжытылып реттеліп тұрады;

Кертік шығару

Плашкалар: а-домалақ бүтін; б- домалақ кесілген; в-жиналмалы

Кертік шығару

 

Воротоктар: а – домалақ плашка үшін; б- жиналмалы плашка үшін

Кертікті шығару әдісі
Кертікті шығармас бұрын, материалдың қандай екенін көз жеткізуіміз керек. Оның бұрғыланған орнын өлшеп, соған метчик даярлаймыз.
Егер де материал қатты болса, кертік шығарғанда метчик қызып кетпеу үшін,  метчикке олиф, мотор майын немесе қайнатылған күнбағыс майын жағу арқылы  кертік шығарамыз. Алюминий материалдарына керосин, мыстарға скипидар майын жағамыз. Қола мен шойынға кертік шығарғанда құрғақтай шығаруға болады.
Тесілген гайка загатовкасын (дайындамасын) тискіге жақсылап бекітіп, метчикке май жағып, оған вороток кигізіп, кертік шығару операциясын  іске асырамыз. Алдымен №1 метчикті пайдаланамыз, кейін  №2 метчикпен толық кертік шығарамыз
Ал плашкамен кертік шығарғанда болт загатовкасын (дайындамасын) тискіге түзу қысып, майды загатовкаға жағамыз, плашканы корпусына орнатып, екі жағынан винтпен бкітіп, содан кейін кертік шығаруды іске асырамыз.

Кертік шығару кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау жолдары: кертік шығару кезінде верстак үстінде кедергі жасайтын арттық заттар болмауға тиіс. Киім жеңіл және ықшамды болу керек, кертік шығару құралдары жарамды болу керек, кертік шығарғанда содан шыққан жаңқаны қолмен немесе ауызбен тазалауға болмайды. Арнайы щеткамен тазалайды. Верстаққа болтты немесе гайканы орташа қатты қысу керек, метчик және плашканы жұмыс жасап болған соң арнайы щеткамен жаңқаларды тазартып, құрғақ материалмен сүрту керек. Жұмыс орнын тазалап, верстакты, тискінің майын сүртіп тазарту керек.     

Добавить комментарий