Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектеп
Тлебалдина Мархабат Бакытбековна
Даярлық топ тәрбиешісі
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық
Оқу іс — әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты: Көктем айында айналада болатын өзгерістер жайлы, балалардың түсініктерін кеңейте және анықтай түсу, басқа да айлармен салыстыру. Табиғат құбылыстарына бақылау жасата отырып, туған жерге сүйіспеншілік пен қамқор көзқарасқа бағыттау, сурет арқылы әңгіме құрата білуге үйрету.
Әдіс — тәсілдері: сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: Суреттер, нақыл сөздер
Әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс — әрекеті
І ұйымдастыру
Шаттық шеңберін құру
Дөңгеленіп шаттық шеңберін құрады.
Мейрімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Апай сізді көргенімізге қуаныштымыз
Іздену
Ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс — әрекеті:
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру
— қазір жылдың қай мезгілі?
— көктем мезгілі
— көктемнің қай айы?
— сәуір айы
— сәуір айы туралы қандай мақал білеміз?
— сәуір болмай, күн тәуір болмас.
— балалар өлеңді жаттап алады
— Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп — үлкен боп өседі
— балалар жағымды, жағымсыз жағдайларын айтады
— балалар көктем мезгіліне әңгіме құрап айтады
— Ханшайым келеді балалар ханшайымды қарсы алады
— Суретті әдемі етіп бояйды
Тәрбиешінің іс — әрекеті
— аптаның нешінші күні?
Жұмбақ жасыру
— күн ұзарып,
қар еріп.
Су сайларға толады
бұл қай кезде болады
— көктем
Көктем туралы өлең оқу
Көктем, көктем көктемде
Құстар ұшып келгенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Сергіту сәті
Көктемнің жағымды жағымсыз жағдайларын айтқызу
Көктем туралы әңгіме құрау
Ғажайып сәт
Суретпен жұмыс бәйшешектің суретін салып әдемілеп бояйды
Қорытындылау
Жарайсыңдар балалар, сонымен көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады екен? Балалар бүгін сендер өте тамаша жауап бердіңдер. Енді көктем ханшайымын шығарып салайық.
Рефлексивті коррекциялаушы
Оқу іс — әрекетінен күтілетін нәтиже:
Баланың Білуі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі
Баланың меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрайды
Баланың жасай алуы: Сурет сала алады, әңгіме айтады.