Көңілді қыс және қысқы ойындар

Сабақтың тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Сабақтың мақсаты: сурет бойынша балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын байыту,тәрбиешіні тыңдай отырып өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу; бүлдіршіндердің қыс, қысқы ойын туралы түсініктерін бекіте отырып ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту,сурет салудың дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу іс-әрекеттеріне қызығушылықтарын арттыру,балалардың саусақ моторикасын дамыту; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне ойынға деген қызығушылығын арттыру; әңгімелеу кезінде өздеріне ұнаған көркем бейнелі сөздерді тауып айтуға жаттықтыру; балаларды адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: кіріктірілген оқу іс-әрекеті, жаңа ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Көрнекілік: бейнелеу үлгілері,слайд арқылы көрсету ( «Көңілді қыс және қысқы ойындар»),қар,мұз,көк,парақ,гуаш,су,мақта,тіс пастасы,дымқыл сүлгі.
Қос тілдік компонент: Қыс-зима, қысқы ойындар-зимние игры, Ақшақар- Снегурочка.
Барысы.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Моивациялық-қозғаушы
Ұйымдастыру
— Балалар,қараңдаршы,айнала аппақ қарға ораныптв.
— Сендер де сондай әдемі болып кетіпсіңдер.
— Ой,балалар,қараңдаршы,бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті.
— Бүгін біз сендермен көңілді қыстың қызықтарын қызықтаймыз.
Қане,олай болса қазір біз мына әдемі жүрекшені айнала жүріп бір-бірімізге жылы лебіздерімізді жолдайық.
Балаларды орындарына жайғастыру.
— Қане,балалар, енді біз әдемі болып отырайық. Қазір мен сендерге бір өлең оқып берсем деймін.

Балалар қызыға қарады.

-Сен әдемісің,ержүрексің,
Инабаттысың,сұлусың,
Жауынгерсің,мергенсің,
Батылсын,тәртіптісің,ақылдысың

Ұйымдастыру- іздестіру Қыс туралы өлең оқылады.
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып балалар ойнайды.
Кейде ұлып,кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы,балалар,бұл қай кезде болады?

Балаларға слайд арқылы қыстың суреттерін және қысқы ойындарды көрсету.
— Айнала қандай?

— Қар қандай?

— Ал мұз ше?

— Ауа қандай?

— Терезелерде не бар?

— Қыс қандай болады?

— Мұның барлығы қай кезде болады?
— Балалар,қыста қар жауады. Қане,қардың түсін бақылайықшы: қар аппақ болады,суық,жұмсақ,қолға ұстасақ ериді.
Қар ерігенде қызықты түрлі түсті мұздарды жасауға болады.
Тәрбиеші балаларға алдын ала дайындалған қарды көрсетіп,ол ерігенде суға айналғанын көрсетеді.
Түрлі түсті бояу қосып,судың мұз болып қатқанын бақылайық. (Суды далаға шығарып қоямыз).

Суреттерді көрсете отырып:
— Орманның тұрғындарын айтыңдаршы?

Балалар тақпақ айтады.
1 бала:
Қыс қызығын қарсы алайық,
Би билейік ән салайық.
Топ-топ басайық,
Шарт-шұрт қол соғайық.

2 бала:
Лебі мұздай ызғарлы
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды

3 бала:
Жапаллақ қар себелеп
Аспан астын қаптаған
Секілді көп көбелек,
Қонарға жер таппаған.
4 бала:
Өстіп,міне,қыс түсті,
Бола қалды дала аппақ.
Қар лақтырып үсті-үсті
Балалар жүр далақтап.
5 бала:
Май тоңғысыз күн қандай,
Жаз өтті деу қиын-ақ
Күн әзілдеп тұрғандай
Қыс киімін қиіп ап.

Жұмбақ жасыру
1. Қолы жоқ,сурет салады,
тісі жоқ ,тістеп алады

2. Қыста ғана болады
Ұстасаң қолын тонады.

3. Қанаты жоқ ұшады,
Ауызы жоқ,ұлиды.
Біз бәріміз де қысты және қысқы табиғатты жақсы көреміз.
Өте жақсы,балалар,енді біз тілімізді жаттықтырып жаттығу жасайық.

Фонетика- Фонетикалық жаттығу

Ыс-ыс-ыс,келді қыс.
Ан-ан-ан,соқты боран.
Ар-ар-ар,үлпілдек қар.
Ты-ты-ты,аяз қатты.

Балалардан қысқы ойындарды сұрау.

Сергіту сәті
Жан-жағымызға қарайық,
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты.
Р-р-р-р-р
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп.
Қорықпаңдар,балалар,
Қар лақтырып ойнандар.

Біздің түрлі түсті суларымызға не болды?

Ауыл алды Ақшақар.
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала
Жалқауы жоқ жұмысқа.

Ой,балалар,бізге қонаққа біреу келе жатыр екен. Бүгін бізге қонаққа Ақшақар келіпті.
-Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен сендермен ойнайын деп келдім.
Ең алдымен сендер осы қар бұршағында жазылған сұрақтарға жауап берулерің керек.
Сұрақтар
1. Қыс қандай?

2. Қар қандай болады?

3. Күн сәулесінде қар қандай болады?

4. Қыста өзендер мен көлдер қайтеді?

5. Қай ағаш қыста да,жазда да жасыл түсті болады?

-Ақшақар,балалар дұрыс жауап берді ме?
-йә,дұрыс

Ақшақар:
Дала өте суық екен.
Біз тоңып барамыз.
Денемізді қыздырып ойын ойнайық
Ақшақар ойын ойнатады.
Қыздырайық денені,
Кел,балалар,кел бері.
Қыздырайық денені
Орнымызда тұрып-ақ.

«Қатырмақ» ойыны
Балалар шеңбер жасаптұрады,бір бала шығып:
«Қатырам-қатырам,беттеріңді қатырам» деп айтады. Қалған балалар сол айтқан дененің бөлігін қолдарымен жабады.
-енді біз Ақшақарға әдемі сурет салайық.
Балалар, бүгін біз дәстүрлі емес түрмен сурет саламыз.

Ұжымдық жұмыс
Ондай болса екі топқа бөлініп отырайық
Қызыл түсті топқа тапсырма
Тіс пастамсымен,бармақтың ұштарымен жұмыс.Қағазға қар салады.
Сары түсті топқа тапсырма
Гуаш,мақтамен жұмыс. Қағазға қар салады.
Жасалған жұмысты талдау.

Тосын сәт
Ақшақар май шамды жағып айтады.
-Бұл жай шам емес,бұл сиқырлы шам. Сендер тоңбасын деп мен алып келдім. Бұл шам неге жанбай тұр,қане мен көрейін…
Сол кезде шам жанады,ар жағында сыйлық тұрады,соны балаларға Ақшақар береді.

— Бұл қыс кезінде болады.

Балалар қызығушылықтарын танытты.

— Айнала аппақ.

— Қар ақ түсті болады. Ұлпа қар,омбы қар,жапалақтап жауатын қар. Ол қолға ұстаса ериді.

— Ал мұз аппақ,жылтыр.

— Ауа таза.

— Терезелерді қырау басады.

— Қыс суык,ызғарлы,қарлы ,боранды,аязды болады.

— Қыста болады.

Балалар қызығушылықпен қарады.

Аю,қақыр,түлкі,қоян,тиін,құстар.

— Аяз.

— Қар.

— Боран

Балалар келісім береді.

Балалар топпен қайталадйы.

Шанамен сырғанаймыз,шаңғы,коньки тебеміз,хоккей,қар лақтыру ойынын ойнаймыз.Қардан аққала жасаймыз.

Қимыл-әрекет бойынша сергіту сәтін жасау.

Балалар аңдарға қар лақтырып қызыға ойнайды.

— Су түрлі түсті мұзға айналады.

1. Суық,аязды,қарлы,мұзды.

2. Ақ,мамық,суық,жұмсақ.

3. Күн сәулесінде жарқырайды.

4. Көлдер мен өзендер мұз болып қатады.

5. Шырша мен қарағай.

Балалар ойынды қызыға ойнады.

Балалардың көңіл күйі көтеріліп жұмысқа кіріседі.

Балалар тіс пастасы мен мақтаны қолдана отырып бармақтың ұштарымен Ақшақарға қар жасады.

Балалар Ақшақарға қарап таңғалды.
Оның әкелген сыйлықтарына қуанды.

Рефлксивті-түзетушілік Ақшақар балаларға сыйлықтар береді,қоштасып шығады.
Балаларды мадақтау.
Балалар іс-әрекет барысында алған білімдерін ортаға салады. Балалар Ақшақармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже Нені біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерін,табиғат құбылыстарын және қысқы ойын түрлерін,қардың қасиеттерін білу (мамық,ұлпа,суық,ериді,жылтырайды,қатады). Қандай түсініктерді игереді: дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері қолдану арқылы тіс пастасымен,мақтамен бейнелеуді игерді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалар тәрбиешіні мұқият тыңдады; сурет бойынша әңгімелей білуді үйрену

Добавить комментарий