Көмектесе білейік

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі:
Тулеугалиева   Мухадяс   Мусатаевна
1-сынып
Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Көмектесе білейік»
Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
-Мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;
-Қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;
-қайырымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, слайдтар, суреттер.
Сабақтын түрі: сахналау.
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері:  «Не үшін?» Қ Мырза Әли.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін!
2. Жағдаяттарды талдау:
Суреттерді салыстырып, қайсысы көмек екенін ажыратыңдар:
1.Алма бағында.
2.Балыққа жам шашу.
3.Асық ойнау.

3.Сахналау: «Достық көмек».А) Суретке қарап әңгіме құрастырыңдар. Балалардың бір-біріне қалай көмектескенін сахналап беріңдер. Балаларға ат қойыңдар.
 Б) Сұрақ-жауап:
1.Сендер осы баланың орнында болсаңдар, кімнің көмегін қабылдар едіңдер?
2.Қай бала шын достық көмек көрсеткісі келді?
3.Сендер «көмек», «көмектесу» дегенді қалай түсінесіңдер?
4.Сендер кімге, қандай жағдайда көмек көрсеттіңдер?
(Мұғалім балалардың пікірлерін тыңдап, талдап қортыңдылайды).
4) Мәтінмен жұмыс:  Ертегі: «Арыстан мен тышқан»
(Мұғалім ертегіні мәнерлеп оқып береді)
       Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді.
Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын», -дейді ол. Арыстан тышқанның «жақсылық жасаймын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.
      Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып: «Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің» — депті.
Көрдің бе, кішкентай тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.
(Мұғалім ертегі мазмұны бойынша балаларға сұрақтар қояды)
Ойын. «Көмектесе білейік»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойынның шарты бойынша мұғалімнен допты қағып алған бала өзінің берген көмегі туралы (қолғабыс болсын, сөзбен көмек болсын, ақыл айту көмегі болсын) айтуы  қажет екенін түсіндіреді. Мұғалім өз тарапынан көрсетілген «көмек» туралы айтып, «Мен сіздерге оқуға көмектесемін» айтып бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала өз тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтып келесі балаға допты лақтырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
      Келесі тапсырманы орындау үшін мұғалім балаларға «Жанұядағы көмек» «Дотық көмек», «Өз-өзіне көмек» деп жазылған карточкалар таратылады. Дәл осылай карточкалар үш партаның бетінде болады. Сонымен балалар карточкадағы жазумен өз парталарын тауып, үш топқа бөлінеді.
Тапсырма: «Көмектесе білейік»
Нұсқау: Әр топтың алдында кесте парағы және жұмыс конверті жатады. Кесте шеңбер мен одан тараған 5 сызықтан тұрады. Шеңберлерде  «Жанұядағы көмек», «Достық көмек», «Өз өзіме көмек» деген көмектесудің түрлері жазылған. Ал, конверттерде тақырыптағы қатысты сөздер карточкаларда жазылып, араластырылып беріледі. Топтар берілген 5 минуттың ішінде ақылдасып, өз тақырыптарын ашатын сөздерді тайып, шеңбердің айналасына жабыстырады.
«Жанұядағы көмек» деген конвертте: өзімнен кейінгі іні-қарындастарымды ойнатамын, анама көмектесемін, бос уақытымда кітап оқимын, ыдыс жуғанды жақсы көремін, гүлге су құямын, далада көп ойнаймын, сабақтан бестік баға алып ата-анамды қуантамын, ата-анамды тыңдаймын.
«Достық көмек» деген конвертте. Досыммен жиі ұрысамын, досым екеуміз қиын сабақты бірге оқимыз, достарыммен әрдайым тату жүремін, достарымды жақсы көріп, сыйлаймын, жалғыз ойнағанды жақсы көремін, достарым көп болғанын қалаймын, досыма қиындықта көмектесуге дайынмын.
«Өз-өзіне көмек» деген конвертте. Әрдайым дене шынықтырумен айналысамын, бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын, азанда салқын сумен шайынып, тісімді жуамын, киімімді тазалаймын, өтірік көп айтамын. Кітапты көп оқимын.  Соңында әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды, талдау жасалады.
Сұрақтар:
—          айналаңыздарға көмек көрсеткенде сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
—          көмек алған адамдар не сезінеді?
(оқушылардың жауаптары)
  Жүректен-жүрекке
Әр оқушының орындығында алдын-ала дайындалған газдалған шар ілініп тұрады. Алдарында қағаздар қиылған көбелектер мен көгершіндердің суреттері тұрады.
Мүғалім:
—          Балалар бүгін біз  сабақты  достық, қамқорлық, көмек, жақсылық туралы тапсырмалар орындадық. Болашақта  өз мемлекетіміздің көркейіп, өсуіне қандай тілектер айтасыздар… Соны көбелектер мен көгершіндерге жазып, шарға байлаңыздар. Сіздер кішкентай, таза періштесіздер. Сіздердің айтқан тілектеріңіз әрдайым орындалады. Олай болса осы жазғандарыңызбен  осы отырған ағай, әпкилердің қолдарынан ұстап, мектеп алаңына  шығып, сіздердің жазған тілектеріңізді бүкіл әлем хабардар болсын, көрсін деп көк аспанға ұшырамыз.
 
Келген қонақтар мен оқушылар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрып, «Дос болайық бәріміз» атты өлең орынладалы.
 5) Ойын ойнау: «Ақылды ағаш»
Ойын шарты: Өсіп тұрған ағаштын жапырақтары күзде сарғайып түсіп қалған, ол жаман жапырақтар. Неге? Балалар бір-бір сарғайған жапырақтардын астын оқиды, онда жағымсыз сөздер жазылған (ақымақ, жылауық, еріңшек, жалқау, өкпешіл, өтірікші) осы жапырақтарды лақтырып тастап, ағашқа жаңа жасыл жапырақтарды іледі, онда жағымды сөздер жазылған, балалар сөздерді оқып ағашқа іледі : «Қайырымды бала», «Мейірімді бала», Әдепті бала», «Рақымды бала», «Қамқор бала», «Сыйлағыш бала».

Бақ ішіне өзің таңдап                                            Осы өмірге келген адам
Мені баптап отырғыздың                                     Жақсылықтың белгісі
Қуанышта шек болмады                                       Кішілерге қамқорлыққа
Күнде сені көру маған                                           Келеді екен әр қашан
Үлкен өмір сыйы болды                                       Сені бүгін бақ ішіне
Күттің, өсірдің қамқорыңды көрсеттің                Өсіремін, баптаймын
Мен де саған жемісімді                                         Арамызда тек қуаныш
Сыйлық етіп беремін.                                            Болсын екен әрқашан.
 6) Жүректен жүрекке:
           Ән айту: «Біз бақытты баламыз».
Жүректен-жүрекке
Әр оқушының орындығында алдын-ала дайындалған газдалған шар ілініп тұрады. Алдарында қағаздар қиылған көбелектер мен көгершіндердің суреттері тұрады.
Мүғалім:
—          Балалар бүгін біз  сабақты  достық, қамқорлық, көмек, жақсылық туралы тапсырмалар орындадық. Болашақта  өз мемлекетіміздің көркейіп, өсуіне қандай тілектер айтасыздар… Соны көбелектер мен көгершіндерге жазып, шарға байлаңыздар. Сіздер кішкентай, таза періштесіздер. Сіздердің айтқан тілектеріңіз әрдайым орындалады. Олай болса осы жазғандарыңызбен  осы отырған ағай, әпкилердің қолдарынан ұстап, мектеп алаңына  шығып, сіздердің жазған тілектеріңізді бүкіл әлем хабардар болсын, көрсін деп көк аспанға ұшырамыз.
  Келген қонақтар мен оқушылар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрып, «Дос болайық бәріміз» атты өлең орынладалы.

Добавить комментарий