Квадрат теңдеулер арқылы есептер шығару.

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Ашимова Кулизат Солтановна
1санатты математика пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 8 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер арқылы есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Квадрат теңдеулер түбірінің формуласын қайталау.
Квадрат теңдеулердің дербес жағдайларын шешу.
Виет теоремасынқолдана білу.
Квадрат теңдеугекелтіретінтеңдеулердішешу.

Сабақтыңтәрбиелікмақсаты:

Оқушыларда оқылатын деректерге қызығушылық жән еынтасын ояту.
Шығармашылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушы мақсаты:

Оқушылардың алған білімдерін жетілдідіру және дамыту.
Оқушылар білімдерін өздері қортындылап өз ойларын айтуды дамыту.
Сабақ типі: Өтілген материалдарды пысықтау.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, карточкалар, бағалаупарағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу: Оқушылар үлкен және кіші шеңбер бойымен тұрып жұптасып амандасу.
2. Психологиялық ахуалды қалыптастыру: «Өзіңізге тілегенді, өзгелерге тілеңіз» (оқушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолын алып, жұбына жақсы тілегін айту керек)
3. Топқа бөлу (геомертиялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) тест (компьютерде орындау)
Ә) Үйге берілген есептің жауабын интерактивтік тақтада көрсету, оқушылар бірін- бірі тексереді. / 1 слайд/

ІІІ. «Фишбоун» стратегиясы бойынша сабақтың тақырыбын ашу /2 слайд/
Басы- тараудың тақырыбы
жоғарғы сүйектері – тақырыптың мысалдары,
төменгі сүйектері – мысалдарға түсініктеме,
құйрығы – қорытынды, яғни қандай тақырыпқа есептер шығарамыз.

IV. Есеп шығару кезеңі

А) Шығармашылық жұмыс : ОЖСБ ға дайындық
(Тест жинақтарынан әр топ оқушылары тақырыпқа сай есептер тауып тақтаға шығарады)
Ә) Топ жетекшілері ұяшықта жасырылған тапсырмаларды таңдап тақтада орындайды. Оқулықпен жұмыс №206 (2) , №207 (1), № 209 (2), № 210 (1) /3 слайд/
Б)Жекелеме оқушыларға « Технологиялық тірек карта» — дан тапсырмалар беріледі. /4 слайд/
(жауабы интерактивтік тақтада көрсетіліп топ жетекшілері тексереді)
Үйге тапсырма : тест тапсырмалары 6-15 70-71 бет

Сабақты қорытындылау: Оқушыны бағалау.Топтар арасында өзара бағалау(«екі жұлдыз, бір тілек» арқылы)

Добавить комментарий