Әліппеге мың алғыс

 Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Бостандық орта мектебі

«Әліппеге мың алғыс!»

Дайындаған:Нұрмуханбетова А.А.

Егінбаева Қ.Б

Әліппеге мың алғыс

Мақсаты: Оқушылардың сауат  ашу пәнін  оқу барысында алған білімдерін   тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

5) Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.  

—    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Бар білімнің бастауы

Білімдегі жарық не?

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

—    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:       Әліппе.

Әліппе:

Менің атым —  Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Аған менен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық.

Самира

Біз білімді баламыз

Күнде бестік аламыз

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақты бастаймыз

Біз 8 баламыз

Бүгін неше аламыз?

Бір керегі жоқ,

Екі керегі жоқ

үш керегі жоқ,

Төрт орташа,

Бес тамаша!

1-оқушы. Самира

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

2-оқушы. Жалғас

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы. Алихан

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр дол

Тырысып бақ намысқа

4-оқушы. Санжар

Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып Сөйлеттің

5-оқушы. Қуат

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан,

Әліппе білім бесігі.

6-оқушы. Әзірет-Әли

Әліппем, менің Әліппем

А деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

7-оқушы. Ерсултан

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

8-оқушы. Томирис

Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат,

Оқулықпен достассақ

Әліппемен қоштаспақ

Өсті білім бойымыз.

Хормен:Құтты болсын тойымыз.

1.Тақтада берілген сөздерді оқып,неше буын бар екенін айтыңдар.

Мұғалім, Республика,Дәрігер,Кітапхана,Сабақтар,Балалар

Сыйлықтар,Жазушы, Күн,Ай,Қала,Күнделік,Мұғалім,Қыркүйек,Асхана, Ат

Қане бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық.

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

1-оқушы. Самира

-Ата, зейін салдың ба?

Бар әріптің алдында

Неліктен «А» тұрады? –

Деп бір күні сұрадым.

Атам менің сауатты

Былай берді жауапты:

-Ата,

Ана,

Ақыл,

Ар,

Адам…

«А»-дан басталар.

Содан шығар, Құрбаным,

«А»-ның алда тұрғаны!..

2-оқушы. Ерсултан

Ә»Әже,әке әніміз

Әрқашанда сеніміз

Енді білдік әдемі,

«Ә»әрпінің мәнін біз.

3-оқушы. Томирис

«Б» Бостан босқа ойнама,

Бидай толтыр қоймаңа

Бақа, балық, ботақан

Тағы сөз тап ойлана.

4-оқушы. Әзірет-Әли

«Г» Гүлдер,гүлдер көп гүлдер

Өте берсін көп күндер

«Г» дыбысын үйреніп

Гүлге қарап өсіңдер.

5-оқушы. Жалғас

«Ғ» Ғасыр,ғылым ғаламшар,

Ойлаған ғалым адамдар

Ғарышкерлер ұшқанда

Жасайды ғажап қадамдар

Ғалым-жаңалық ашатын адам

Ғаламшар-аспан әлемі.

6-оқушы. Санжар

«Д» Добым-добым домалақ,

Домалатсам жоғалат

Домбырамен күй тартып,

Қой қамадым қоралап.

7-оқушы. Алимхан

«Е»Ерлік,еңбек елдікпен,

Егеменді теңдікпен

Емендей мықтымыз,

Біріккен белдікпен.

8-оқушы. Қуат

«Ж»Жан-жағыма жантайдым,

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» әрпін жаздым жа

Жарға қарай шалқайдым

Әліппе:Жарайсыңдар  балалар өлең,тақпақ білесіңдер екен.

Ал мен сендерге тапсырмалар әкелдім.

Әліппе:-жарайсыңдар балалар,ал  буын неге байланысты

2 тапсырма

Жуан дауысты  әріптерді табыңдар.

А,о,ұ,ы

Жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар

Ә,ө,ү,е,і

3 тапсырма

Мақал   мәтелдерді оқыңдар

3-оқушы. Алимхан

1 дегенім- бесік,

Шықтың содан өсіп.

 2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім.

4-оқушы. Томирис

3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5-оқушы. Әзірет-Әли

5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын бақыт.

6-оқушы. Ерсултан

6 дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7-оқушы. Санжар

7 дегенім – жалау,

Жүректегі алау.

8-оқушы. Қуат

8 дегенім – сөзің,

Серт беретін кезің.

9-оқушы. Жалғас

9 дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10-оқушы. Самира

10 дегенім – Отан,

Қорға соңы, ботам.

Өрнектердің мәнін тап

Салыстыру

Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

Ал енді шағын концерттік бағдарлама

Ән: «Қошақан»

Би: ұлдар тобы «Алға қазақ жігіттері»

Көрініс: «Кітап ескірмейді»

Би: қыздар тобы  «Айголек»

Ән: «Үйретеді мектепте»

—    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

—    Қош сау болыңдар.

Әліппеге мың алғыс
Скачать презентацию [attachment=197]
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс

Добавить комментарий