Ұлтаралық толеранттылық

Сабақтың тақырыбы:Ұлтаралық толеранттылық
Сабақтың мақсаты: ұлтаралық толеранттылық түсінігіне тоқталып, Қазақстан жеріндегі ұлтаралық қатынастыр жайлы мәлімет беру

Сабақтың көрнекілігі:  слайд, бейне баян

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. 

ІІ. Қызығушылықты ояту.

«Даралықты бағалай білеміз бе?» жаттығуы

Мақсаты: даралықты бағалай білуге үйрету

Жаттығу барысы:

Оқушылар дөңгеленіп отырғызылады. Қолдарына қағаз қарандаш беріледі.

  1. 1.     Ойын басында мұғалім: «Біз кейде өзгелермен бірдей болғымыз келеді, өзгелерден ерекшелігіміз болса соған уайымдап, қайғырамыз.Бірақ біздің жеке даралығымыздың да маңызы зор. Өз даралығымызды бағалай білуіміз керек.
  2. 2.     Оқушылардан олардың айналасындағылардан ерекшеленетін үш белгісін жазуын сұраймыз. Бұл мінездері, қнерлері т.б. болуы мүмкін.
  3. 3.     Оқушыларға түсінікті болу үшін өз өміріңнен мысал келтір. Мысалы: менің басқалардан даралығым менің жан-жақтылығым, үнемі күліп жүретінім, кез-келген адамға көмек көрсетуге тырысатыным.
  4. 4.     Оқушылар өз аттарын жазып, тапсырманы орындайды.Оқушыларға әр оқушының жазғаны оқылады, қалған оқушылар кім жазғанын тауап алатынын ескерту керек.
  5. 5.     Парақтарды жинап алып, әр адам өзінше ерекше, сол ерекшеліктерімізбен  бір-бірімізге қызықпыз.

Мұғалім парақшаларды оқиды, оқушылар кім жазғанын тауып алуы керек.

Мұғалім: оқушылар көрдіңіздерме біздің әрқайсымыздың өз ерекшеліктеріміз бар. Біз сан түрліміз. Біздің мемлекетімізде де тұратын ұлттар әртүрлі. Әр ұлттың өз ерекшеліктері, салт-дәстүрлері  бар. Біз айналамыздағы адамдардың ұлтына қарамай әрқашан түсіністікпен, шыдамдылықпен қарап, дос болуымыз керек. Олай болса назарларыңызды экранға аударыңыздар.

(бейне баян №2)

ІІІ. Мағынаны ажырату

Қазақстан тұрақтылық пен
татулықтың ордасы.

Елімізде ұлтаралық татулықтың негізін құрайтын, қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейі  толеранттылық – үлкен құндылық

—  Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады.

—  Қазақстан жерін мекендейтін халықтардыңдостық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды.

—  Мұнда Түркиятәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтінұлттық мемлекетке айналған. 

—  Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. 

Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. 

 

 

келісемін

келіспеймін

Жауап беруге қиналамын

Адамды ұлтына қарап емес, оның адамшершілігі жағын ғана  мінеу керек

 

 

 

Қазақстан жеріндегі барлық ұлттарда өз тілдерін, діндерін ,салт-дәстүрлерін сақатауда мүмкіншіліктері бірдей

 

 

 

Қазақстан жеріндегі барлық ұлттар қазақ тілін жетік меңгеруі керек

 

 

 

Кейбір ұлттардың өкілдерін үкіметке басқарушы қызметке орналастырмау керек

 

 

 

Қазақстан-көпұлтты мемлекет. Оның президентінің қазақ болуы маңызды емес.

 

 

 

Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан жерінде мекендеуіне тыйым салу керек

 

 

 

Қазақ жерінің нағыз патриоты тек қазақ  баласы ғана болады

 

 

 

Ұлттар арасындағы некелесу ұлттарды біріктіреді

 

 

 

Қазақстан жерінде тұратын басқа ұлт өкілдерінің пайдасынан зияны көп

 

 

 

Ұлттарды жаман жақсы ға бөлуге болмайды, бар ұлттарда  да жаман, жақсы адамдар бар

 

 

 

 

Сауалнама қорытындысын оқушылармен талқылау.

Қортындылау.

  1. 1.     Бүгінгі сабақта өздеріңізге пайдалы қандай мәлімет алдыңыздар?
  2. 2.     Қазақстанда этникалық толеранттылық қалыптасқан деген ұғыммен келісесіздер ме?

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

 М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі»ММ

Тарих пәні мұғалімі Ж.Б.Исмайлова

 

Добавить комментарий