Ұлттық тәрбие-діни экстремизммен күресу құралы.
Бақтығалиева Ә.Б.
( Орал гуманитарлық колледжі)
Бүгінде- діни экстремизммен ,терроризм- Қазақстанның емес,бүкіл әлем жұртшылығының, әсіресе соның ішінде Батыс елдерінің бас ауыртып отырған дерт.
1992 жылы Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заң қабыл- дағаннан кейін елімізде миссионерлік жолмен қаптап кеткен бахайзм, криш- на, ахмадия,махариши,сатанизм, бурханизм,сайнтология сияқты ағымдар- дың бұрын Қазақстанда ұстанушысы болған да жоқ. Дін атын жамылып, өзде ріне саяси ұпай жинауды мақсат тұтқан арандатушы ұйымдар, бүгін де халық арасына іріткі салып, қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруде. Жастарымыздың осы теріс ағымның жетегінде кетіп, тіпті ауыр қылмысқа бой алдырғандар да аз емес. . Мысал ретінде АҚШ,Беслания,Ресейді алмай- ақ Қазақстандағы Ақтөбе облысыдағы, Атырау және Құлсары қалаларындағы орын алған оқиғаларды терроризмнің көрінісі ретінде алуға болады.
Батыстың жабайы мәдениеті дендеп енгені аздай, діни экстримизм де еліміздің болашағына елеулі қауіп төндіруде. Жат ағымның арбауында кетіп, олардың қолшоқпарына айналмау үшін жас буын арасында мектептерде арнаулы оқу орындарында дінтану сабақтарына жете көңіл бөліп, діни түсініктерді қалыптастыратын тәрбиелік шаралардың, кездесулерді өткізудің маңызы зор . Белгілі философ Херберт Спенсер(1820-1903) «Тәлім –тәрбие, білім алу адамды этика мен рационалдық тұрғыдан байытады, оны жаман дағдылар, озбырлықтан құтқарады»деген.
Жастарымызды қоғамға зиянды топтардың шырмауынан құтқару үшін, біліммен қоса ұлттық патриотизм,рухани құндылықтарға ие болу тұрғысынан тәрбие беруіміз қажет. . Өз халқының мәдениетін ,тарихын, өнерін сүйіп өскен адамнан, басқа халықтың мәдениетіне,салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қ Р Ата заңында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыруды және оны азаматтрдың ой санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежедегі мәселе ретінде жариялаған.
Жас ұрпаққа жан жақты өнегелі,жарасымды тәрбие беруде ата баба дәстүрін өнеге етудің тірбиелік маңызы зор. Өшпес мұра қалдырған ойшылдарымыз Йассауи, Қашғари,Баласағұни еңбектері қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазыналар.Жарық жұлдыздарымыз Шоқан мен Ыбырайдың тәлім тәрбиелік ой-пікірлері қазіргі заман талабымен үндесіп жатыр. Тәрбие негізі отбасында қаланады.Одан кейін мектеп пен өсер ортасы тәрбиелейді.Жастар арасында кездесіп жататын үлкенді силамау, салт-дәстүрді білмеу сияқты келеңсіздіктердің пайда болуы,ата-ананың бала тәрбиесіне аса мән бермеуінен туындап отыр. Мектеп- өсіп келе жатқан баланың рухани-адамгершілік тәрбиесіне едіуір ықпал етеді.Ол белгілі бір жүйеде жүзеге асады.Сондықтан жас буынның мектепте алған адамгершілік тәрбиесі адамгершіліктің барлық салаларын қамту керек.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педогогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды.Адамгершілікке тәрбиелеудің бірден бір жолы, адам -гершілік тәрбиесінің жемісі. Ал адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес сияқты.
Әл Фараби бабамыз « Тәрбиесіз білім алған өте қауіпті» деген.Тәрбиесіз білімді адам халықтың бағы емес,сорына айналады.Осыны естен шығармаған абзал. Ұстаз жас ұрпаққа білім беріп, күн өткізумен шектелмей, ел ертеңі өзіне сеніп тапсырылғанын бар санасымен сезінуі қажет. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік адамгершілік сынды қасиеттерді сіңіріп, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөль атқарады.келешегіміз келісті болсын десек,балаға берер тірбиеміз тәлімді, біліміміз байыпты болғаны ләзім.Сонда ғана болашақ бетіне ұялмай қарай аламыз.
Ұлттық педогогиканың тәлім тәрбиелік мұрасына үңілсек адамгершілік ,қайырымдылықпен қоса имандылықты да дәріптейдіБолашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып,халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,санасына жеткізу бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Имандылықтың негізгі құралы халық даналығы,салт-дәстүрлері мен діннің тәрбие жөніндегі пікірлері.Сондықтан мектептер мен басқа да оқу орындарында имандылық тәрбиесінің берілуі жастардың өзін мұсылманмын деп тануына,ұлтының озық дәстүрлерін,әдет-ғұрпын ұғынуға қлтжанды азамат болып өсуіне игі әсер етеді. Қоғамды рухтандырудың маңызды міндеті-адамгершілікке баулитын адалдық пен әділдікті насихаттаитын,туған жерге деген сүйіспеншілікті оятатын,ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптарға құрмет көрсетуге тәрбиелейтін ислам дінінің шынайы құндылықтарын түсіндіру. Фердауси Саади,Омар Хаям,Низами,Иауаий өз шығармаларының өзегі ретінде Құран уағыздаған тән мен жан тазалығын,олардың өзара сабақтастығын жырлаған. Бұған Құран сүрелерімен ойшылдардың шығармаларын салыстыра отырып,үзінділер келтіріп дәлелдеуге толық мүмкіндік бар.Құран жан-жақты философиялық,педогогикалық тұрғыдан зерттеліп бүгінгі заман талаптарына сай ұйымдардың оқу тәрбие үрдісіне үйлесімді кіріктірілуі қажет.Әрі бұл мәселермен педогогика ғылымдарының өзекті мәселелерінін терең түсінетін педогогтар мен дін мәселесін меңгерген ғалымдарымыз бірлесе отырып аиналысса, елеулі де, жүйелі нәтижеге жетері анық.
Бұл күні әр елде өткізіліп жатқан жиындар дың бәрінің тақырыбы егіз қозыдай ұқсас: «Ислам және экстремизм», «Ислам және терроризм» болып келеді.Мұның себебі неде?Олар осылайша «Ислам экстремизмі», «Ислам терроризмі» деген қауіпті қолдан жасап,Исламға күйе жағып сол арқылы өздерінің бағындырып отарлау жоспарларын көздеп отыр.Исламды террористерді өндіретін дін ретінде көрсетіп отыр.Діни экстремизмнің нақты анықтамасы-басқа діндерді ұстанушы адамдарға тәуелсіздік танытып,соған сәйкес қоғамға қарсы,көбінесе құқыққа қайшы,азаматтарға қарсы күш қолдану әрекеттеріне шақыру . Олай болса ізгілікке шақыратын Ислам дінін діни экстремизммен қалайша байланыстыруға болады.
Мұсылман тек ізгілік жолында ғана болулары мүмкін,себебі: «Ей иман етушілер!Ізгілік және тақуалықта көмектесіңдер!Күнә уә дұшпандық бойынша көмектеспеңдер!(Мәида сүресі 2 аят) делінген .Мына аяттарда «Шынында,Аллаһ әділетті,ізгілікті жіне ағайынға көмектесуді бұйырады,жиіркенішті істерге,жауыздыққа Һәм азғындыққа тыйым салады.ОлАллаһ сендер ойланып,ұстансын деп,сендерге үгіт етеді»(Нахыл сүресі,90-аят); делінген.
Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың кемелдену дәуірін тұтас эпопеяға айнал дырған сөз зергері Мұхтар Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған.Жастарымыз тура жолды таңдауда жаңылыспау үшін ұлттық тәрбиені біліммен ұштастыра отырып,баршамыз жұмылып экстремизмнің тамырына балта шабайық.
Әдебиеттер: 1 Мұртаза Бұлұтай.Дін және ұлт.
2 Егемен Қазақстан.2012ж 15 қараша
3 Сынып жетекшісі. 2011ж 8.
4 Сыныптағы тәрбие.2012 ж. 2