Мақала

«Шынайы сыныптағы білім беру мен оқыту
тәжірибемдегі менің өзгерістерім»

Автор
аты-жөні

Жұмыс орны

Қызметі

Байланыс телефоны

Электрондық адрес

Саттыбаева Гульсара Толеутаевна

Шахтинск қаласы №5 гимназия КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

s a t t i b a e v a_75 @ mail . ru

 

 

 

 

Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, бүгінгі күні педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, инновациялық қызметті талап етеді, яғни — жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру. Кембридж бағдарламасының басты мақсаты- оқушылардың міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын және өзінің нәтижесіне жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті, үш тілді жетік білетін тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін ең бірінші мұғалім осы талаптарға сай болуы тиіс, өз пәнін жақсы білетін, жаңа инновациялық әдістерді меңгеріп, қолдана білуі тиіс. Тіл  қатынас құралы екенін ,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асатынын бәрі жақсы біледі. Тілді меңгеріп, өмірде пайдалана алуы үшін, ол тілде жаза, оқи, сөйлей білуі керек. Өз тарапымнан айтар болсам, аталған курста Бағдарламаның жеті модулін жақсы меңгеріп, оқу жылының басынан бастап, өз сабақтарымда қолданудамын. Курсқа дейінгі сабақтарымда өзге ұлтты оқушыларға тілді үйрету көп қиындық туғызып, кедергілер туындап жатты, өз жұмысымның нәтижесін көре алмадым- десем де болады. Алдымдағы оқушыларым тілге қызықпай, әйтеуір бір баға үшін оқып жүрді. Қазіргі сабақтарымда Бағдарламаның 7 модулін ықпалдастырып өткізіп жүрген сабақтарым  өз нәтижесін беруде. Ал осындай сабақтардың арқасында мен оқушыларымды өзгерттім деп айта аламын, мүмкін сіздерде олар қалай өзгерді? деген сұрақ туындар, ең алдымен мен өзім өзгердім деп ойлаймын, бұны тек қана өзім ғана емес, жанымдағы әріптестерім де, мектеп әкімшілігі де байқаған сияқты. Сабағымды курсқа дейінгі сабақтардай  өткізгім келмейтінін түсіндім, егер оқушыларды қызықтыра, ынталандыра білсек қана, кері байланыс болса ғана, өз жұмысымыздың нәтижесін көретініміз анық, айтар болсам, оқушыларым бұрындағыдай емес, олардың пәнге деген қызығушылығы пайда болды, іс- тәжірибемнің соңында сыныптағы әлсіз деген оқушылар топтық жұмыста белсенділік көрсетіп жатты, оқушылардың былай өзгеру себебін мен жеті модульдің  іс- тәжірибемде қолдануында деп ойлаймын. Екіншіден олардың маған деген қарым- қатынасының өзгергенін байқадым. Бұрын  оқушылар жанымнан амандаспай өтіп кетсе, қазір жаныма жақындаудың амалын іздеп, сабақтарыма жүгіріп, топтық жұмысты қалап тұрады. Оқушылардың былай өзгеру себебі неде? Мүмкін менің өзгеруімде шығар, мен оларға басқа көз- қараспен қарағанымнан шығар. Бағалаудың басқа түрін қолданып, тұлғаны емес, оның жұмысын бағалағанымнан  шығар.
Қазақ тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Қарым-қатынас ол сөйлеу, ал сөйлеу диалог арқылы жүзеге асады.  Диалог барысында  адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізу мүмкіндігі болады. Меніңше тіл сабақтарында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» диалогты пайдаланбау мүмкін емес, оқушы диалогке түскенде ғана, өз ойын тілмен жеткізгенде ғана сөйлеу тілі дамиды, ойы ұштала түседі, жақсы қарым- қатынас арқылы баланы өзімізге жақындастыра  аламыз, оның тілін таба аламыз деп ойлаймын. Сабақтың басын міндетті түрде диалогтан, сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтардан бастаймын, сұрақты өзім ғана қоймай, өздеріне де сұрақ қойып үйретемін, сабақтың басында ой қозғап, бәрінің ойлануларын көздеймін. Жаңа тақырыпты бірден айтпай, оны түрлі әдістер, ойындар, сұрақтар арқылы анықтауларын  талап етемін. Менің қойған сұрағым, бір ғана оқушыға емес, бәріне қатысты екенін айтып жеткіземін. Әрине жылдың басында оқушылар үйрене алмай, қиналып жүрген кездері де болды. Тілді үйрету үшін шыдамдылық керек екенін түсіндім. Сабақта диалогты пайдалану нәтижесінде оқушыларымның ауызша сөйлеу тілі дами түсті, бір-бірін түсініп, өз ойларын айтып, дәлелдей білуі, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіре алуы, өз бетінше ізденіп, талдап, пікір таластырып, шығармашылық дағдылары дамыды, нәтижесінде сыныптағы бұрын байқамаған әр түрлі жақтан талантты және дарынды оқушыларды анықтауға мүмкіндік болып, оны арықарай дамыту үшін түрлі тапсырмаларды, шығармашылық жұмыстарды тиімді қолдана білуді үйрендім. Сабақтарда АКТ-ны  пайдалану өз пайдасын қатты тигізеді. Қазіргі оқушылар интернет, компьютер алдында отырады, соған қызығушылық танытады. Сол себепті, өз сабақтарымда АКТ- ны міндетті түрде қолданамын. Алдыңдағы оқушы ол жағынан бәрін біліп тұрса, біздің білмеуіміз дұрыс емес деп ойлаймын, бұл жерде сабағымда интернет, интерактивті тақта, флипчарт, активойт, планшет т.б. инновациялық құралдармен жұмыс жасауды үйрендім. Елтануға байланысты АКТ- сы арқылы кино, диафильм көру, мәтін, диалог тыңдап, қайтадан қайталау, түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды орындау жатады. Сабақта АКТ- ны қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділік танытып жүргенін байқаудамын. Тілді үйрету үшін түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауда АКТ-ны пайдалану  өте тиімді.
Ал «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі жайлы айтатын болсам,  әр сабақта формативті бағалаудың  түрлі стратегияларын қолдануды үйрендім. Әр сабақтарда өзін бағалау,  топтық жұмысты  бағалау, өзгені бағалауды қолданып, нәтижесін көрудемін. Сабақтарда формативті бағалауды қолдану барысында оқушылар өздеріне, өзгеге, топқа әділ баға қоюды, топты алға тарту мақсатында топ мүшелеріне көмектесуге үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа белсенді қатыстыруға, сөйлетуге тырыстырып жатады. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушыларым шыдамдылыққа, бір-бірін тыңдай білуге,  сыйлауға, әрбір оқушының айтқаны құнды екенін және уақытты үнемдей білуге үйреніп, бойларында жауапкершілік қасиеттері қалыптасты. Оқушылардың көпшілігі қазақ тілін оқуға деген үлкен қызығушылық танытып, олардың қазақ тілінде сөйлегісі келіп, айналасындағылармен қарым-қатынасқа түскілері келетінін байқадым. Топтық жұмыс барасында әрине кедергілер де болады олар:әлеуметтік, эмоциялық кедергілер,топтық жұмыста тәртіп ережелерін сақтау әрқашанда бола бермейді,  тәртіп сақтау оқушылардың көңіл- күйіне байланысты әр түрлі болып жатады.
Бағалауға  қатысты гимназиямызда критериалды бағалауды енгізу мақсатында эксперимент жүргізілуде. Мектептің мұғалімдері бір сыныпты таңдап алып, сол сыныпқа критериалды бағалауға арналған тапсырмаларды ұсынады және оқушыларды критериалды бағалауға үйретеді. Эксперимент ретінде мен 5Б сыныбын алдым. Бұл сынып оқушыларының қабылдау  деңгейі әр түрлі, сондықтан критериалды тапсырмаларды құрастырған кезде оқушылардың жеке бас қабілетімен жас ерекшеліктерін ескеремін. Бұл бағалау жүйесі оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға мүмкіндік берді. Критериалды тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың А В С деңгейіндегі тапсырмалардың барынша жақсы деңгейде орындауға тырысқанын байқадым, бір-бірінің тапсырмасын тексеру барысында әр оқушы өзінің қателіктерін анықтап, оны жоюдың жолдарын іздестіріп жатты. Критериалды бағалауды қолдану нәтижесінде мен- критериалды тапсырмаларды құрастыруды, пәнімді сапалы оқытуды, әр оқушының жеке қабілеттеріне қарай тапсырмаларды құрастыруды және формативті бағалауды тиімді қолдануды үйрендім.
«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін іс- жүзінде жүзеге асыру мақсатында гимназиямызда І- деңгейлі мұғалімдер түрлі тақырыптарда коучингтер, шеберлік сыныптарын, ал өз тарапымнан әріптестерімді серіктестікке тарту мақсатында осы оқу жылында мектеп көлемінде бір ашық сабақ, желілік қауымдастық шеңберінде қала көлемінде сертификатталған ұстаздармен мектеп басшыларының қатысуымен  5б сыныбында критериалды  тапсырмаларды қолдана отырып, шеберлік сыныбын өткіздім. Осы курста үйренгенімді әріптестеріммен бөлісіп, нәтижесінде қазіргі күні бір әріптесім Алматы қаласында ІІ- деңгейге, бір әріптесім Қарағанды қаласында ІІІ- деңгейге оқу үстінде. Тәжірибеде оқытуды мен оқуды басқару және көшбасшылықты жүзеге асыруды талқылауына жағдай жасау мақсатында 2014 оқу жылының 18 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институты, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Каирбаева Ж.К. басшылығымен «Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер мұғалім көшбасшылығының негізі» атты онлаин семинар өтті. Семинарда сертификатталған  Балқаш, Теміртау, Жаңаарқа, Саран мектебінің ұстаздары қатысып,  өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда  аталған модульдің өз сабақтарымда қалай жүзеге асып жатқаны және эксперимент ретінде, гимназиямызда оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында бірнеше жұмыстар жөнінде, оның ішінде:  «Лессон стади» әдісі туралы ой бөлістім. Мектептің даму жоспарына сәйкес ұжым 4 шығармашылық топқа бөлінген. Әр топ мүшелері жоспарға сәйкес сабақ берді. Ұстаздар бірігіп, қысқа мерзімді жоспар құрып, аталған күні сабақтарын өткізді. Әр сабақта А В С оқушылары бақылауға алынды. Сабақтардың соңында рефлексия жасалып, жетістіктер мен кемшіліктер анықталып, сол кемшіліктер бойынша коучингтер өткізіліп тұрады. Лессон стади әдісін қолданудың нәтижесінде курстан өтпеген ұстаздар қызығушылық танытып, осы деңгейлік курстарда  оқу үстінде. Алматы қаласына кеткен  ұстазымыздың қысқа мерзімді сабақ жоспары республикалық «Ғылым және Білім» журналына шықты.
Тіл сабақтарында Бағдарламаның жеті модулін тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, нәтижесінде  оқушыларымның бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу алу қабілеті мен дағдысын, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алдым.
Білім беру мен оқыту тәжірибемдегі қиыншылықтармен жақсы жақтарын өлшеп қарайтын болсам, бәрібір де жақсы жақтары көп деп ойлаймын. Меніңше сабақтың нәтижелілігі, мұғалімнің ұстанымына байланысты, мұғалімнің өз жұмысының нәтижесін көруде, оған дұрыс талдау жасай білуінде, қиын кездерінде көшбасшы қабілеттерін көрсетуінде, өзінің қате тұстарын көріп, өз оқушыларымен бірге үйренуінде. Мен үшін ең бастысы ол, әр сабақтың соңында рефлексивті түрде талдау жасап, сабағымның кем және сәтті  тұстарын талдауымда. Мен оқытудың жаңа әдістерін қолдану керек екенін түсінемін, сондықтан, сабақтың сәтті жақтарына қуанып, қиыншылықтарынан шығу, кедергілерді жеңу жолында аянбай еңбек етіп жұмыс жасау керек екенін алдыма мақсат етіп қойдым.

Добавить комментарий