Сыныптан тыс
Тақырыбы:«Махамбет өлген мұнар күн»
Тасенова А.Б., Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1 Зеренді орта мектебі
Мақсаты: М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу. Жеке тұлғаның интеллектуалдық және ынтымақтық біліктілігін үздіксіз көтеру.Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ақпараттық технология мен жалпы компьтерлік сауаттылықты байланыстыра отырып, қызығушылықтарын ояту. Отансүйгіш, патриот азаматын қалыптастырып, ұлы ақынды еске сақтап,мақтаныш тұтуға баулу.
Әдіс-тәсіл: Ақпараттық технологияны қолдана отырып,білімдерін дамыту.
Көрнекіліктер: компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, портреті, өлеңдері, күйлері, қанатты сөздер, майшамдар, үстел.
Барысы:
1. Өтілетін жер дана сөздермен ақынның портретімен, қанатты сөздермен безендіріледі. Кеш қараңғыланған бөлмеде майшамдар арқылы өтіледі. Махамбеттің күйімен басталады.
2. Махамбеттің күйлерін оқушы домбырада орындайды. Кеш бірнеше слайдтар арқылы жүйеленеді.
1-ші слайд «Махамбет өлген мұнар күн»
(Бірінші слайдта ақынның портреті)
Жүргізушінің сөзі: Махамбет- қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері, қайсарлығы. Махамбет-ұлы рух, рух-от,рух-жан. Ол адам жанының ең қолтарыс түпкіріне сәуле түсірген нұрлы шапақ, адам жанының ең бір нәзік қыл ішектерін қозғалысқа келтіретін ұлы ырғақ.
Өлеңдері: «Менің атым Махамбет», «Мен едім», «Махамбеттің сұлтанға айтқан сөзі».
2-ші слайд «Өтемістен туған он едік…» (Слайдта Махамбеттің бауырлары)
Жүргізуші: 13 жасында жетім қалған, марқасқа 9 бауырының ортасында байсалды, қайратты, шешен, ақын, ер Махамбет еді.
Өлеңдері: «Өтемістен туған он едік…» Адыра қалған Нарынның…»
3-ші слайд «Елдің бойы ел тоғай, ел қондырсам деп елім» (Слайдта Махамбеттің мөрі)
Жүргізушінің сөзі: «Жерсіз елдің құны жоқ
Елсіз жердің күні жоқ»- деген. Махамбет қуғында жүргенде өкінішпен жазған өлеңдерінің бірі.
Электронды оқулықтан бейнематериал көрсету және өлеңдерін тыңдату.
4-ші слайд «Арыстан еді-ау Исатай
Бұл фанидің жүзінде» (Слайдта Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісінің картасы 1836-1838ж)
Жүргізушінің сөзі: Махамбетті бозбала кезінен бастап, ерекше қадірлеп аға ретінде сыйлаған Исатай еді.Патриоттық ерлігі, достығы ретінде жазған өлеңдері Исатайға арналады..
Өлеңдері: «Қызғыш құс», «Жалғыздық». Исатайға»
Жүргізушінің сөзі: Исатай мен Махамбеттің төңірегіне тұс-тұстан жинала қалды…
Махамбет-бостандық пен құлдық.
Ерлік пен ездік,
Өмір мен өлім.
Ел мен жер.
Халық пен билік,
Достық пен дұшпандық,
Адалдық пен арамдық,
Табандылық пен тайғақтық, туралы терең ой- сезімдерін өзіне сыйдырып кеткен ұлы ақын,
5-ші слайд «Махамбеттің соңғы күндері» (Слайдта М.Мақатаевтың сөзі.
(Слайдта М.Мақатаевтың сөзі.) «Айтарын ашып айтқан абайламай, дариға ай, Махамбеттер, Абайлар-ай»
Интертақтада Махамбеттің соңғы күнінен бейнематериал.
Жүргізушінің сөзі: Қайтыс боларынан екі күн бұрын ақын түсінде өз басымен қоштасып тұрғанын көреді, сол түсі өмірінің соңғы түсі болады. Шынында да ақынның басын шауып әкетеді екен.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сыныптан тыс
«Жылдары менің, жылдарым
Айтылыр ма екен сырларым»
Тасенова А.Б., Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1 Зеренді орта мектебі
Мақсаты:
1. Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірінен және шығармашылығымен тереңірек таныстыру, ақын өлеңдерін түсіне оқу, білу.
2. Оқушылардың поэзияға, өлеңге деген ынтасын арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, тіл мәдениетіне баулу, мәнерлеп оқу, мәдениетін жетілдіру.
3.Өнер адамына, еліне тілге деген патиоттық сезімдерін ояту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу.
Әдіс-тәсіл: Мәнерлеп оқу, әндету, сахналық әдісі, көнекілік әдісі, жатқа айту.
Көнекіліктер: электрондық оқулық, интерактивтік тақта, портреті, қанатты сөздер, бейнематериал
Сахнаның ортасында; М.Мақатаевтың суреті, қанатты сөздер.
Сабақ барысы:
Жүргізушінің сөзі:
Бүгінгі әдеби – сазды кеш Мұқағали Мақатаев туралы сыр ашып, ой жалғаймыз. Оның шығармаларына тоқталып, біз оның драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист екеніне көзімізді жеткіземіз. Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпес мұра қалдырған.
Мұқағали, өмірді сүйіп өтті.
Кешімізді Мұқағалидың әнінен бастайық.
Ән «Саржайлауым»
Өлең « Үш бақытым»
Жүргізушінің сөзі: Мұқағали Мақатаев 1931 ж.Алматы облысы, Нарынқол ауданда Қарасаз деген жерде туған, анасы Нағиман. Мұқали әже баласы болған соң анасын Нақа дейтін.
«Мені сөзге, жырға үйір еткен, тәрбиелеген халқымызды сүюге үйреткен әжем»-еді екен дейтін Мұқағали.
Өлеңі «Ақ кимешек көрінсе» — әжесіне арналған өлеңі.
Жүргізушінің сөзі: 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталып әкесі Сүлеймен соғысқа кетеді. Сонда 10 жасар Мұқағали әкесін сағынып, өлеңдер жазады. Мұқағалидың әкесі соғыста қаза табады. Жетімдік өмір, ауыр тұрмыс Мұқағалиды ерте есейтеді.
Сахналық көрініс: « Әкесі мен баласының қоштасуы».
Әкесі -Уа, ел- жұртым, сендерге өтінішім бар. Мұқағали тұңғышым болса да өзіме тартпай, әкесінің баласы боп өсіп еді, осының бетінен иіскеуге рұқсат етіңіздер.
Балам! Бетіңнен бірінші және соңғы рет құшақтап сүйдіртші!
Балам, балам қош бол!
Баласы: Әке, әке, әкетайым, қош!
Әкесіне арналған өлеңдері «Әке аманаты».
Жүргізушінің сөзі:
Ақынның туған жері биік таулар бұлағы көп,шалғыны мол сұлу ауыр еді.Табиғаттың сұлу суретін көріп жүріп, ақын болмау мүмкін емес те сияқты. Соғыстан кейін 1948ж. лматыда шет тілдер институтында оқып жүріп артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап, ауылға оралды. 1952ж. өзінің туған ауылында бастауыш сыныптарда орыс тілінен сабақ береді.Әйелінің аты-Лашын. Кейін Мәскеуде Максим Горький атындағы Әлем әдебиет институтын бітіреді.
Лашынға арналған өлеңдері «Ғашықпын»
Соплеменники, окажите честь….
(Из воспоминаний Лашын Макатаевой – супруги поэта. Читает ученик из дневника Лашын).
Мукагали был честным человекам. Он никогда не просил за себя, ничего не требовал. Мы познакомились с ним на одной из вечеринок. Тогда молодежь, конечно, праздновала какие –то события и радовались по другому.
Я работала учителем, он секретарем сельсовета в
Нарынкольском районе.Так мы сдружились.Однажды молодежь села поставила спектакль «Козы-Көрпеш» и «Баян-Сұлу» главные роли играли мы с Мукагали. И,наверное таким и сами выбрали свою судьбу. Унас четверо детей. Пятая Майгуль погибла, ее сбила машина. Мукагали тяжело переживал смерть дочери.
Есть стихи, посвященные Майгуль. Мукагали очень любил детей. Когда он был в разъездах, очень скучал по детям обязательно приезжал через два три дня, чтобы увидеть их.
На всех снимках Мукагали улыбается. Улыбаются его глаза, скрывающие грусть и тоску своего времени, своего поколение, своей трудной жизни…Я поняла, что это не маска, которая потом снималась. Это-действительность.
Он улыбался потому что горячее любил жизнь, женщин,природу, землю.Он любил тех кого видели и кого ценил, он любил нас, который стали свидетелями того времени. И поэтому он писал о нас и для нас. Хочется свою боль строками известной поэтессой:» Соплеменники, окажите честь, зачеркните «был», напишите «есть». Покуда мы помним его строки, пока ценим его талант, мы-народ, мы- нация.
Ән: «Есіңе мені алғайсың»
Жүргізушінің сөзі: Мұқағали балаларын жанындай жақсы көрген,» өмірінің соңғы минутына дейін тек балаларымызды ғана ойлаймын»- дейтін.Мұқағалидың балаларына деген мөлдір,сезім, әкелік пана, сұлу сөз ақынды өзі тауып, балаларына көптеген өлеңдер жазып тастап кеткен.
Балаларына арналған өлеңдері:
1. «Майгүлге»
2. Майгүл»
3. «Шолпан»
4. «Менің кішкентай күнім»
5. «Арманда, ұлым ,арманда»
6. « Ұлым»
7. « Қызыма»
8. «Ұлыма»
Ән: «Сәби болғым келеді, ау».
(Мұқағалидың күнделік дәптерінен).
Жүргізушінің сөзі: Мұқағали Мақатаев ақындық, өнерпаздық аясы кең шығармашылық тұлға Мұқағалидың көптеген пьесалары, аудармалары, поэмалары, повестері, сырым саған Отан атты еңбектері, арнаулы өлеңдері мол бірге мәңгі жасайтын асыл қазына екені анық.
Мұқағалидың арнаулы өлеңдері.
Слайдта жазушылардың бейнелері
1. « М. Әуезов»
2. «Ғ. Мүсірепов»
3. «Қ. Аманжолов»
4. «Ә. Тәжібаев»
5. «Ф. Оңғарсынова»
Жүргізушінің сөзі: Поэзия-жүрек тілі.
Мұқағали Мақатаевтің әр өлеңі ой мен терең сезімнің бірлігінен жаралып, оқырман жүрегіне жол тауып, ой-санасына ерекше жол салады.
Өлеңдері: « Поэзия», «Аққулар ұйықтағанда»
Жүргізушінің сөзі: Мұқали өмірінің соңғы кезеңінде ауру меңдеп, жаны қиналғанда да отты жырлар тудыра білді. Оның «Сырқат сыры», «Аққулар, қош болыңдар». Өмірмен қоштасуының өзі болашақпен ұштасып жата берді.
Өз өмірі туралы өлеңдері: « Өмірім жайлы».
Жүргізушінің сөзі: Осы өмірде кім ғашық болмайды? Махаббаттың ғажайып сырын шеше алған ақын осы тақырыпқа да көп көңіл бөлген.
Жүргізушінің сөзі: «Қош, махаббат» пьессасынан үзінді.
Монолог: «Қош, махаббат.
Жүргізушінің сөзі: Бүгінгі тақырыпта Мұқалидың лирикалары мен поэмаларында өз заманының шындығы бүгіні мен болашағы,
Жауыздық пен ізгілік,
Зұлымдық пен махаббат,
Қастық пен достық,
Арамдық пен адалдық,
Қатыгездік пен адамгершілік қасиеттері тұтастық тапқан.
«Таланттарды тірісінде де құрметтейік»
Көп адам дүниеге бой алдырған!
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған!
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп
Мұқағали Мақатаевқа арналған кешімізді аяқтаймыз.
Тасенова Айгүл Баекеновна
Зеренді ауданы, Зеренді селосы
№1Зеренді орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Мектеп телефоны 8-716-32-21-463
e-mail: zerendash1@mail.ru
Үй телефоны 8-716-32-22-349
e-mail: shayahmetova_aigul@mail.ru