Ол үшін оқушы алдымен қарапайым y=sinx, y=cosx, y=tgx, y=ctgx функцияларының қасиеттерін ( периодтылығы, тақтығы мен жұптығы т.б)
білумен қатар олардың графиктерін бірнеше периодында ( дәптердің ұзын бойында) салып үйреніп, жаттыққан болуы шарт.
Анықтама 1. cosx a, sinx a, tgx a және ctgx a түріндегі теңсіздіктер қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер деп аталады.
Бұларды графиктік тәсілмен шешу аса қолайлы. Ол үшін мысалы, sinx a теңсіздігін шешу үшін y=sinx синусойдасы мен y=a түзуін бір координаталық
жазықтықта салып синусойданың түзуден жоғары орналасқан бөліктеріне сәйкес сан аралықтарын Ох (абсциссалар) осінен табу керек. Бұлар белгілі бір заңдылықпен
орналасқан, бірдей ара қашықтықтарда жататын сан аралықтарының тобынан (шексіз көп) тұрады.
Анықтама 2. Координаталар басы арқылы өтетін немесе координаталар басына ең жақын орналасқан қарапайым тригонометриялық теңдеудің шешімі болатын бірінші аралық бас аралық деп аталады.
Дәл мәндер кестесі және оқушының шақпақ дәптеріне мұқият салынған график арқылы бас аралықтың шеткі нүктелерін ешқандай қатесіз табуға болады. Бас
аралық периодты түрде қайталанады. Демек, теңсіздік шешімін табу үшін бас аралыққа периодты тіркеп жазу керек. Біздің мысалдағы оң саны үшін бас аралық:
екенін мына графиктен оңай көруге болады.