№ 38 Жазықтықтағы және кеңістіктегі вектор. Векторларды жіктеу. Вектордың проекциясы. Вектордың проекциясы туралы теорема. Жазықтықтағы және кеңістіктегі тік бұрышты координаталар.


Вектордеп бағытталған кесіндіні атаймыз. Яғни AB вектордың A басы мен B ұшы бар болады:

Математикада, физикада, механикада және басқа ғылымдар саласында кездесетін шамаларды екі түрге бөлуге болады.

Егер бір шама оң немесе теріс санмен ғана сипатталса, яғни өзінің сан мәнімен анықталса, онда оны скаляр шама немесе скаляр деп атайды. Мысалы, дененің қызуы, ара қашықтық, салмақ, аудан, көлем, уақыт т.с.с. – скаляр шамалар.
Ал егер бір шаманы анықтау үшін оның сан мәнінен басқа бағытын да білу қажет болса, онда шаманы векторлық шама немесе вектор деп атайды. Мысалы, күш, жылдамдық, үдеу т.с.с. – векторлық шамалар.
Бағытталған кесіндіні вектор дейміз.