Ортогональды проекция (сызбагеометрияда) — кеңістіктегі нысанды
жазықтықта проекциялау жазықтығына перпендикуляр проекциялық сәулелер арқылы бейнелеу. Техникада кеңінен қолданылады. Топографиялық
карталар мен пландарды жасауда ортогональды проекцияда жүргізіледі, осының өзінде карта парағының шегіндегі деңгейлік бет жазықтық ретінде,
ал тік сызықтар оған перпендикуляр болып қабылданады. Топографиялық картаға (планға) жергілікті жердегі өлшенгенең істік қашықтықтар емес, олардың горизонталь ізбелері
түсіріледі, демек, 1:100 000 не одан ірірек масштабты топографиялық картаның (планның) жеке парағы — онда бейнеленген жербетінің ортогональды проекциясы болып табылады.
Ортогональды проекция негізгіекі қасиетімен (графикалық құрылымдардың дәлдігі шегінде) сипатталады: 1) картадағы (пландағы) қашықтықтар жергілікті жердегі тиісті қашықтықтардың горизонталь ізбелерінепропорционал және 2) ұшы картаның (планның) кез
келген нүктесіндегі бұрыштар жергілікті жердегі тиісті горизонталь бұрыштармен тең.
Перпендикуляр және көлбеу
Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш.
