Аталған көп бұрыш пирамиданың табаны,
АВСДЕ бесбұрышы – пирамиданың табаны,
Табанының төбелер санына байланысты пирамида үшбұрышты, төртбұрышты және т.с.с болып бөлінеді.
Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады. РАВСD… N дұрыс n бұрышты пирамида болсын. Онда анықтама бойынша оның табаныАВСD… N дұрыс n бұрыш, ал пирамиданың Р төбесінің проекциясы табанының центрі О нүктесіне дәл келеді. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.
Мысалы, DPВ үшбұрышы – диагональдық қима.
Қиық пирамида деп пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындағы бөлігі аталады.
Қиық пирамиданың табандарының қабырғалары қос – қостан параллель, сондықтан оның бүйір жақтары трапециялар болып табылады.
Бір табанының кез келген нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігі деп аталады.
Дұрыс қиық пирамида деп дұрыс пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындағы бөлігі аталады. Бүйір жағының биіктігі дұрыс қиық пирамиданың апофемасы деп аталады.
Пирамиданың толық бетінің ауданы – оның табаны мен бүйір бетінің аудандарының қосындысы.
Дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті оның табандарының периметрлерінің қосындысының жартысын апофемасына көбейткенге тең.
Sб.б.=1/2(Р+Р1)к пирамиданың көлемінің формуласы V=1/3 SтабH
Есептер шығару.
1) Пирамиданың табаны – тік төртбұрыш, оның қабырғалары 6 см және 8 см. Оның әрбір қыры 13 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін есептеп шығарыңдар.
Берілгені: – пирамида.
2) Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы 96 см2 - қа тең, ал толық бетінің ауданы 112 см2. Пирамиданың табанының қабырғалары мен биіктігін табыңдар.