«Мектебіміздің мақтанышы»

 Вдовина Татьяна Александровна
II санатты  III(базалық) деңгейлік
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жамбыл орта мектебі  Есбол селосы

«Мектебіміздің  мақтанышы»
                        
Талант еліктеуді білмейді, өзі тудырады,
сондықтан ол ел мақтанышы.

  
         Осы сөздер мектебіміздің 8- орыс сыныбы оқушысы Қалмуханова Гүлбақытқа арналғандай. 2013 жылының басында III(базалық) деңгейлік курстан өткен соң, әр сабағымда оқытудың 7 модулін, жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңашылдыққа бет бұрдым. Осының нәтижесінде оқушым Гүлбақыттың ерекше қабілетін байқадым. Небәрі 13 жаста болса да, ол өзін әр қырынан көрсетіп келеді.
      Оның дәлелі:
         2013 жылы тарих пәнінен  Шучье қаласында өткен «Тарих ата» VIII республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды. 2014 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен IV Халықаралық оқушылар ғылыми- теориялық конференциясында «Көшелер тарихтан сыр шертеді» атты  ғылыми жұмысын қорғап, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы жылы Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен өткізілген «Жадыра жас дарын» I облыстық фестиваль-конкурсында «Шашу» би тобында хореография жанры бойынша ансабль құрамында үздік өнер көрсеткені үшін I дәрежелі дипломға ие болды.
        2013-2014 оқу жылдарында «Ақбота» интелектуалдық марафонына қатысып            I,II дәрежелі дипломмен марапатталды. Суретті өте тамаша салады, әрбір суретінің өзіндік нақышы бар. Осы жетістіктері жоғары бағаланып, есімі «Ғылым» баспасынан шыққан республиқалық «Надежды Казахстана» кітабына енді.
         Гүлбақыттың тағы бір қыры –өлең жазады. Өзінің айтуынша, қыстың бір күндері терезеден түсіп жатқан қардың ұшқындарын көріп, өлең жолдары өзінен- өзі келе бастаған:
Зимнее утро!
Озаряет меня своими хрустально белыми снежинками
Зимний воздух!
Манит своим быстрым ритмом
Зимний мороз!
Превращает все живое в лед.
Зима!
Мои представления о тебе безграничны.
     Әрине, кішкене қыздық бұл алғашқы өлең жолдары. Қазір Гүлбақыт табиғаттан басқа сезім, толғандыратын ойлары туралы да жазады. Бір күні сабақта «Памятник подлецу» тақырыбында мазмұндама жаздық. Ол тек мәтіннің мазмұнын жазып қана қоймай, шыршаны қорлаған жексұрын кейіпкерге арнап өлең жазыпты. Ондағы ойы, әлгі кейіпкер оқыса, кеш те болса ойланар дейді өлеңінде.
      Гүлбақыттың шығармашылығына үлкен мән беріп, көңіл бөлетін апасы- Шолпан Дүйсекенова. Апасы көп сын айтпайды, тек кемшіліктерін көрсетіп, ақыл- кеңесін беріп, қолдап отырады. Оқушының ең сүйікті жанры –ертегі, оның өз қиялынан
туындағын «Неразлучные сестры», «Приключения маленькой Лизы», «Эхо в лесу», ертегілері мен «Мама», «Зима», «Снежинки» т.б өлендері kopilkaurokov .ru сайтында жарық көріп, арнайы куәлікке ие болды.
       Ең маңыздысы — оқушының талантын дер кезінде ашып, одан әрі дамыту. Осы бағытта өзімнің жұмысымды одан әрі жалғастырамын деп ойлаймын. Бірден дұрыс бағытқа бұрсам, «Білім» кемесінде еркін жүзеді деп сенім білдіремін. Гулбақытқа үлкен жетістік тілеп, тек мектептің емес, еліңнің қалаулы мақтанышына айнал дегім келеді.  

Добавить комментарий