Мен — тәуелсіздікті жырлаймын

Сабақтың тақырыбы: «Мен – тәуелсіздікті жырлаймын»

 

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

3.     Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру; Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: Пікірталас, жыр сайысы.

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер жазылған плакаттар: 1. «Мәңгілік мақтан, Дауылпаз дастан – Қазақстан!», 2. «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан!», 3. «Тәуелсіздікке 20 жыл!», 4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!», ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан, тәуелсіздік алған жылдарынан үзінділер бейнеленген суреттер.

Сабақтың кезеңдері:

Психологиялық даярлық. Оқушыларды топқа бөлу.

1 КЕЗЕҢ. Ояну. Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы ой-пікір.

Әдісі: Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.

Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

 

Мұғалім: БиС технологиясының бір элементін қолдана отырып, ой, пікірлерімізді жинақтап көрейік. Орын отырғызу матрицасы.

 

А

Ә

 

 

 

 

 

 

 

 

Б

В

 

 

 

 

 

 

 

 

С

Д

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мұғалім: Сонымен біз Отан деген сөз біздерге қандай ассоциация тудыратынын қарастырдық. Енді осы айтылған сөздер  жинақтап, пысықтау үшін мына сөзтұспалды шешіп көрейік. Бұл сөзтұспалда, Қазақстанның географиялық, саяси жағдаяттарды қамтиды.

 

 

 

1 Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

3

 

 

З

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

 

 

7Т

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

А

 

 

 

 

 

9

 

 

Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.   Қазақстанның ауа райы қандай? /Құрғақ/

2.   Қазақстанның елордасы қай қала? /Астана/

3.   Қазақстанның елбасы кім? /Назарбаев/

4.   Қазақстан қай құрлықта орналасқан? /Евразия/

5.   Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі? /Қазақша/

6.   Қазақстанның рухани астанасы қай қала? /Түркістан/

7.   Қазақстанның ұлттық валютасы не? /Теңге/

8.   Қазақстанның көршілерінің бірі? /Қытай/

9.   Қазақстан неге бай? /Мұнай/

 

2 КЕЗЕҢ. Түсіну. Өткенге көз тастау.

«Егеменді елдің болашағы» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр топ осы жұмыс бойынша өз ойларын маркерлермен ватманға түсіреді немесе интерактивті тақтамен жұмыс жүреді.

Мәселен;

Т – білдіреді теңдікті,

Ә — әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

 

Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.

Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.

 

 Мұғалім: Сонымен біз ойымызды жинақтап, пысықтап алдық. Енді мына таратқан тәуелсіздік жырларын іріктеп бөліп көрейік.

 

 

     

 

     ҚАЗАҚСТАН                            ТӘУЕЛСІЗДІК                      КОНСТИТУЦИЯ

 

 

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің –

Байтағым!

Аз емес саған айтарым!

Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,

Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің –

Мәртебем!

Қазақстаным менің,

Жәннатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің –

Ырысым!

 

 

Оқы да білім ал деген,

От бол да мәңгі жан деген.

Ата Заңым менің!

Еңбек ет, еркін жүр деген,

Асыр сап, ойнп-күл деген.

Ата Заңым менің!

Қорғаған аспан, күнімді,

Қолдаған бостандығымды.

Ата Заңым менің!

Құптаған көңіл қоштығын,

Ұлттардың берік достығын.

Ата Заңым менің!

Тәуелсіз, еркін ел бүгін,

Талай жыл күткен теңдігім –

Ата Заңым менің!

Санама құйған таң нұрын

Бақытым, бағым, тағырым –

Ата Заңым менің!

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн

Жасай берсін, ұлы күн!

Үміті боп елінің,

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп шалдардың,желтоқсан,

Елдің ұлы мейрамы,

Жаңа шыққан көктемдей.

Жаз күніндей жайдары,

Арымыздай тап – таза,

Жанымыздай шуақты,

Көтерілді биікке, Қазақстан байрағы!

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған,

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан,

Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін,

Тәуелсіздік туыңды,

Биік көтер, жас ұлан!

Таңгажайып атыңда дәл табылды.
Табылды да талай жұртқа таңылды.
Туғаң елім көкке жетті көк туы
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

16 желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн,

Ерекшк боп ел жанында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!

Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі жерін де
Өзіңдікі еткен Бақ –
Тәуелсіздік төрінде!

20 жыл толды тәуелсіз ел болғалы,

Желтоқсан  25-ке толғалы.

Қос атауы толықтырып бір-бірін,

Ұлы оқиға екеуі Отандағы.

 

 

3 КЕЗЕҢ. Сыни көзқарастар.

         Конституция – халық пен биліктің қарым-қатынасын білдіретін, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындайтын құқықтық құжат.

         Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі, Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну – тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т.б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.

 

4 КЕЗЕҢ. Қорытынды.

Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді. Оқушылар Отан туралы бірнеше мақал-мәтелдер үлгісін жасайды.

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

 

         Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.

Добавить комментарий