Мен жастарға сенемін

ШҚО
Бородулиха ауданы
Петропавловка ауылы
«Т.Аманов атындағы мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жибраева Алтынгуль Сагатбековна

Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Сабақтың мақсатты:
Білімділік: Балаларды Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен, жаңа сөздермен таныстыру, өлеңнің мазмұнын, мағынасын ұғындыру. Өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңге тоқталу.
Дамытушылық: Өлеңді тыңдау, оқу, өлеңнің мазмұн-мағынасы туралы сөйлеу арқылы оқушылардың әдеби тілін дамыту, өлең құрлысының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлап, салыстыруға баулу.
Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Танымдылық: Өлеңмен жұмыс жүргізе отырып, жас адам қандай болу керек екенін таныту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтын типі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдістері : түсіндірме, сұрақ-жауап, ойландыру, жатықтыру, көрнеклік әдістері.
Сабақ көрнекілігі: Мағжан Жұмабаевтың портреті, цитата, сөзжұмбақ, жаңа сөздер, «Алтын сақа» ойыны.
Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ән-күй
Сабақтын барысы:
Сәлеметсіздер ме, балалар?!
Отырыңдар.
Оқушы:
Сабақты бастаймыз.
Асыл сөзді іздесең,
Әдебиетті оқы ерінбе,
Адамдықты көздесең.
Балалар, біз алдын-ала үш топқа бөліндік.
1 топ – Зерттеушілер
2 топ – Тарихшылар
3 топ – Әдебиетшілер
Ал енді, балалар, жаңа тақырыпқа көшеміз. Сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз сөзжұмбақты шешеміз.
Сендердің мақсаттарын сабақтын тақырыбын анықтау, өткен тақырыптарды еске алу.
Сөзжұмбақ
1. МАҚАЛ
2. ҚАМБАР
3. ЛАҒЫМ
4. ЖҰМБАҚ
5. БОТА
6, ШОПАН
Аз сөзбен көп мағына беретін не?
Жылқы иесі кім?
Ешкі баласын қалай сүйеді?
Адам ойының ұшқырлығын танытатын не?
Түйенің баласы не?
Қой иесі не?
1.ЖАҢЫЛТПАШ
2.БАЙТҰРСЫНОВ
3.МЕІЗ
4.АУЫЗША
5.ӘДЕБИЕТ
6.АБАЙ
7.ЕРТЕГІ
8.ДУЛАТОВ
Сөздері ұйқасып келеді де, тез айтылады.
«Балаларды оқуға шақыру» өлеңінің авторы кім?
Мақта қыз не тауып алды?
Ауыз әдебиеті қалай сақталған?
Сөз асылы не?
«Қыс» өлеңнің авторы кім?
Адамдардың еңбегі мен тұрмыс тіршілігіне байланысты әдебиеттің қандай түрі?
«Шешенің балаларын сүйюі» кімнің өлеңі?
Сонымен сабағымыздың тақырыбы қандай?
Дұрыс, Мағжан Жұмабаев (портретті көрсету).
Балалар, әр топқа алдын-ала тапсырма берілді. 1-топ Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы, 2-топ М. Жұмабаевтың ақындық ортасы туралы, 3-топ ақынның шығармалары туралы әңгімелеп береді. Ал енді 1-топқа сөз береміз, сендердің мақсаттарың мұқият тыңдау.
1 топ. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туды. Ол 4 жасында ауыл мұғалімінен хат таниды.
1905 жылы Петропавл қаласына медресене оқуға түседі.
1910 жылы Уфадағы Ғалия медресесінен дәріс алады.
1926 жылы Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітірді.
1938 жылы Мағжан Жұмабаев қайтыс болады.
2 топ. Мағжан Жұмабаевтың ақындық ортасы.
Мағжан Жұмабаев – қазақтың аса көрнекті ақыны.
Ол медреседе Бейімбет Майлинмен танысады.
Семинарияда болашақ ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады.
1912 жылдары ол Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтан дәріс алады. Мағжан Жұмабаев башқұрт халқының аса үлкен жазушысы Сайфий Құдашпен бірге жұмыс істейді.
3 топ. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары.
Мағжан Жұмабаев өлең, поэма,қара сөз, мақалалар жазды.
1912 жылы «Шолпан» атты жинақ шықты.
Оның өлеңі «Бәрінен де сұлу» өлеңі халық арасына кең тараған.
Оның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», поэмалары бар.
Ақын балаларға арналған «Бесік жыры», «Туған жер», «Бала мен құс» өлеңдері бар
Көп рақмет, балалар, үш топ та өте жақсы дайындалған. Балалар, Мұхтар Әуезовтің
Мағжан Жұмабаев туралы осындай тамаша сөзі бар:
«Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып артқы күнге анық қалатын сөз – Мағжанның сөзі»
«Ғалымның хаты өлмейді
Батырдың аты өлмейді» — дейді халық. Мағжанның жастарға, келешекте қалдырған рухани байлығы қайнар көзі – асыл мұра. Сөз маржанның шебері өмірден ерте кетсе де артынан өшпес із қалдырған. Ақын қайда болса да, өлеңмен өмір сүрді, тамаша туындылары өмірге келді. Сондай өлеңдердің бірімен біз бүгін танысамыз. Сендердің мақсаттарың алфавиттік рет бойынша буындарды жинау.
Тар – Б, мін – Д, мен – А, ға – В, жас – Ә, не – Ғ, се – Г.
Сонымен, балалар, қандай өлең шықты?
Дұрыс, «Мен жастарға сенемін»
Балалар, осы сөйлемде қандай зат есім бар?
Дұрыс, жастар.
Балалар, жастар сөзін естігенде қандай ассоциациялар туады?
Бұл жұмысқа 1 минут беремін. (әр топқа өз ассоциациялар қағазға жазады және тақтаға іледі)
сұлу махаббат

жастар
өлең көктем той-думан
Балалар, жастар туралы қандай өлең білесіңдер?
Дұрыс, «Жастар әні» (әнді орындау) Сендер жастар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.Жас өсер,
Жарлы байыр.
2.Кәрі жатса қуанады,
Жас жүрсе қуанады.
3. Жас кәрінің көзі,
Кәрі жастың тезі.
4.Жасында қалжың болсаң,
Қартаиғанда мылжың боласың.
5. Жаман іске ақыл көп керек, жас адамға үлгі көп керек.
Өлеңмен жұмыс:
А) Мұғалім мәнерлеп оқиды.
Балалар, мен мәнерлеп оқимын, ал сендер мұқият тыңдап, жартылай дауыстап оқуға дайындалындар.
Ә) жартылай дауыстап оқу.
Б) жаңа сөздермен танысу.
Айбатты – грозный
Қайратты – энергичный
Көздерінде от ойнар – на глазах пылающий огонь
Жаннан қымбат оларға ар – честь для них дороже жизни
Мен жастарға сенемін – я верю молодым
В) түсініксіз сөздермен танысу
Балалар, бұл өлеңде қандай түсініксіз сөздер кездеседі, сөздерді қарындашпен сызыңдар.
Жалын – пламя
Жайып – расправив
Ұмтылған – стремится
Көздегені – наметил
Мұғалім оқиды
Хормен оқу
Тізбектеп оқу
Пармен оқу
Г) өлеңді аудару (әр топқа бір шумақтан).
Д) мәнерлеп оқуға 4минут беремін
(әр топтан 1 оқушы шығып өлеңді мәнерлеп оқыды).
Е) өлеңді талдау (әр топқа 1 шумақтан беру).
1 топ – сын есімдері табу, 1 шумақта есімдер кездеседі?
2 топ – көптік жалғауды, фразиологизмдерді табу.
3 топ – етістіктерді табу, лириканың түрін анықтау.
Қорытынды:
-Балалар, біз бүгін кіммен таныстық?
-Оның қандай шығармасы бар?
— дұрыс, келесі жұмысымыздың түрі сұрақтарға жауап беру.
Әр топқа 2 сұрақтан беріледі, сендер 2 минут ішінде сұрақтарға жауап берулерің керек.
1 топ
1. «Мен жастарға сенемін» авторы кім?
2. Ақын жастарды неге теңеген?
2 топ
1. Ақын неліктен жастарға сенеді?
2. Ол неше жасында мектепке барады?
3 топ
1. Ақын жастарды қандай көңіл-күймен жырлаған?
2. Мағжан Жұмабаев қай жерде туды?
Сонымен сабағымыздың басында
«жастар» сөзіне ассоциация жаздыңдар, ал енді, балалар, өлеңмен таныстық, жастар қандай болу керек екенін әр топ 2 минут ойлап, осы сұраққа жауап береді.
Айбатты күшті білімді
ЖАСТАР
Жалынды алғыр Отанды сүю
Алдағы өмірде өздеріңді қалай көресіңдер?жауап беру
Ал, балалар
Қазіргі жастарға біз де сенеміз.
Олар қандай болуы керек?
Олар: білімді, қайратты, адамгершілігі мол, патриотты, сегіз қырлы, мейірімді, дарынды, өз Отанын қорғай алатын, намысты жастар. Біз жастарға сенеміз, сенеміз! Жастар — біздің болашақ.
Бағалау (бағалаларды әділ қою)

Добавить комментарий