Пәні: ИЕТ
Сыныбы: 8
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді реттеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды кестелік редактордағы реттеу түрлерімен таныстыру. Реттеу параметрлерін орнатуды және мәліметтер базасының өрістерін үйрену;
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ой-өрісін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабақты еске түсіру.
1. Мәліметтер базасы дегеніміз не? (белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель).
2. Тізімнің жолы дегеніміз не? (мәліметтер базасының жазылуы).
3. Өріс дегеніміз не? (A, B, C, D, E, F бағандары).
3. Жаңа тақырыпты баяндау
Мәліметтерді реттеу кез келген кестенің негізгі амалы болып табылады. Excel-де кез келген өзгерту және толықтырудан кейін қажет болған жағдайда мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. Excel-де бір немесе бірнеше өрістерді реттеуге болады. Мәліметтер базасындағы жазуларды Excel-дің дұрыс реттестіруі үшін қай өрісте жаңа жазу болатынын көрсету қажет. (Мұндай өрісті реттеу кілті деп атайды).
Мәліметтерді реттеу үшін:
— кестенің бір ұяшығын белгілеу;
— Мәліметтер – Реттеу (Данные – Сортировка) командасын орындау;
— пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.
Реттеуі бойынша (Сортировать по) өрісінің тізімінен, мәліметтері реттелінетін өріс және реттеудің типі таңдалынады.
по возрастанию – сандар өсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;
по убыванию – кері реттеледі;
Затем по өрісінің тізімінде мәліметтері реттелетін және бірдей мәндері бар өріс таңдалынады;
Қосымша реттеу Реттеу параметрі (Параметры сортировки) батырмасында тышқанды шерту арқылы қойылады;
Регистрді ескерту (Учитывать регистр) жалаушасы бар әріп және кіші әріптерді реттеу кезінде қолданылады.
Сонымен қатар мәліметтерді реттеу үшін келесі әрекеттерді орындауға болады:
1. Мәліметтерін реттеу керек болатын ұяшықтарды ерекшелеу керек;
2. Егерде реттеу өсу бойынша жүргізілсе, онда Стандарттық тақтада батырмасы бойынша, ал егерде кему бойынша жүргізілсе, онда Стандарттық тақтада батырмасы бойынша шертуге болады.
Тапсырма. Оқулықтағы 9.2-тапсырма (Тізімдегі мәліттерді реттеу)
Қорытынды
Жаңа сабақты пысықтау:
Бақылау сұрақтары:
1. Excel-дегі мәліметтер базасында реттеу қалай орындалады?
2. Мәліметтерді реттеу не үшін керек?
Үйге тапсырма: 9.2-тақырып