Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары

Аудандық балалар саз мектебі
Тақырыбы: Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі   бағыттары
.

Орындаған: Аудандық балалар саз мектебінің
домбыра класының мұғалімі Айтмағамбетова Г.Қ.

Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі   бағыттары.

Оқу- тәрбие жұмысында ұлттық мектептің  негізгі ерекшеліктері ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайтадан табыстыру.

Музыка өнері әрбір оқушының әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды.Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның обьективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.Тәрбиедегі басты мақсат:

қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни  өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болып табылады.

Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату-басты міндет.Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады.Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілеттерін арттырады.

Ұлы Абай  өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б.мәселелерді көтере келіп, эстетикалық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын қарастырды.Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуды үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады.

Осы орайда бесік жыры оқушылардың эстетикалық мәдениетін, қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық қиял-қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, айнала –қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рөл атқарады.

Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:

1)музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы(бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларын талдауы);

2)өз бетінше қатысуы;

3)музыканы кездейсоқ тыңдауы.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді »т.б өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді.Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.

Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді.Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.

Музыкалық шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі.Көркемдеу құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады.Талдау үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан, бұларды түсіндіріп отыруды мұғалім басты мақсат етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың сөздік дәптерінің болған жөн.Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін.Сөздік дәптер арқылы әр сабақ сайын оқушының сөздік қоры молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі.

Күйді талдау, үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы салыстыру оқушыға өз ойын жеткізу жеңілдігін тудырады.Мысалы, ән және күй жанрдың ортақ белгілері(нық, жігерлі, екпінді)таладу мен қатар, тиісті айырмашылығы    (бірі жеңілдеу, екіншісі ауырлау болса бірі жоғары, екіншісі төмен регистрде орындалуы)арқылы тыңдалушылардың белгілі бір тобына  арналатындығы анықталады.Оқушы осының бәрін әсерлене тыңдай отырып, талқылауға белсене қатысады.Мектеп оқушыларын аспаптық музыканы талдау біртіндеп күрделене береді.Мектеп бағдарламасының осылайша құрылуы оқушылардың көркемдік  талғамын музыкалық  қабылдауына жол ашуымен бірге, олардың өзіндік пікірін айта латындай деңгейе жеткізеді.Шығарманы адам сезіне әсер етудің қайнар көзі музыкалық тақырып болып табылады.

Тақырып шығарманың мазмұнын түсінуде басты рөл атқаратындықтан, оның басталып, аяқталуын анықтай алу дағдысын әдетке айналдырған жөн.Мұндай дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе болады.Сондықтан  шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл күйдің (жігерлі, сергек, сабырлы, ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға үйреніп шығарма болмысынан саналы түрде түсіну сатысына, қарай ауысады. Күрделі шығармадан  үзінді орындаған симфониялық оркестрдің құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын ешқандай да орындау аусытыра алмайды.Оратория, кантата, опера, симфониядан алынған үзінділерді үнтаспадан тындатқанда ғана сабақ мақсатына жетеді.Қай жағдайда да, орындаушы-шығарма мазмұнын жеткізуші.

Шығарманы тыңдап болғаннан кейін оның мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар жүйеісн сабақтан бұрын жан-жақты ойластырып алу қажет.Бұл мәселеде мұғалім белгілі бір материалды талдау арқылы оқушыларға нені меңгертетінін өзі анықтап алады.Қойылатын сұрақтар жүйесін дайындауда тағы бір ескеретін мәселе, сабақ өтілетін сыныптың жалпы музыкалық жабдықталу деңгейі.Осы екеуі ескере отырып, нақты сұрақтар жүйесі дайындалады.Олар анық, қысқа, нақты, дұрыс жауапқа бағыттау арқылы оларды жалпы нәрседен ең бастысын  қорытындылай білуге үйретеді.

Тәжірибелік көркем бейнелеу іс-әрекеттері барысында:

-оқушылардың көркемдік білім негіздерін игеру және олардың бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту;

-балалардың көркемдік образдар жасау және шығармашылық  іс-әрекеттерінде әдеби шығармалардан, фольклордан әсерлі сюжеттерді немесе тарихи оқиғаларды көрсете, ұлттық музыканы естірте отырып, туған жер тарихымен, халвық өмірімен, тұрмыс-салтымен мәдени дәстүрлерімен байланысты тақырыптарды мейліңше оңтайлы пайдалану.

Өнерді эстетикалық мәнде қабылдау саласында:

-оқушылардың өнерді эстетикалық қабылдауын жүйелі қалыптастыру, шығарма мазмұнын талдай және бағалай білудағдыларын дамыту;

-шындық обьектілері мен өнер туындыларының мазмұнын салыстырмалы талдай білуге баулу;

— оқушылардың туған халқының өнердегі көркемдік дәстүрлерін танып білуіне ықпал етеді.

Домбыра сабағында нақты мақсат арқылы оқушының сезімін(эмоция)  ояту.Оқушылардың сабақ үстіндегі эмоциялық өзіндік іс-әрекеттері бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады.

Сезімді(эмоция)  ояту үшін қабылдауда белсенділік мақсаты қойылады.Бұл мақсат:

а)шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау;

ә)шығарманы ойын арқылы жеткізу;

б)тиімді әдісті таңдап ала білу;

в)оқушылардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескере отырып, музыкалық шығарма таңдайу арқылы жүзеге асырылады.

Екінші міндет-музыканы саналы түсінуге баулы.Саналы түсіну үшін белгілі бір деңгейде музыкалық білім болуы керек.Сондықтан, бұл міндетті жүзеге асыру үшін, нота сауатын меңгерту мақсаты қойылады.

Нота сауаты:

а)музыканың  көркемдік құралдарын (екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр, гармония,

өлшем т.б)музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру;

ә)әнді күйді нотамен оырндау;

б)түрлі көрнекіліктер пайдалану;

в)ырғақтық қимылдар жасау(нота биіктігін көрсету, қолды ырғақпен шапалақтап ұру) арқылы меңгертіледі.

Үшінші міндет-музыкалық шығарманы өз шама шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгеру.Орындаушылық дағдыларды меңгеру арқылы көркемдік білім беру мақсаты қойылады.Бұл мақсат:

а) вокальды хор дағдыларын;

ә)аспаптарда орындау дағдысын;

б)ырғақтық би дағдыларын;

в)шығарманы тыңдап, тыңдай алу жағдысын меңгеру арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда көрсетілген үш міндеттерді жүзеге асыру арқылы оқушының көркемдік талғамы қалыптасады, әр түрлі жанырдағы музыканы талдай отырып, оның сапасын ажырата білуге үйренеді.Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі-осы ата-бабаларымыздан музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп адам өмірін  нұрландыруға ат салысатын музыкалық білім азамат тәрбиелеу.Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны саналы

түрде қабылдауға баулу-музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі міндеттердің бірі.Өйткені, оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғашқы шарты болып есептеледі.

Әр сабақты жоспарлау барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау,

түрлі вокалдық әдістерді меңгеру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне көп назар аударылуы керек.

Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген.

Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған.

Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылдаған.Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрестуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып,  балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.

Кеңес дәуірінен бастау алатын музыкалық білім беру жұмысы күні  бүгінге дейін айтарлықтай жетістікке жетті.Мектепке музыкалық тәрбие беру ісі мынадай екі салада дамып келеді:

1)жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағы;

2)мектептен тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие беру орындары (музыка мектептері, мәдениет сарайларындағы немесе мектеп жанындағы музыкалық студиялар, үйірмелер).

Музыка сабақтарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады

1)оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету;

2)музыка әуенін өзінше таңдап, тыңдай білуге үйрету;

3)ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән атуға баулу;

4)белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттықтыру.

Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адам қасиетінің,

интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді.

Балараларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту, қызықтыру, оқушыда тұрақты бір рухани талғам қалыптастыру, әуен-сазынан көркем бейне таба білу сияқты ірі де қажетті мақсаттардан көрінеді.

Осы жерде, халықтың мәдени дәстүрлері –адамдарды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы тарихи түрде қалыптасқан тәжірибесі ретінде адамгершілігі жоғары ұрпақты қалыптастыруға бағытталғанын айта кету орынды деп ойлаймын.Ойымызды қорытындылай болсақ, оқушыларға көркем—эстетикалық тәрбие беру, халықтың мәдени дәстүрлеріне негізделуі тиіс.Ол дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндігі зор, ұлттық және әлемдік мәдениет жүйесіне бейімделуге  қабілетті, «ұлттықтан жалпы адамзаттық» деген диалетикалық мәнді түсінуге бағдарланған этномәдениет субьектісін қалыптастыру үрдісіне барынша ықпал етті.

Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары

Презентацияны жүктеп алу[attachment=251]

Добавить комментарий