Наурыз — жыл басы

Шамелова Айгуль Кенесовна, І санатты мұғалім

А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ

Орал қаласы

Тақырыбы:  «Наурыз — жыл басы»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  суретті плакат, нақыл сөздер, ұлттық киімдер,жартылай тігілген киіз үйде ұлттық ыдыс аяқтар, қамшы және т.б.

            Барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

1-жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

2-жүргізуші: күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың!

1-жүргізуші:   Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын.

2-жүргізуші:  Ұлыс береке берсін

Пәле-жала жерге енсін.

1-жүргізуші:   Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

2-жүргізуші:  Ұлы күні ұлыстың

Басы болғай ырыстың

1-жүргізуші:   Наурыз! Көктем! Гүл өмір!

Қиындық қыспен қалып тұр.

Үмітпен жүрек жанып тұр

Малдар төлдеп қой қоздап

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.

2-жүргізуші:  Кел Наурыз, тарихымдай ғұрпым асыл,

Ақтарып тереңдерден жыр тумасын.

Ұлыстың Ұлы күні жыл басы боп

Көңілдің құсын көкке ұшырасың.

 Наурызым, сәби үні шаттығымсың,

Өмірге нәр беретін бақ нұрысың.

Ақсарбас шалып ылғи қарсы алатын.

Мақтанамын  ұлтымның салты үшін.

Дана                  Кел, Наурыз, келешекті жарқын шолып,

Барыстай ұрпақтапрға даңқың қонып.

Қазақстан болғанда —  Ғажапстан,

Қол соғып, қуаналық халқым болып.

Жанерке:        Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

Тоғжан:        Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

Азиза:   Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірін танысын деп тасып өткен.

Наурыз-сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқым неткен!

Інжу:                Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай.

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

Жасмин:       Көргенде қуанасың таза әуені,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,

Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

Гүлден:     Көктем сайын арда елеген Ана-Күнді

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай Наурыздың ей адамдар,

Туыстарша тойлайық Жаңа жылды.

Арухан:       Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

Наурызың құтты болсын, апа — әкелер,

Наурызың құтты болсын, ата-әжелер.

Ән:   «Наурыз»                                                    

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)

(Әжелер  шашу  шашады)   Әже:   Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Мұғалім: Әлбетте, Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан.Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал байлайтын болған.

Жарапазаншылар:    

Ей, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Елім наурыз келді деп,

Той дабылын қағыңдар!

Әлихан:  Наурыз құтты болсын!

Әлішер:  Ақ мол болсын!

Әлімжан: Елбасымыз аман болсын!

Мүслім: Еліміз гүлдене берсін!

Мирас С: Уағалейкум ассалам!

Кең пейілді қазақ елім!

Кемелденген ғажап елім!

Ұлыс күні құтты болсын!

Ел іргесі мықты болсын!

Мерғали:           Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Мейіржан:   Айтамыз жарапазан отбасыңа

Тілейміз денсаулықты бас-басыңа

Тілесек  денсаулықты бас-басыңа

Амандық келер әр күн отбасыңа

Ақжол:   Айтамыз жарапазан ауылыңа

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Бас имес кімдер келіп ауылыңа

Мадияр: Айтамыз жарапазан еліңізге

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Байласаң жақсы орамал белімізге

Кетеміз мақтай-мақтай елімізге.

Ералы:      Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?

Дәстүрін халқымыхдың біз ұмытсақ

Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?

Арман:    Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз.                                                                                         

Мирас А:                 Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Мұгалім:   Міне Наурызда келді. Осы наурызға байланысты не білер екенбіз? Соны ортаға салайық.

1-оқушы: Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі.

2-оқушы: Осы көне мереке көктемнің келгенін, табиғаттың оянғанын білдіріп, Жаңа Жылдың басы ретінде туысқандық пен бір-біріне деген құрметті білдіреді.

3 –оқушы: Наурыз тілек.  Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.

4-оқушы: Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі. 

5-оқушы: Наурызнама- шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады.   Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

6-оқушы: Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды.

7-оқушы: Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қаушақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.

8-оқушы: Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамдары бар. Наурыз-қазақтың ұлттық мейрамы. Бұл күн мен  түн теңелетін көктем мен еңбек мерекесі. Халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні деп атайды»

9-оқушы: Наурыз шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы боп есептеледі. Самарқанның көк тасы жібитін көктемнің шуақты шағымен тұспа-тұс келетін мереке.Бұл күні Қызыр ата әр шаңырақтың табалдырығын аттап, тәуелсіз елдің әр отбасына береке-бірлік, таусылмас ырыс, шуақ шашқан шапағат пен қуатты денсаулық тілеп мінажат етеді.

10-оқушы: Наурыз көже— наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

11-оқушы: Қазақ елі Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде   төрге қос шырақ жаққан. Жаңа жыл мұнтаздай тап-таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқау, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішінің шаңы қағылып, жуылып тазартылған.

12-оқушы: Жыл бойы ақ мол, жауын-шашын көп болсын деп Қызыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай, күріш), аққа (сүт, шұбат, қаймақ), кәусар бұлақ суына толтырады.

13-оқушы: Наурыздың 21-і түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр ата адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял ғажайып бейне.Қызыр ата даланы кезіп жүрін назары  жерге түссе оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен.

Мадияр:     Жақсылыққа қашанда

Жан баласы тоймаған

Жаңа жылдың басы деп

Жақсылықтың асы деп

Көже жасап көл көсір

Наурыз тойын тойлаған!

Әже Наурыз көже туралы айтып,  оқушыларға көже ұсынады.

Мұғалім:  Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр. (Қыдыр ата кейпінде оқушы келеді)

Қыдыр ата: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)

Ұлыс  оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Уайым қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Аумин!!!   (бетін сипап бата береді.)

Қызыр ата: Балаларым ата-салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарын өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал кәне, енді қандай қызықтарын бар? 

Мұғалім: Жез таңдай, күміс көмей ақындарсыз қазақтың қай тойы өтіп еді! Ақындарымыздың өнерін тамашалаңыз.

1-айтыскер: Мінгені сылқымдары берен екен,

Өнері талаптының өлең екен.

Сұрайын қайыруын айтып берші,

Бірінші жылға кірген немене екен?

2-айтыскер: Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,

Өмірде күнәліні қысқан екен.

Айтайын сұрағыңа анық жауап,

Бірінші жылға кірген тышқан екен.

1-айтыскер: Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді.

Сүзілтіп жал құйрығын тарар еді.

Жыл атын өткен жылғы айтып берсең,

Көкейге қонып өшпей қалар еді.

2-айтыскер: Қонғаны ауылымның ой болады,

Мереке жылда осындай той болады.

Түйіп ал көкейіңе ұмытпастай,

Жыл аты өткен жылғы сиыр болар.

1-айтыскер: Ауылым қыстап отыр ойқораны,

Мереке күнде осындай той болады.

Биылғы жылдың атын айтып берші,

Білгеннен соң тағыда ой толады.

2-айтыскер: адамға құдай берер несібені,

Мына дос қалай-қалай көсіледі.

Біліп ал, мен айтайын мұның жайын,

Биылғы кірген жылың барыс болар.

Екеуі бірге: Өлең жыр көп шырқалды қосыменен ,

Айтысты ақталық осыменен.

Сау болып тұрыңыздар, апайларым,

Сәби де жетіледі досыменен.

Екінші жұп

1-айтыскер:  Айтыс, айтыс болады

Өлең айтса жөнімен

Наурыз тойын қыздырып

Кім айтысар менімен 

2-айтыскер:  Біздің Ару шиқылдап

Ұқсайды екен шөжеге

Шөлдеп қапы шөжелер

Шөлдегенге көже бер

1-айтыскер:   Шуылдаған қозыдай

Ойнайтұғын, Ералы

Көже көрсе тауыспай

Қоймайтұғын, Ералы

2-айтыскер:   Қадай алмай түймеңді

Жылауыңды қойдың ба?

Сабағыңды апаңнан

Сұрауыңды қойдың ба?

1-айтыскер:  Сүрінгенді мазақтап

Жөнің жоқ қой күлетін

Сен дейсің бе саусағының

Санын білмей жүретін

Екеуі:  Жылдың басы – Наурыз

Жырдың басы – Наурыз

Наурызға жыр арнап

Айтысармыз әлі біз.

Мешін жылы тек жақсылық, молшылық болсын!

Ән:   «Мен ауылға барғанда»

Тақпақ: «Көктем»

Әнші құстар баққа қонсын

Алтын табақ аққа толсын!

Шаттығының сәтті күнін

Татулықтың тәттілігін

Көрсін ұрпақ қайырымды

Бұлт шалмасын ай-күнімді

Мұғалім: Наурыз туралы көптеген мағлұмат алдық.

Бәрі: Наурыз құтты болсын!

Добавить комментарий