Интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын
Мақсаты:
1. Қазақстан республикасы алғашқы президентінің тәуелсіздікке қосқан үлесі туралы студенттердің білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2. Студенттердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: «Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы-тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы » жазуы бар плакат ,, безендіру құралдары,интерактивті тақта.
Қатысушы:1 курс студенттері.
Топтың аттары: «Отан», «Қазақстан -2030».
Жоспары:
1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы
1минут, 10 сұраққа жауап.
2 тур: « Самғау»-ұпайы көп команда бастайды.
Қосымша көмек беріледі.
5 минут сұрақ беріледі.
3 тур: Шарықтау- сайысы.
4.тур: Шырқау жанкүйерлер сайысы.
5. тур: «Ойлан тап»- сұрақ жауап.
Ойын қортындысын шығару.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған-дей отырып «Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы-тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» тақырыбы аясында өтетін интеллектуалды тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер. Қысқаша Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны туралы айтып өтсекслайд көрсетіледі.Бейне фильм көрсетіледі.
Ойынға қатысып отырған 1 курс студенттері
Команданы таныстыра кетсек: Отан командасы өз тобынан таныстырады.
. Қазақстан -2030тобының басшысы өз командасын таныстырады.
«Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.
1 тур «Қанат қақты»
Команда капитандар сайысы Отан командасы 1мин 10 сұраққа жауап береді.
1 Нұрсұлтан Әбішұлы туылған жері
2 Қай жылы Қазақ ССР –ін «Қазақстан республикасы атауы беріліді» ?(1991,10-желтоқсан)
3 Нұрсұлтан Әбішұлының анасының есімі? (Әлжан)
4 Қай жылы және қай қалада бірінші Дүниежүзілік құрылтай өтті? (1992 ж,29-қыркүйек-3 қазан)
5 Құрылтайға қанша ел және қанша делегат қатысты? (30 ел,700 делегат)
6 Конституция бойынша, халық атына билік жүргізу құқығы кімдерге берілген.
(Президент Парламент)
7 Қай жылы Қазақстан астанасы Алматыға көшірілді. (1920)
8 Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс)
9 ҚР алғашқы «Контицуия туралы» қашан қабылданды?
10 Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс)
Ал енді екінші топ капитанына сұрақтар Атамекен тобы
1 Нұрсұлтан Назарбаев қай жылы туылды? (1940ж, 6 шілде)
2 Нұрсұлтанның әкесінің есімі кім? (Әбіш)
3 Қай жылы Қазақ ССР-ның алғашқы президенті сайланды?(1991,1-желтоқсан)
4 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақ ССР-нің алғашқы президенті кім? (Н.Назарбаев)
5 Қазақстан Республикасының халық саны (16 млн жуық)
6 Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет?(Турция)
7 Қай жылы Қазақстан Астанасы Астанаға ауысты? (1997ж)
8 1992 ж наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды. (БҰҰ)
9 Қазақстанның батысындағы өзен.(Жайық)
10 Жаппай- қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні? (1997ж, 31 мамыр )
1-ші турдың Ұпай санын белгілеу
2 Келесі турымыз Самғау деп аталады. Көп ұпай жинаған команда бастайды.
Әр командаға сурақ 3 беріледі. Жауап таңдауға 1минут, жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда қарсы топ жауап береді.
Отан командасына
1) «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз» -деп .Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынған жас қазақ қызы. 1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні серігі — пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың жас қызға қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті
2) 16 желтоқсан Қазақстан өмірінде қандай күн
3 Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)
Атамекен командасына сұрақтар.
1) Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі қандай мағынаны білдіреді. (алдында отырған)
2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
3) 2) Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірген.
тарихи тұлға кім?
Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.
(Шоқан Уалиханов)
Келесі 3 турымыз Шарықтау деп аталады Нұрсұлтан Әбішұлы туралы шағын Эссе жазу
3 мин беріледі
4 турымыз жанкүйерлерге арналады.Яғни оларды 2 топқа бөліп Отан туралы мақал-мәтел айтып жарыстыру және сол командалардың жинаған ұпайын ойыншыларға беру.
5 турымыз «Бұл кім?» деп аталады.слаид арқылы мәлімдеме беріледі.Дұрыс жауабы сурет арқылы көрсетіледі
Отан тобы
1 «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
Сара Алпысқызы
2 (1953 жылы 18 тамызда Алматы облысында туған) — Әскери атағы — подполковник.
Діни көзқарасы — дінге деген сыйластығы бар.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Тірегі мықты, гүлденуші, демократиялық мемлекет. Қазақстан — тек қана алға!».
Хоббиі — шығармашылық қызмет, кітап оқу, немересімен бірге ойнау.
Сүйіп оқитын әдебиеті — саяси және тарихи тақырыптағы әдебиет.
мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Білім және ғылым министрі (2012 жылдан бастап).( Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов )
Атакент тобына
1 ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының мүшесі (2005), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан).
«Парасат» (2005) орденімен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының, «Дарын» сыйлығыныңлауреаты. ҚР Еңбек сіңірген әртісі.
Діни көзқарасы — мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Жарқын». Хоббиі — ат спорты, жүзу. (Бекболта Тілеуханов)
2 Қоғам және мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы.
Телевизия өнерлері мен ғылымдар халықаралық академиясы (Нью-Йорк, АҚШ) басқармасының мүшесі, Еуразия экономикалық халықаралық академиясының мүшесі, Стратегиялық зерттеу Еуразия орталығының президенті.
Әр уақытта қоғамдық мансаптары болған: ҚР ЮНЕСКО жайындағы ұлттық коммисиясының мүшесі, «Қазақстан жарнамасы» қорының президенті, ҚР гимнастика федерациясының құрметті президенті, Қазақстан журналистері конгрессі атқару комитетінің төрайымы, Журналистер академиясы мүшесі, «Жастар қалауы» ұйымы қамқорлық кеңесінің төрайымы.
(Дарига Назарбаева)
Бұл біздің соңғы турымыз болатын әділ қазы алқасы баллды есептеп болғанша біздің білімгерлеріміздің өздері Нұрсұлтан Әбішұлына шығарған өлен шумақтарын оқып береді.