Объектілерді іздеу. Жол сілтеуіш. Анықтама. (Windows)

__ – сынып Мерзімі __________ № ________
Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Жол сілтеуіш. Анықтама.

Сабаққа керекті материалдар:
1) Таратпа материалдар
Сабақ жүргізу әдісі: Аралас
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу.
2. Үй жұмысын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Өткен тақырыптарды қайталау:
— Операциялық жүйе
— Терезе құрылымы, элементтері
— Мәзірлер

Жаңа сабақ
Объектілерді іздеу

Егер компьютерде файлдармен немесе бумамен жұмыс істегенде сіз олардың атын және қайда тұрғанын білген болсаңыз, онда оларды бумалар немесе Сілтеуіш көмегімен іздеу өте тиімді. Ал, егер де сіз ізделінетін объектінің орнын немесе атын білмей, ұмытып қалған жағдайда сізге бумалар терезесі көмектесе алмайды. Мұндай жағдайда Windows жүйесінің Іздеу немесе Табу командасы көмекке келеді.
Бұл команда компьютеріңіздің кез келген жеріндегі құжат файлдарын, программаларды, бумаларды, тіпті желідегі тұтастай бір компьютерді жылдам іздеуге көмектеседі. Объектіні оның аты, құрылған күні, өлшемі, құрылымы немесе осы параметрлердің жеке комбинациялары бойынша іздеуге болады.
Команданы шағыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Жіберу — Бас мәзір — Табу — Файлдар және бумалар.
Экранда Табу командасының үнсіз келісім бойынша белсенділенген Аты және Орналасқан орны қосымшасы пайда болады, онда не іздеу керектігі енгізіледі. Мысалы, Аты өрісінде бума немесе файл атын көрсетуге болады, ал егер де сіз файл атын білмесеңіз Мәтін іздеу өрісінде мәтінде кездесетін жеке сөзді енгізуге болады.
Объекті табылған уақытта, терезенің төменгі жағынан ізделінген объектіні табу жолы көрсетілген қосымша өріс пайда болады.
құрамында нақты мәтіні бар файлды табу үшін, Мәтін іздеу өрісінде ізделінетін сөзді енгізу қажет, мысалы, Информатика. Іздеу нәтижесінде құрамында Информатика сөзі кездесетін барлық файлдар мен бумалар аты тұратын қосымша өріс пайда болады.
Соңғы өзгертілген уақыты бойынша файлды (немесе барлық файлды) іздеу үшін Дата қосымшасын белсенділеңіз және диалогтық терезеде керекті параметрлерді орнатыңыз: өзгертілгендерді немесе құрылғандарды іздеп табуға болады, немесе соңғы уақытта (сіз арқылы көрсетілген), бірнеше айлар немесе күн бұрын ашылған файлдар, сонымен бірге күндер арасындағы интервалды да көрсетуге болады. Содан кейін Табу батырмасын шертіңіз.
Файлды оның типі немесе өлшемі бойынша табу үшін, қосымша қосымшасында қажетті өлшемді және файл типін беріңіз. Табу батырмасын шертіңіз.
Табу командасының көмегімен файлдар мен бумалардан бас?а сізге желімен жалғанған кез келген компьютерді де табуға болады. Ол үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңыз:
Жіберу — Бас мәзір — Табу — Компьютерлер.
Диалогтық терезеде Аты өрісінде компьютер атын енгізіңіз немесе айналдыру батырмасының көмегімен компьютерлер тізімін ашыңыз және тізімнен компьютер атын таңдаңыз. Табу батырмасын шертіңіз.

Жол сілтеуіш
(Проводник)

Жол сілтеуіш — Windows жүйесінде файлдарды басқару программасы болып табылады. Ол екі панельден тұрады. Сол жағында бумалар тізімі құрылымды түрде көрсетіледі. Оң жағында сол жақта екпінді болып тұрған буманың ішіндегі объектілер көрсетіледі. Егер буманың ішінде басқа бумалар болса оның белгісің сол жағынжа “+” белгісі көрсетіледі және ол оның жинақталып тұрғаның білдіреді. “+” белгісін бассақ ол белгі “-” белгісіне айналадыда бума ішіндегі объектілер ашылып құрылымды түрде көрсетіледі.
Қосу жолы:
Жіберу — Бас мәзір — Программы — Проводник

Файлдар

Файл — бұл жеке аты бар байттар тізбегі. Файл программа немесе құжат болуы мүмкін. Windows-те программаның басқаша атауы да қолданылады — қосымша.
Құжат программаға бағынышты, ол программаны өңдеу үшін объекті немесе программа өңделгендегі нәтиже ретінде қызмет етеді.
Әрбір файлдың жеке аты болады. Файл аты екі бөліктен тұрады, оң жақ және сол жақ және екі бөлік арасын нүкте бөліп тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Ал сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символ аралығында бола алады және пайдаланушыға құжат тағайындамасын анықтайды. Файл атында келесі символдарды пайдалануға болмайды: \ ? : * » |.
Құжаттың типі бойынша компьютер құжаттың қай қосымшада өңделетінін анықтайды. Мысалы, құжат үстінде тышқан батырмасын екі рет шерткенде компьютер оның типін анықтап, сол құжат құрылған қосымшада осы құжатты ашады.

Бумалар

Бумалар жүйелік және жұмыс бумалары болып екіге бөлінеді. Windows жүйесінің объектілері жүйелік бумаларда сақталады. Жүйелік бумаларға жасалған қандай да бір өзгертулер жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне немесе тоқтап қалуына әкеліп соқтырады. Жүйелік бумаларға Windows және Program Files, сонымен бірге программалардың өздері құратын бумалар жатады.
Ал жұмыс бумаларына өзіңіз құрған немесе Windows-де сіз үшін құрылған бумалар жатады, мысалы, Менің құжаттарым бумасы.
Windows — та бумалар ішіне бумаларды, бірінің ішіне бірін шексіз орналастыра беруге болады.
Компьютерде бумалар иерархиялық деп аталатын, белгілі бір тізбекте орналасады.
Бумалар иерархиясын Сілтеуіш терезесінің сол жағынан немесе келтірілген схемадан көруге болады.
Windows-тің бумалар иерархиясының ең бастапқысы Жұмыс столы бумасы болып табылады. Бұл бума барлық қалған бумалардың аналық бумасы болып табылады және оның ерекше қасиеттері бар. Жұмыс столы барлық терезе астында орналасады және барлық терезе белгіге айналғанда толық көрінеді.
Жұмыс столы бумасына Менің компьютерім және Себет бумасы салынған.
Өз кезегінде Менің компьютерім бумасының өзінде бірнеше бумалар: A:, C:, D: дискілерінің белгілерінен және екі жүйелік бума Басқару панелі және Принтерлер бар. Ал дискілерде басқа бумалар, файлдар, жарлықтар орналасады,
Бұл бумалар ішінде басқа бумалар, файлдар, жарлықтар болуы және олар бірнеше рет қайталануы мүмкін, бірақ ең соңғы бумада тек файлдар немесе жарлықтар болады.

Тапсырмалар:

1. “сурет.bmp” файлын іздеп табыңыз, барлық суреттерді табыңыз
2. Мой документы бумасында өз сынып атымен бума құрыңыз
3. Сол буманың ішіне өз фамилияңызбен бума құрыңыз
4. Құрылған бумаға ізделініп табылған алғашқы үш суретті көшіріңіз
5. Анықтама жүйесінен Windows операциялық жүйесі туралы мәліметтерді табыңыз
6. Жаңа мәліметтерді конспектілеп алыңыз

Үйге:

Негізгі анықтамалар мен ұғымдарды, негізігі әрекеттерді көмекші параққа (карточка) жазып келу
Оқушылардың білімін бағалау

Осы сабақ жоспарын .doc форматында көшіріп алу [attachment=2]

Добавить комментарий