Қолданбалы математиканы информатикамен байланыстыра тереңдетіп оқыту

Теміртау политехникалық колледжі
Математика мұғалімі
Төлеутай Ая

\»Қолданбалы математиканы информатикамен байланыстыра тереңдетіп оқыту\» курсының жоспары
ТҮСІНІКХАТ

  Бүгінгі информатика — Ақпараттандырудың Мемлекеттік Президенттік бағдарламасын жүзеге асырудың орталығына айналды. Ақпараттық қызметтердің кеңеюіне, қоғамның, өндірістің барлық салаларына жаңа телекоммуникациялық технологияның енуіне байланысты мектептік информатика курсының мазмұны дүниетанымдық және компьютерді қолдану аспектілері бойынша өзгертілуде. Информатикадағы компьютермен өткізілетін сабақтар басқа оқу пәндерінде де кеңінен қолданыс табуда.
Қоғамның талабына сай және білім берудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мектептегі оқу процесін ақпараттандыру мақсатында кіріктірілген сабақтарды көбірек өткізу және математика мен информатиканың практикалық маңызын арттыру қажеттілігі өсті. Курс болжамы:
Математика және басқа пәндердің есептерін шешуде программалау тілін шебер қолданатын, жан-жақты білімді, қабілетті тұлға дайындауға мумкіндік туғызу.
Бұл қойылып отырған мәселелерді орындауға осы курс шешуші үлес қосады. Курсты енгізудің өзектілігі жоғарыда айтылған Білім беру бағдарламасынан туындап отыр.
Ұсынылып отырған бағдарлама математика мен информатиканы байланыстыра терендетіп оқыту мақсатында жасалынды. Осы бағдарламамен жұмыс істеу барысында оқушылардың математикалық теориялық материалдарды өз бетімен программалау тілдері арқылы компьютерде нәтижесін ала білу қабілетін қалыптастыру көзделініп отыр. Курс сыныптарды топтарға бөлу арқылы оқытылады. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау дәстүрлі әдістермен қоса компьютерлік тест, бақылау жүмыстары, білім тексеруге байланысты сұрақтар тізбесі, білім қиықтары, тестік сынақ арқылы жүзеге асырылады.
Курстың негізгі мазмұны:
Мазмұндық мәні ашылып көрсетілетін жетекші математикалық ұғымдар жүйесін компьютерде көрсету.
Осы ұғымдардың әрқайсысын көрсету математикада қойылған мақсат бойынша программалау тілінде программа құру арқылы жүзеге асырылады.
Математика пәні бойынша өтілетін белгілі тараудағы тақырыптарды бөлшектемей толық аяқталған блок ретінде қарастырып, компьютер арқылы орындалатын программасын жасап, талдай отырып, оның практикалық қолданысын жүзеге асыру. Бұл:
• оқушының математикалық білім деңгейін көтеріп қана қоймай,
• оның математикалық, логикалық ойлау қабілетін,
• бір типті боп келетін барлық есептерге ортақ программа жасай алатын,
• оның нәтижесін талдай алатын,
• өмірдегі практикалық орнын көрсете алатын, -интеллектуалды түлғаны қалыптастырады. Сонымен қатар кіріктірілген сабақтарды да жүргізуге мүмкіншілік туады. Курстың мазмұнына есептердің шешімін компьютер арқылы табу кезендері енгізілді. Олар:
1. Берілген шамалар мен ізделінді шамаларды және олардың арасындағы қатынастарды анықтай отырып есептің математикалық моделін қүру,
2. Моделі бойынша есептің алгоритмін (немесе программасын) қүру,
3. Құрылған алгоритмді (программаны) ЭЕМ-де орындау,
4. Алынған нәтижелерді талдау.
Пәннің мазмұны оқытудың педагогикалық технологиясының талаптарына сай келеді.
Курстың мақсаты:
Дамытушылық мақсаты
Оқушыларға математика есептерінің алгоритмін программалау тілінде жазуды меңгерту.
Оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны есептеу процесін автоматтандыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Практикалық мақсаты
Оқушыларды практикалық қызметке, математикалық тақырыптардың дербес және жалпы жағдайлары үшін программа құра білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулу.
Курсты 8 сыныптан бастап аптасына 1 сағаттан оқыту жоспарланды. Оқу жоспары төмендегідей боп жасалынды:

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алгебра. 8-сынып. Оқулық.
2. Справочник по математике.
3. Л. Щульгин. Задачи по информатике.
4. Ж. Қараев. ЭВМ және программалау элементтері. 1991 ж.
5. Ә. А. Адамов, Г. Т. Балақаева. Бейсик тілінде программалау. 1991 ж.
6. А. Г. Кушниренко, Г. В. Лебедев, Р. А. Сворень. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. 1997 ж.
7. Г. Зельднер. МІСRОSОҒТ ВАSІС РКОҒЕSSIONAL DEVELOPMENТ SҮSТЕМ 7.17
8. Мельникова. Программирование на языке Qbasic

 

\»Қолданбалы математиканы информатикамен байланыстыра тереңдетіп оқыту\» курсының жоспары
8-сынып
(Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат)

Тақырыптық жоспар

Математика

Информатика

Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Квадрат түбір. Қолданбалы математиканы информатикамен  байланыстыра тереңдетіп оқыту  формуласы. Квадрат түбірлерінің кестесі.

Квадрат түбірді жуықтап есептеу. Иррационал сандар туралы үғым. Қолданбалы математиканы информатикамен  байланыстыра тереңдетіп оқыту — иррационал сан. Нақты сандар туралы түсінік.
Квадрат түбірдің қасиеті.

Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру: Қолданбалы математиканы информатикамен  байланыстыра тереңдетіп оқыту функция және оның графигі, қасиеті.

 

 

Программалау тілі
Программалау ортасы. Тілдің алфавиті.
Берілгендер түрі, айнымалылар, өрнектер.
Программада енгізумен шығаруды ұйымдастыру.

 

1
2
2

Шартты және шартсыз көшу.
Шартсыз көшу операторы.
Шартты көшу операторы.
Таңдау операторы.
Цикл операторлары.
Цикл операторы.
Шартты цикл операторлары.

 

1

1

1
2

Программалау тілінің стандартты функциялары.
Квадрат түбірді жуықтап есептеу программасы.

1

1

Графикалық операторлар.
Графикалық режимдер, нүкте, кесінді, шеңбер, тіктөртбүрыш салу операторлары.
Бояу операторлары.
Қолданбалы математиканы информатикамен  байланыстыра тереңдетіп оқыту функциясының графигін салу программасы.

 

1

1
1

Оқушылар нені білу керек
Программа қүру ережесін;
Берілгендер түрлерін;
Программалау тілінің стандартты
функцияларын;
Өрнек түсінігін;
Программада шартты және шартсыз
көшуді, цикддарды үйымдастыруды;
Графикалық операторларды;

Оқушылар нені үйрену керек
Әртүрлі типтегі                                 шамалармен есептерді
программалау;
Логикалық қүрылымдар мен циклдарды
программалауда пайдалануды;
Квадрат                  түбірлерді жуықтап есептеу
программаларын қүруды;
Компьютерлік графика арқылы Қолданбалы математиканы информатикамен  байланыстыра тереңдетіп оқытутүріндегі функциялардың графигін салуды;

Квадрат теңдеу. Оның түбірлері. Толымсыз квадрат теңцеу.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы. Квадрат теңдеуді дискриминанты бойынша зерттеу. Рационал теңдеулер.
Екінші дәрежелі қарапайым
теңдеулер жүйесін шешу.

Толымсыз квадрат теңдеу программасы. Виет теоремасының программасы. Квадрат теңдеудің ортақ программасы.

1
1
1

Компьютерлік графиканы пайдаланып графиктік тәсіл арқылы тендеулерді шешу.

 

2

Массивтер.
Массив мәні, индекстер, элементтер типі, шекаралар. Бір өлшемді массивтер.

 

2

Екінші дәрежелі қарапайым теңдеулер жүйесінің программасы.

2

Оқушылар нені білу керек
Графикалық операторларды; Цикл операторларын; Массив мәнінің түсінігін;

Оқушылар нені үйрену керек
Программалауда массивтерді пайдалануды;
Теңцеулер шешуде компьютерлік графиканы пайдалануды;
Дербес жағдайлар үшін квадрат тендеулерді есептеу программаларын құруды;
Қарапайым    теңдеулер жүйесін шешу программаларын құруды;

Квадрат теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар екінші дөрежелі теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу. Интервалдар әдісі. Екінші дәрежелі екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу.

Ішкі программалар.
Gosub…Return…
Def Fn…

 

1
1

Бір айнымалысы бар екінші дәрежелі теңсіздіктер программасы.

 

2

Квадрат теңсіздіктердің ортақ программасы.

1

Интервалдар әдісінің программасы.

1

Екі айнымалысы бар екінші дәрежелі теңсіздіктер жүйесін шешу программасы.

 

2

 Квадрат тендеулер мен теңсіздіктер үшін ортақ программа.

 

1

Оқушылар нені білу керек
Ішкі программа ұғымын; Ішкі программаларды ұйымдастыруды;

Оқушылар нені үйрену керек
Ішкі программаларды программалауда пайдалануды; Дербес жағдайлар үшін квадрат теңсіздіктерді есептеу программаларын қүруды; Қарапайым теңсіздіктер жүйесін шешу программаларын құруды;

Сынақ

1

Добавить комментарий