Пәні: Информатика 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Операциялық жүйемен және оның қызметімен, түрлерімен, объектілерімен таныстыру.
Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ, түсіндіру сабағы
Сабақтың әдісі: Білім көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, практикалық.
Оқыту құралдары: оқулық, видеролик, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқы кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» ойыны ( сұрақ-жауап әдісі)
• Компьютер жады қандай түрлерге бөлінеді? Ішкі жад неден тұрады?
• Сыртқы жад қандай құрылғылардан тұрады? Қатты дискіге сипаттама бер?
• Дискеттің ақпараттық көлемі қандай? Оптикалық дискінің көлемі қандай?
• Флеш-жинақтаушы дегеніміз не?
III.Жаңа материады хабарлау:
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,
Видео ролик арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.Оқулықтағы қосымша материалдармен таныстыру
Ой қозғау сұрақтары
1. Сіздің үйіңізде қандай ОЖ орнатылған?
2. ОЖ-сіз компьютер жұмыс атқара алама?
3. ОЖ қандай түрлерін білесіздер?
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік бередіБіз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі – операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
■ Бір міндетті ( MS DOS) және көп міндетті қатар атқаратын; (UNIX, WINDOWS)
■ Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
WINDOWSтың негізгі объектілері:
• Қапшық – объектілерді сақтаутын орын. (файлдар, таңбашалар, және т.б.)
• Файл – аты, типі, өлшемі, құрылу уақыты деп аталатыын қасиетке ие бар объект.
• Таңбашалар – нақты объектіге сілтеме.
• Терезелер- экранда жақтаушамен шектелген төртбұрышты аймақ. Басқару элементтері мен жұмыс істеу аймағы болады.
Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі:
Windows графикалық жүйе болып табылады.Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады.UNIX – бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ.
WINDOWS -ТЫ БАПТАУ
Windows 98 операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаланушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows –тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск – Настройка – Панель Управления Баскару панелі қапшығын іске қосу.
«Сергіту сәті» (көзге арналған жаттығулар)
IV. Жаңа материалды бекіту (Сұрақтар мен тапсырмалар)
Тапсырма 1
1. Бас менюден Настройка – Панель Управления командаларын таңдаңдар.
2.Басқару панелі қапшығының терезесінде Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер.
3. Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады.
4. Дата и Время қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.
5. Дата бөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдыру батырмасының көмегімен туған жылдарьщды таңдаңдар, содан кейін Ай көрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды табыңдар.
6. Время бөлімінде мектепте сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар: ол үшін сағаттың астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер, содан кейін Айналдыру батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе оны пернетақтадан енгізіңдер.
7. Применить батырмасын шертіңдер.
8. ОК батырмасын шертіңдер.
Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышьшда қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.
Тапсырма 2
1. Бас менюден Настройка – Панель Управления командаларын таңдаңдар.
2. Басқару панелі қапшығының терезесінде Звук белгісінде екі рет шертіңдер.
3. Свойства : Звук (Қасиеттер: Дыбыс) терезесі пайда болады.
4. События (Оқиғалар) бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктегілерің келген оқиғаны таңдаңдар.
5. Звук (Дыбыс) бөлімінде Айналдыру батырмасымен қандай болса да бір дыбысты таңдап, Проба батырмасында шертіңцер немесе Обзор батырмасын шертіңдер де, Поиск звука терезесінде берілген оқиғаға келісімді дыбыс таңдаңдар.
6. Применить батырмасын шертіңдер.
7. ОК батырмасын шертіңдер.
Тапсырма 3
1. Бас менюден Настройка —►Панелъ управления командаларын таңдаңдар.
2. Панелъ управления (басқару панелъі) қапшығының терезесінде Маус белгісінде екі рет шертіңдер.
3. Кнопки мауса активті қосымшасы Свойства: Маус терезесі пайда болады.
4. Перемещение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.
5. Отображатъ шлейф опциясының жалаушасын орнатыңдар, сонда сендер маусты жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көрсетіңдер.
6. Егер шлейфпен жүмыс істегілерің келсе, ОК батырмасын шертіңдер, ал егер сендерге ұнамаса, Отменаны шертіңдер
V. Қорытынды Топтастыру стратегиясы бойынша сабақты қорытындылау.
VІ. Үй тапсырмасы Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
VІІ. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысын және практикалық жұмысты орындауына қарай бағалаймын.
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен жіктелу әдісімен таныстыру. Тақырып бойынша терең білім беру, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге, өз денсаулығына көңіл бөлуге дағдыландыру,сыныптасын тыңдап жауаптарын толықтыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, интерактивті тақта, электронды оқул.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырманы тексеру
3. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру
а) Пернетақта бөліктерін атаңдар.
ә) Индикаторлар дегеніміз не?
б) Еңгізу пернесін ата.
в) Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай?
г) Модемдер қандай қызмет атқарады?
4. Мақсат қою
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру
6. Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін зерттеу
7. Бекіту кезеңі
6. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау.
Жаңа тақырып:
Алдыңғы тарауларды біз адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Бүгінде компьютер қолданылмайтын сала кемде-кем. Бұған түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жетті. Программалық жабдықтамасыз компьютер – тек микротәсілдер жиыны ғана.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ) құрайды. ПЖ өздерінің қызметі бойынша түрлі топтарға бөлінеді.
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек. Жүйелік программалық жабдықтамаға мына программалар жатады:
1. Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады .
2. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалары.
3. Утилита – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама – саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор) фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар – браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп атайды.
Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суреттермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады.
Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдаланылады. Оларға әртүрлі браузерлер, пошталық программалар және басқалар жатады.
Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйренуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға, тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.
Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты программалар да орын алған.
Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.
Программалау жүйелері.
Жаңа программалар – ОЖ болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, программалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды. Жоғарғы сыныптарда сендер әртүрлі программалау жүйелерінде өздеріңнің программаларыңды жасауға үйренесіңдер.
Сабақты бекіту.
а) Компьютердің программалық жабдықтамасы деген не?
ә) Қосымшаларға қандай программалр жатады? б) Программалау жүйелерінің қызметі қандай?
в) Драйвер-программалар не үшін қажет? г) Утилиталар деген не?
Үйге тапсырма. 8-тақырып, 63-беттегі тапсырма – А деңгейін орындау.
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйе ұғымы
Сабақтың мақсаты : оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
1. Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?
2. ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?
3. ОЖ-ға мысал келтір.
4. Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?
V Жаңа тақырыпты оқып-үйрену
Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстеліндеКомпьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасымен Бастау батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.
Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :
Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.
Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:
· Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.
· Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.
Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :
· Тұтынушы – дербес буманы ашу;
· Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;
· Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;
· Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;
· Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;
· Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;
· Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.
Есептер тақтасы
Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.
Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.
Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.
«Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.
VІ Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс
Оқушылар деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс істейді. Әр деңгейдің тапсырмасы жұмыстың әртүрлі дағдыларын қалыптастырады.
В,С деңгейлік тапсырмалары Paint графикалық редакторында жұмыс дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
VІІ Қорытындылау
Мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалайды.
VІІІ Үйге тапсырма
тест тапсырмалары мен сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың тақырыбы:Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелер.Атын өзгерту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелерімен таныстыру
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: прпктикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы прграммалар және прграммалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік программалардың ішіндегі ең негізгісі операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады.
Операциялық жүйелердің түрлері өте көп. Біз мектепте жәнге үйде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелерін ғана қарастырамыз.Бұдан біраз уақыт бұрын мұндай компьютерлерде МS DOS ОЖ-сі тұратын.Қазіргі кезде кең тараған жұйелер: Windows 2000, Windows XP Windows 7.
Файлдар мен қапшықтар
Файл дегеніміз не? Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі.Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та бағдарламалардың басқа атауы –қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
* .bmp Paint
* .doc Word WordPad
* .txt Блокнот қолданбасының құжаты
* .wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
* .avi Бейне — клип
* .xls Excel кестелік процессорының құжаты
* .ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін- файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Қапшықтар екі түрлі болады:
-кәдімгі қапшық-каталогтар;
— арнайы қапшықтар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.)
Қапшықтарды құру оның құрылымы:
Қапшық элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен тандауға болады: Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.
Терезеде жаңа қапшық құру:
Қапшықты ФайлСоздатьПапка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады.Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру:
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.
СоздатьПапка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.
Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.
Танбаша-бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиетібар пиктограмма, Объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі
Немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows98-дегі қандай да бір объектіге: файлға,қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т.б сәйкес келеді.
Танбаша жеке бір обьект емес, ол файлға сілтымы ғана.Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Танбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.
Үйге тапсырма: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелер