Орыс тілде оқитын топтардағы қазақ тілін оқытудағы мәтінмен жұмыс

                                                                        Гүлмира  Бейсенова

                                                                        Солтүстік Қазақстан облысы

                                                                        Петропавл қаласы

                                                                        СҚУ колледжі

                                                                        Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

                                                                        оқытушысы  

 

                         

                     Орыс тілде оқитын топтардағы қазақ тілін оқытудағы мәтінмен жұмыс

 

       Колледждерде орыс тілінде оқитын топтарда қазақ тілін оқытуда оқытушыдан көп ізденіс,дайындықты талап етеді. Қазіргі уақытта, жаңа заманға сай жоғары технологияларды пайдалану, қазақ тілін үйренушілердің белсенділігін арттыруда қолайлы болып табылады,ал сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу- әр оқытушының шеберлігіне байланысты, себебі оқушылардың терең әрі жинақты біліммен негіздеу, олардың шағармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады.Сабақ өткізуде,оқытуда жұмыс түрлерінің бірі- сабақта мәтінмен жұмысты ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс дегеніміз — мәтін мағынасын толық түсіну, яғни мәтін ішіндегі сөздерді түсінуі болып табылады,егер жеке сөздер түсінікті болмаса, мәтін де түсініксіз болады.

Мәтінді оқығаннан кейін орындалатын жұмыстар қатарына мына жұмыстарды  енгізуге болады:

  1. Мәтінді орыс тіліне аудару- мағынасын түсіну;
  2. Мәтінге жоспар құру- мәтіндегі оқиғалардың кезегін анықтау;
  3. Мәтіннің мазмұның жоспар бойынша айту- мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айту;
  4. Мәтінге байланысты логикалық сұрақтар құрастыру- берілген сұрақтарға жауап алу;
  5. Мәтінге қатысты берілген жаңа сөздермен жұмыс істеу- жаңа сөздерді дауыстап оқу, сөздің мағынасын ашу, сөз тіркестерін құрастыру;
  6. Мәтіндегі сөздердің бірнешесіне фонетикалық, морфологиялық талдаулар жасау- фонетика, морфология бөліміндерін қайталау;
  7. Мәтін мазмұнын суретке түсіру- оқушы мәтіннің мазмұның суреттер арқылы бейнелеу;
  8. Мәтінге байланысты топпен жұмыс- мәтіннің бөлімдерің әр топқа бөліп беру;( шағын көрініс жасау)
  9. Мәтін бойынша сұхбат құрастыру- оқушылардың белсенді сөйлеу әрекетінде   оқығанды түсіну.

    Мәтін- лексика мен грамматикалық бірліктердің негізі.Бұл байланыс     мәтіндерді анықтауға, сұрыптауға және жүйелеуге қажет.

10.Мәтінді рөлге бөліп оқыту-оқушының мәтінге байланысты бейімделуі

11.Мәтіннен мақал-мәтелдерді,нақыл сөздер мен қанатты сөздерді,фразеологиялық тіркестерді тауып жазу(бар болса)-оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.

     Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға,терең білім алуларына мүмкіндік туады, сонымен қатар лексикалық мәтіндерді талдай отыра оқушының грамматикалық жағынан білімі де меңгеріледі.

Добавить комментарий