Қорқыт ата және қобыз сазы.

Тәрбие  сағаты:  Қорқыт  ата  және  қобыз  сазы.

Білімділік: Қорқыт  атаның  өмір  жолдарынан  және  күйлерінің  шығу  тарихынан  түсінік  беру.Қобыздың  жасалуы  туралы  мағлұмат  беру.Қорқыт  ата  кесенесінің  тарихи  мәнін  ашып  түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  дербес  жұмыс  істеуге,  ізденушілікке  тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Шәкірттерді  жауапкершілік  пен  ұқыптылыққа,  шыншылдық  пен  әділеттілікке  баулу.

Көрнекілігі: Күйтабақ,  плакатқа  салынған  қобыздың  суреті,   өсиет  сөздер,  Қорқыт  ата  портреті  мен  кесенесінің  суреті.

Барысы:

І. Күй  атасы-Қорқыт.

2.Әдеби-әуезді  монтаж.

3. Көрініс  қою. (Қорқыт  атаның  бата  беруі  мен ат  қоюы).

4. Күйлердің  шығу  тарихы (Ұшардың  ұлуы,  Башпай, Тарғыл  тана.)

5. Қорытынды.

Мұғалім: Бүгінгі  тәрбие  сағатымыздың  тақырыбы,  «Қорқыт  ата    және  қобыз  сазы»  деп  аталады. (Тәрбие  сағатының  жоспарымен  таныстырылып  өтіледі.)

2. Күй  атасы-Қорқыт.

       Қорқыт (VІІІ  ғасырда  өмір  сүрген)- ақын,  асқан  күйші,  аты  аңызға  айналғын  кемеңгер  тұлға,  ұлы  ойшыл  адам  болған. Оның  әкесі  Қарақожа  сыр  бойын  мекендеген  оғыз  тайпасына  жататын  Баят  дейтін  рудан  шыққан. Анасы  Алтыншаш  қазақ  құрамына  Қыпшақ  руынан,  туған  жері  қазіргі  Қостанай  облысы,  Аят  өзенінің  Тобылғыға  құятын  сағасында   туған.Қорқыттың  дүниеге  келуі  туралы  аңызда   былайша  әңгімеленіледі.Қорқыт  анасының  құрсағында  үш  жыл  бойына  жатқан  көрінеді.Қорқыт  ерекше  бір  ғаламат  жағдайда  дүниеге  келеді.Сол  күні  яғни  Қорқыт  дүниеге  келген  күні  алай-дүлей  боран  соғады.Айналаға  қара  түнек  орнап,  нөсерлі  жуын  жауыпты.Күн  тұтылып,  үш  күн  бойы  күннің  көзі  көрінбепті.Сырдарияның  жағасы  мен  Қаратаудың  айналасын  қара  тұман  бұлт  басып,  оны  халық  «Қараспан»  деп  атаған.Анасының  құрсағында  үш  жыл  жатқан  нәресте  дыбыс  шығарып,  елдің  үрейін  алған.Қорқыт  дүниеге  келгеннен  кейін  бірден  сөйлей  бастап,  бірден  жүріп  кеткен.Қорқытқа  нағашылары  «Таутайлақ»  тұқымынан  туылған  ботаны   сыйға  тартыпты.Қорқыт  жиырма  жастан  бастап  асқан  күйші,  қобызшы  болады.Ол  бір  жерде  отырмай  ел-елді  Желмаямен  кезіп,  қобызымен  күй  тартып,  бақсылықпен  айналысқан.Өзінің  күйімен  адамды  аурудан  жазып,  өлімнен  арашалайтын,  жұртты  аузына  қаратқан  шешен,  болашақты  болжайтын  бақсы,  ел  басқаратындарға  ақыл  айтатын  кемеңгер  көсем  болған.

Ақын, абыз

                   Шешен,  көсем                 Қорқыт                    Күйші,  балгер

Әуезші,  елші

    Қорқыт  және  басқа  бақсылардың  ой-санасы өзгелерден  ерекше,  өзі  әрі  әуезші,  әрі  елші,  болашақты  болжай  алатын  көреген  көсем  болған.

Әдеби-әуезді  монтаж.

  Сан  ғасыр  бойы  бір  қалыппен.Демалып  жатқан  далада, адамзат  салған  бір  бағытпен,  бұрылдым  Қорқыт  бабаға.Дүрсілге  басты  қосылып  көппен, Көңілдің  саяқ  жылқысы.

Бисенбаева А.

   Атыңды  баба  көтеріп  жатыр, Артыңда  қалған ұрпағың.Ойлатқан  биді,  шешенді,  батыр. Тарады  қайдан  бұтағың?Бір  мұңлы  дауыс  жаңғырып  шығып,  Дірілге  толды  айнала.Бабамның  шерлі  дауысы  деп  ұғып,  Демімді  тарттым  ойлана.

Жанділдаева И.

Ән:   Қазағым

Қорқыттың  өсиет  сөздерін  жатқа  айтқызу.

Қобыздың  жасалуы  туралы.

 Қылқобыз-ысқышпен  ойнайтын,  қос  ішекті  ескі  музыкалық  аспап. Халық  арасындағы  аңыздарға  қарағанда  қылқобыздың  пайда  болуы  8  ғасырда  өмір  сүрген  күй  атасы  Қорқыттың  есімімен  тығыз  байланысты.Қорқыт  туралы  аңыздарда  оның  қылқобызының   дүниеге  келуінде  мынадай  аңыз  бар.Қолына  тиген  аспаптың  бәрін  де  сөйлете  білетін  асқан  күйші  және  түрлі  музыкалық   аспапты  жасаушы,  қолының  месекері  бар  ұста  болған.Ол  домбыра,  сырнай  жасаумен  қанағаттанбай  жаңа  бір  аспап  жасап  шығарып,  табиғаттың  тылсым  тіршілігін  музыка  аспабының  үніне  мүлгіткісі  келеді.Құшақ  жетпес  қарағайды  кесіп,  содан  жасамақ  болады.Оның  үңгіп,  шауып,  күнге  кептіріп,  бірнеше  күн  әуре  болады. Бір  күні  ұйықтап  жатып  түс  көреді. Түсінде  періште  аян  келтіреді. Сонда,  Қорқыт  жасап  жатырған  қобызың  алты  жасар  нар  түйенің   жілігіндей  екен. Енді  оған  нар  түйенің  терісінен  шанақ,  ортекенің  мүйізінен  ойылған  тиек,  бесті  айғырдың  құйрығынан  қыл  ішек  керек. Осылардың  басын  қосып  жасаған  қобызың  сарнағалы  тұр,- деп  ақыл  береді.

     Қылқобыз  жасап  алып,  әлемді  күңірентіп  күй  толғаған  дейді.Олар  ел  мен  жер,  өлім  мен  өмір,  мәңгі  бақыт,  өшпес  ерлік  туралы  сыр  шертеді.Қорқыт  ата  атымен  байланысты  біздің  дәуірімізге  жеткен  жиырмаға  жуық  күй  бар.

«Қобызым»  әні  орындалады.

Көрініс:

1.Дирсе  хан: Ибрагимоа  А.

2.Баяндур  хан: Еңсепов  Ж.

3. Дирсе  ханның  әйелі:  Маханова  А.

4. Қорқыт  ата  Әлжанов  М.

Күйлердің  шығу  тарихы

1.     «Ұшардың  ұлуы»- Күлтаспаева Б.

2.     «Башпай» -Көшерова  Н.

3.     «Тарғыл  тана»-Сархожаев  Б.

Қорқыт  ата  кесенесі  туралы

Қорқыттың  қобызы  және   оның  күйлері  оғыздарды  қиын-қыстаулар,  тар  жол- тайғақ  кешуден  алып  шыққан,  ой  санаға  бөлеген,  батырларын  ерлікке  сүйреген,  өзін  өлімнен  талай  алып  қалған  қасиетті  мұра  ретінде  жырланады.Қорқыттың  кейбір  күйлері  біздің  заманымызға  да  жетіп,  орындалып  келеді.

Күйтабақтан  «Ұшардың  ұлуы»  күйі  тыңдалынады.

Қорқыттың  күйлері: «Арыстан  бап», «Ұшардың  ұлуы»,  «Ұстаз»,  «Аққу»,  «Кілем  жайған»,  «Әуіпбай»,  «Башпай»,  «Желмая»,  «Қорқыт  күйі».

    Қорқыт  өз  дәуірінің  ұлы  композиторы,  жыршы-күйшісі,  қобызшысы. Оның  бұл  мұраларын  болашақ  ұрпаққа  жеткізген  шәкірттері- әйгілі  бақсылар  Қойлыбай,  Шақар,  Берікбол,  Сілімбек,  Молықбай  және  атақты  қобызшы  Ықылас.

Ғасырдан  жетіп  ғасырға,

Айналған  қымбат  асылға,

Қорқыттың  күйін  жалғады  ол,

Бүгінгідей  жастарға,

Әулие,  Қыдыр  қолдаған 

Қобыздың  сазы  өшпейді.

Ықылас  салған  соңынан.

                                    А. Маханова.

    Өте  ақылды,  керемет  ғұлама  күйші  Қорқыт  өз  өмірінде  бірнеше  ханның  уәзірлігіне  тағайындалған.Инал  ханның  тұсында  Қорқыттың  қайраткерлік  таланты  ашылады.Иналхан  өлер  алдында  ұлды  болып,  оның  атын  Қорқыт  Тұман  деп  қойыпты. Тұман  түскен  кезінде  ауа  қоюланады. Еш  нәрсені  көрсетпейді,  бірақ  өсімдік  үшін  пайдасы  орасан  зор,  жерде  дымқылдықты  көбейтеді. Сондықтан  осы  атты  қойдым  дейді.Бір  күні  түсінде  Алла  Қорқытқа  аян  беріпті. «Сен  мұсылмандыққа  кірдің,    енді    тек  өлімді  еш  уақытта  аузыңа  алмайтын  бол» -депті. Сонда  Қорқыт  аузына  өлім  деген  сөзді  айтпай,  тек  «Алла»,  «Құран»,  «Мекке»  деп  өліпті.

     Сыр  бойындағы  Қорқыттың  отаны  Жанкент  болса,  Әбу  Насыр  Әл- Фараби  отаны   Отырар  болған. Фараби  мен  Қорқыт  замандас  болған. Екеуі  де  Орта  Азия  халықтарының  өнер  біліміне  зор  үлес  қосып,  жаңалық  ашқан. Фараби  ғылым  мен  жазба  дәстүрінде  көрінсе,  Қорқыт  күй  мен  жырдың  алыбы,  ауыз  әдебиетінің  үлкен  өкілі  болған. Қорқыт  пен  Фараби  Сыр  өңірін  жердің  кіндігі  деп  атаған. Қорқыт  заң  жора  негізін  жазды. Қорқыт  жасаған  аталық  заңға  көптеген  әдеп-  ғұрыптар  кірді.Ауыз  әдебиеті,  тарих  шежірелері  Қорқыттың  нақыл  сөздерімен  байланысты  болып  келеді. 

 

Қызылорда  облысы,

Арал  ауданы,

№61  орта  мектебінің  тарих  пәні мұғалімі  Шыналиева  Күлшара  Әбілтайқызы.

 

Добавить комментарий