Оқушылардың оқу процесіндегі жетістіктерін бағалау технологиясы

           Қазіргі  таңда әлемдік  бәсекеге қабілетті ел  болып  қалыптасу – заман  талабы. Еліміздің оқу орындарының  міндеті —  әлемдік  стандарттар деңгейінде білім беру, бәсекеге  қабілетті жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Оқушылардың бақылау жұмысы танымдық іс-әрекеттері формаларының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекеті инновациялық технологиялар арқылы дұрыс жоспарлау біліктілігіне  байланысты болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізгі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа инновациялық технологиялар арқылы бақылау жұмыстарды ұйымдастыру, оларды басқара және бағалай  білу. Ол біріншіден, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Мұғалім қазіргі күнде белсенді ғана емес, керісінше, оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.

 

Конференция қатысушылардың тізімі

 

1    

жұмыстың тақырыбы

Оқушылардың оқу процесіндегі жетістіктерін бағалау технологиясы

2    

секция

Жаратылыстану- математикалық білім берудегі инновациялық технологиялардың пайдалану тиімділігі

3    

автор немесе авторлық ұжым  туралы ақпарат (толық аты-жөні, пәні, сыныбы)

1)Бибигуль Амерханқызы Жаукенова – ПК БАИ математика пәнінің әдіскері, Павлодар қаласы

2) Карлыға Кабиқызы Кангельдеева

К. Макпалеев атындағы №4 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі,  Павлодар қаласы

3)Сақыпжамал Әлібекқызы Ахшалова – Заңғар орта жалпы білім  мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Павлодар ауданы, Павлодар облысы

4    

мекен-жайы, электрондық поштасы

1.Павлодар қаласы,

Генерал Дүйсенов көшесі, 22/1

zhaukenova@mail.ru

2. Павлодар қаласы, Гагарин көшесі,58

3. Павлодар облысы

Павлодар ауданы

Заңғар  ауылы

Школьная көшесі, 1

Заңғар орта жалпы білім  мектебі

ahshalova1977@mail.ru

 

 

                                                                               Оқу – бай, кедей,жақсы, жаманға тыңдамайды: кім

                                                           ыждағаттаныпықыласын салса, оқу соған табылады.

 

                                                                                                                 С. Торайғыров

 

 

           Қазіргі  таңда әлемдік  бәсекеге қабілетті ел  болып  қалыптасу – заман  талабы. Еліміздің оқу орындарының  міндеті —  әлемдік  стандарттар деңгейінде білім беру, бәсекеге  қабілетті жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Оқушылардың бақылау жұмысы танымдық іс-әрекеттері формаларының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекеті инновациялық технологиялар арқылы дұрыс жоспарлау біліктілігіне  байланысты болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізгі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа инновациялық технологиялар арқылы бақылау жұмыстарды ұйымдастыру, оларды басқара және бағалай  білу. Ол біріншіден, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Мұғалім қазіргі күнде белсенді ғана емес, керісінше, оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.

Мысалы, математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеудің, есеп шығаруға арналған жұмыстардың әр алуан түрі; үлестірмелі материалмен жұмыс істеу, сабақта өздерінің жолдастары берген жауапты толықтыру; математикалық конференцияларда жасаған баяндамаларға немесе хабарламаларға пікір айту; жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау; рефераттар жазу; кейбір көрнекі құралдарды (плакаттар, схемалар, альбомдар) жасау; экскурсия кезінде өлшеуге, сызуға немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау, пән аралық байланыстарды нығайту. Биология,физика, химия, экономика, география  пәндерімен  тығыз байланыс құру арқылы оқушылардың жан – жақтыдаму әрекеті қарастырылады.

 

 

Пәнаралық байланыс                                      Қолданбалы есептердің тақырыптары

 

 
 

 

Еңбек ақы

 

 

 

Жылдамдық

Витамин

 

 

Биология пәнінен есеп:

100г қызыл бұрышта 260 мг А және С витамині бар. Егер С витамині  А витаминіне қарағанда 25 есе көп болса, 10 кг бұрыштан қанша А және С витаминдерін алуға болады?

Шешуі: Есептің шарты бойынша  100г қызыл бұрышта 250 мг  С витамині

10 мг А витамині бар.Ал 10 кг-ның 10 г-нан 1000 есе үлкен екендігін ескеріп, 250*1000=250000мг= 250г, 10*1000мг= 10г А витамин3 бар екен3 белгілі болады.

Жауабы: 10г, 250г

Физикадан есеп:   Вертикаль жоғары  лақтырылған  (h- метрмен,t — секундпен)  заңы бойынша қозғалады. Жермен үйкелес кезіндегі  дененің жылдамдығын  табыңдар.( ). 

Шешуі: Дененің жылдамдығы , дененің ең жоғарғы көтерілу нүктесінде нөлге тең.  болса, осыдан t=0,8с. Демек, h(0)=0, сондықтан жоғары көтерілу мен түсу  уақыты бірдей болады. Еркін түсу жылдамдығы: V=gt,  осыдан V(0,8)= 10*0.8=8 м/c болады.

Жауабы: 8 м/c.

Математикадан есеп:

1: 2500000 масштабымен берілген картада екі қаланың ара  қашықтығы  6 см. Екі қаланың  жер  бетіндегі ара  қашықтығы  табыңдар.

Шешуі: х- екі қаланың  жер бетіндегі ара қашықтығы. Масштаб анықтамасын пайдаланып , пропорция құрайық:

.

 х = 6 * 2500000 = 15000000 (см) = 150000(м) = 150 (км).

Жауабы: 150 (км).

Химиядан есеп:

60% қышқыл бар 2 литр су ерітіндісінен  4л таза су құйылған. Пайда болған ерітіндідегі қышқылдың проценттік құрамын анықтаңдар.

Шешуі: Бұрынан берілген формуладан өз жауабыңызды аласыз:

%

Жауабы: 20 %.

Математикадан есеп:

Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

 

Шешуі: Крамер әдісімен шешейік:

,

 

 

 

 

 

                   Жауабы: .

Математикадан есеп:

Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

 

Шешуі: Гауас әдісімен шешейік:

Теңдеулер жүйесін үшбұрыш түріне келтірейік:

Содан,  x=-1,y=3, z=2.

Жауабы: .

Оқушылар өздігінен орындауға бақылау жұмыстың берілетін тапсырмалар айқын мақсатты         көздеуі және олардың ынтасын арттыруы шарт. Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды бірте- бірте күрделендіру, олардың шығармашылық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мәдениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс.

Тұлғаның өзін-өзі дамытуына бағыттануы  келесі қағидалармен негізделеді:

—  әр тұлғаның өзін-өзі бағалауын, бірегейлігін ұғынуы;

— әр тұлғаның дамуының сарқылмас мүмкіндіктерін түсінуі, соның ішінде оның шығармашылық өзін-өзі дамытуы;

—  ішкі азаттық басымдылығын мойындауы – сыртқы азаттыққа қатысты шығармашылық өзін-өзі дамытуы үшін азаттық.

       Бағалау технологиясы – бұл технологияның негізі оқушылардың  оқыту сапасының бағасы екені айқын . Сол себептен, баға –  баға көлемі тауардың құнының деңгейінде  және тауарға деген сұраныс пен ұсыныс қатынастарын байланысты.

Білім сапасын бағалау – тексеретін көрсеткіштердің  келісімі.

Білім сапасын бағалау технологиясының объектісі сауаттылық пен математикалық білім мен дағды болып табылады.

Нәтижелілік қазіргі заманның түсінуі бойнша білім нәтижелігінің сапасы.

Білімнің негізгі нәтиже лігі —  құзырлықтың болуы.

Негізгі құзырлықтар – білім нәтижесі – оқушылардың жан – жақты оқу әрекеттері

Бағалау технологиясы арқылы бақылау жұмыстардың мақсаты мен міндеттері:

  • Ø Оқушылардың белсенді түрде  өз беттері мен есептерді шешу;
  • Ø Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылық іскеліктері мен дағдыларын қалыптасуына жағдай жасау;
  • Ø Оқу үрдісіне деген қызығушылығын артуы;
  • Ø Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік беру;
  • Ø Сыныпта «қайырымды білім »атмосферасын қалыптасуы.

Бақылау жұмыстарды  бағалау технологиясы арқылы құрастыру үшін осындай әрекеттерді орындадық:

—                          психолого – педагогикалық мінездеме бойынша сыныптың оқыту мүмкіндіктерімен танысу;

—                          Оқыту бағдарламасына, мемлекеттік стандартына (түсініктеме хат, математика пәні бойынша ББД, тақырып бойынша) сәйкес талдау жасау

—                          Тақырып бойынша білім мазмұнын ерекшелеу;

—                          Технологиялық матрица құру;

—                          Бақылау жұмысты  деңгейлік тапсырмаларға бөлу;

—                          Бақылау жұмысты объекті бағалау;

—                          Бақылау жұмысты талдау

     Бақылау жұмыстарды  бағалау технологиясы және дәстүрлі бақылау жұмыстардан айырмашылығы: оқушылардың орындау тапсырмалардың көлеміне байланысты, өйткені оқушы көп тапсырма орындаса,  соғұрлым жекеше нәтижелік жөғары болады.Демек, сыныптың да нәтижелігі жоғары болады.

  Бағалау технологиясының  негізгі мәселелері: бақылау өлшеуіш материалдардың мазмұны мен бағалау критериі.

     Сөйтіп, арнайы бақылау жұмыстар арқылы оқушы өзінің ақыл- ой қызметін тәртіпке келтіреді, уақытын үнемдейді, ой – пікірін қысқаша баяндауға  машықтынады.

  Әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата — аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

  Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Оқушының қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Пайдаланған әдебиеттер

1

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарында Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы

2

Алдамуратова  Т.А.

Жалпы  білім беретін  мектептін 6 сыныбына  арналған  оқулық — Алматы «Атамұра» 2011. -432б.

3

Жайтапова А.А., Рудик Г.А.

21 ғасыр педагогикасы мектеп табалдырғанда

4

В.А. Садовничий

 О математике и ее преподавании в школе

5

Шуба. М.Ю

Занимательные задания в обучении математики: Книга для учителя.- Москва,1995.-222с.

6

Қайрекеева  Г.

Қоспаларға және ерітінділерге берілген есептерді шығару   //Математика және физика, 2005.-22б.

7

Сейітова С.

Математиканы оқытудағы қолдаңбалы есептердің орны

// Математика және физика, 2005.-№3.

8

Нұғысова А.

Практикалық мазмұнды есептер (V- VI сыныптар). Алматы, Республикалық баспа кабинеті 1996

9

Данко П.Е.,

Попов А.Г.

Высшая математика в упражнениях и задачах. Ч.1 Москва «Высшая школа»,1974.- 416с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий