Хромтау тау-кен техникалық колледжі
Тарих және құқық пәнінің оқытушысы: Истлеуова А.Ж.
Тақырыбы: Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғышарттары. Жоңғар шапқыншылығы.
Мақсаты:
Қазақстан аймағындағы жүздердің Ресей қарамағына кіру алғышарттары мен себептері, патша өкіметінің орталық саясаты барысындағы саяси оқиғаларды, Ресейге қосылудың салдары мен тәуелсіздік жолындағы күрескерлер туралы қолда бар құжаттарды, тарихи зерттеулерді пайдалана отырып, тереңірек түсінік беру.
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа материалдармен байланыстыру арқылы ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын терең оқып тануға деген қажеттіліктерін арттыру, өз білімін жетілдіруге қосымша ізденуге бағыт беру, қорытынды шығару машықтарын дамыту.
Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Көрнекілігі: слайдтар, ойындарға қажетті заттар, бағалау парақтары, интер.тақта
Сабақтың кілт сөзі: «Тарих-бір ғаламат алтын көпір, ұрпақта ұрпақтарға жалғайтұғын»
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
- Сабақтың мақсатымен таныстыру 3 мин
- Үй тапсырмасын тексеру «алтын қақпа» ойыны 15 мин
- Жаңа тақырыпты меңгеру 15 мин
- Үзіліс 5 мин
- Топтық жұмыс 7 мин
- «Тарих тағылымы» айдары 5 мин
- Ойды аяқта 5 мин
- Қорытынды «Иә» ма «жоқ» па? ойыны 5 мин
- Бағалау. Үй тапсырмасы 5 мин
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назар аударту
Өткенге тоқталу. «Алтын қақпа» ойыны
«Тас қақпаның» сұрақтары
- «Қазақ» сөзінің мән-мағынасына қандай түсінік ті білдіреді?
- 1470 жылдарға дейін жергілікті халықпен қарым-қатынастарын жақсартуға тырысқан кімдер?
- «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінің авторы кім?
«Күміс қақпа» сұрақтары
- «Сойырғал» сөзінің мағынасына түсінік беру
2. «Қараша» сөзінің мағынасына түсінік беру
3. «Қалан» сөзінің мағынасына түсінік беру
«Алтын қақпа» сұрақтары
- Қазақ хандығы мен Монғолстан арасындағы саяси қарым-қатынас қай хан кезінде жақсы болған?
- Әбылхайыр хан қай жылы қайтыс болған?
- Қазақ хандығы күшейген кезі және де бұл кезде билік жүргізген хандар кім еді?
Жаңа сабақты меңгеру
Оқытушының түсіндіруі: Қазақ халқы XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бүгінгі алып жатқан жерінің оңтүстік, орталық, солтүстік-шығыс, шығыс және батыс аймақтарына біршама тығыз орналасқан. Ұлы жүз қазақтарының қысқы жайылымы Оңтүстік Балқаш, Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы болса, ал жазғы жайылымдары Алатау иен Қаратаудың биік шалғынды жерлері болған. Ұлы жүздің қазақтары оңтүстік жағында Шыршық пен Арыс болған.
XVII-XVIII ғасырлардың арасында қазақ қоғамында хандық өкіметтің басқару жүйесі біраз күшейген кез болды. Жыл сайын бір рет үш жүздің өкілдерінің бас қосқан жиналысы шақырылып, онда ең басты мәселелер көші-қон, қысқы, жазғы, жайылым мәселесі және жауға қалай тойтарыс беру керек, т.б қаралған. Бұл кезде қазақ хандары мен сұлтандарының саяси билігі тек өздерінің көшіп-қонып жүрген аймақтарына ғана емес, Сырдария өзенінің төменгі және жоғарғы ағысындағы 1695 жылы қазақтарға бағынған 32 қалаға жүрген. Сонымен бірге Ташкент, сығанақ, Сауран, Созақ, Аққорған, Отырар, Қарнақ, Иқан сияқты қазақ үстем тап өкілдеріне алым-салық төлеп отырған.XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының халықаралық жағдайы онша жақсы болмаған. Бұл кезде Еділ бойындағы қалмақтар Ресейдің қол астында болатын. Олар патша өкіметіне арқа сүйеп Кіші жүздің жеріне жиі шабуыл жасап отарды. 1697 жылы 1 Петр Еуропаға аттанып бара жатқанда, қалмақ ханы Аюкеге Ресейдің оңтүстік-шығыс шекарасын қорғауды тапсырды. Осыдан кейін қалмақ ханы патша өкіметінің қол астына кірмеген Кубань, Қазақ, Хиуа жерлеріне жиі-жиі шабуыл жасаған.
Тірек-сызбалары:
Үзіліс.
-жаттығу жұмыстарын жүргізу «Миға шабуыл» математикалық ойын 51 63792417 10 489 11 3 12 383 17 23 11 4 13, 51 14 17 15 16 10 49 11 3 12 39 15 4.
з х а ы Ө т р ғ и с л м қ і д е н
Топтық жұмыс. Кілтті сөздер стратегиясы.
«Хандар» «Батырлар» «Билер» Ассоциясын жасау 1.2.3. топтар бойынша.
«Тарих тағылымы» айдары. Тарихнамалық шолу.
« Қазақстанның Ресейге қосылуы:кіруі, жаулап алуы, отарлауы».
« Сөздің ұлысы, сөздің сипаттамасы – тарих. Өмірде бәрі- өкініш, бәрі тозады, ғылым ғана мәңгілік бәрінен озады» демекші тарих тағылымы әрбір халықтың дамуының басты факторлары болып табюылады.
М.Әуезов: «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір жағынан, қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екіншіден, Орта Азия хандықтарының қысымшылығы, үшіншіден, орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, сонымен бірге тағы бір зор себеп-қазақтың өз хандарының алалығы».
П.Г.Галузо «Қазақстанның империя құрамына кіруі, біріншіден, халықтардың саяси дербестіктен айырудың, екіншіден, экономикалық жағынан кіріптар етудің, үшіншіден, дүние жүзін бололақ отарларға бөлу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды.
С.Асфендияров: «Патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік әкелген жоқ, күйзеліс, талап-тонаушылық әкелді».
Н.Ә.Назарбаев: «Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді. Отарлық кеңістік тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай ғып ойлаған»
«Ойды аяқта» кітаппен, картаны пайдалан.
- 2-ші құрылтай ____________Бадам өзені бойында үш бидің хандардың қатысуымен қтті.
- Қожаберген жыраудың ___________дастанында « Сайланды Әбілхайыр әскербасы» деген.
- Жоңғар басқыншылары Аңырақай деген деген жерде ______________соққы берді.
- Жәңгір ханның баласы _______________басқару ісін дұрыс жүргізді.
- Жоңғардың өкімет басына келген ______________________еді .
- 1718ж. Жоңғарлар Жетісу арқылы _______________________кіре бастаған.
- 1724ж. Әбілхайыр Жоңғарларға қарсы ____________________түбінде жеңіске жетті.
- 1-ші құрылтай жиынына ______________шақырылды.
«Иә» ма, «Жоқ» па ойыны. «Қорытынды»
- «Алтын ғасыр» немесе «қой үстіне бозторғай» жұмыртқалаған заманды негіздеген билеуші Тәуке хан болды.
- 1723-27 жж. қайғылы көріністі Қожаберген жырау «Елім-ай» әнінің қайғылы әуенімен жырлайды.
- «Қара сиыр»деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеуші жеңіске жетіп, қазақ даласын қанға болды.
- «Аңырақай» шайқаста үш жүздің бірлескен жасағына Әбілхайыр хан қолбасшылық жасады.
- XVIIIғ. Қазақ жеріне Шығысынан қауіп төндірген мемлекет орыстар болды.
- Бүкіл қазақ жасағының қолбасшысы болған батыр, дипломат Қанжығалы Бөгенбай болды.
- Ш.Құдайбердіұлы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары қазақ халқының үштен бірі қырғынға ұшырады деген деректер келтірген.
- Жоңғарлардың өкімет басына келген жас қонтайшы Себан-Рабдан болды.
- Екі елдің арасының жақындасуына Ресей патшасы II Николай ерекше көңіл бөлген.
- Жоңғарлардың қазақ жеріне 7-бағытта 700-мың әскермен кірген.