Дара және күрделі етістіктер

Шығыс Қазақстан Облысы

 Семей қаласы

Қ. Рысқұлбеков атындағы  № 33 орта  мектебінің

Бастауыш  сынып мұғалімі

Достарбекова Эльмира Жумахановна

Тақырыбы: «Дара және күрделі етістіктер». 

Мақсаты: Етістіктің түрлері туралы білімдерін бекіту.

  1 Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы дара және күрделі туралы алған білімдерін еске түсіреді,қайтайлайды.

2 Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін , шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3 Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,ойын ,тест, тірек сөздер,ассоц. карта.  Көрнекілік: тірек сөздер ,ассоц. карта,жануарлардың, құстардың суреттері.   

 Өту барысы: Психологиялық дайындық:

Дала гүлге толыпты
Аққу көлге қоныпты
Алақай-ау, алақай! Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті.
«Ля, ля»…….

Көктем қандай, Көктем қандай көрікті!
Балалар бүгінгі сабақта түрлі ойындар арқылы дара және күрделі етістікке байланысты жұмыстарды атқарамыз.  «Артық сөзді» тап ойыны (әр қатарда қай сөз артық екенін дәлелде) 1. Семей, Ертіс , доп, Астана.  2. Көктем, бәйшешек, гүлдеді, жауқазым.  3.Естіді,келді, көктем, жүгірді. “Гүлдеді” қай сөз табына жатады?Етістік туралы не білеміз? ( ассоц. картамен жұмыс өткізіледі) Сурет бойынша жұмыс  ( зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құра.сол сөзді пайдаланып сөйлем құра. Мысалы: Айжан шай құйып жүр). Дәптермен жұмыс (бүгінгі күнді ,көркем жазу:көктем)  Тәрбиелік  мақсатты шешу (құстар туралы) Сергіту сәті:

Шымыршық,  шымыршық апа қалай жүреді?

Апа былай, апа  былай дәл осылай  жүреді.

Шымыршық,  шымыршық ата қалай жүреді?

Ата былай, ата  былай дәл осылай  жүреді.

Шымыршық,  шымыршық  қыздар қалай жүреді?

Қыздар былай, қыздар былай дәл осылай  жүреді.

 Шымыршық,  шымыршық  ұлдар қалай жүреді?

Ұлдар былай,  ұлдар былай дәл осылай  жүреді.

445-жаттығуды орындау (тақтада) «Іші-сырты» ойыны(дара етістіктерді күрделі  етістіктерге айналдыру , мысалы: жазды –жазып отыр)

«Сәйкестыру» ойыны : 1 жылқы  ызындайды 

2 ит кісінейді

  3 әтеш  үреді

  4 ара  шақырады

446 – жаттығу (Өзіндік жұмысы)

Бекіту:Тест.Бағалау.

Үйге тапсырма 447 –жаттығу.

Қорыту.

Добавить комментарий