Даярлық сынып \»Төрт түлік\»

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

Қайрат Рысқұлбеков атындағы

№33 жалпы білім беретін орта мектеп КММ  2013 жыл

Сулейменова  Акбота  Маукеновна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бағдарлама тауарлары: Ән-күй.

Тақырыбы: Төрт түлік.

Мақсаты: Жануарлар бейнесін,дауысын тану,ажырата білуге қабілеттерін дамыту. Жануарларға сүйіспеншілік,қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Құрал жабдықтары: Төрт түліктің, төлдердің суреттері, үнтаспа

Оқу іс-әрекетінің түрі: Саяхат түрде












Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

I Ұйымдастыру кезеңі.


  • Шаттық шеңберіне тұру.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

Біз кішкентай баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

(іс-ірекетпен орындалады)

Өткен сабақты қайталау.

Балалар, бүгінгі ән- күй ұйымдастырған іс-әрекетіміз ерекше түрде болады.

  • Ойын «Үй жануарларының төлдерін табуға көмектесейік»

 (сурет арқылы)

Біздің ауыл тап-таза,бұлағы да,

Ән салады майысып құрағы да.

Жаз жайлауға барамын демалыста,

Асау тайдың ойнаймын құлағында  — дей отырып, балалар бүгін ауылға саяхатқа шығамыз.




Ойынға қызыға, белсене қатысады.




Балалар қуана ауылға саяхатқа шығады.

   

Іздену – ұйымдастырушылық

II Жаңа сабақ.

Ерте кезде ата-бабаларымыз ауылды жерлерде мал шаруашылық кәсібімен айналысып,малды ерекше құрметтеген. Қазігі уақытта да ауылды жерде мал шаруашылығымен айналысады.

  • Кімнің ауылда ата-апасы малмен айналысады? Қандай малдары бар?

  Қазақ дәстүрінше малдардың тұқымы төрт түлікке бөлінген. /суреттер арқылы/

                                Түйе               

                    

  Жылқы                                               Сиыр    

                             Төрт түлік

 Қой                                                Ешкі

  •  
  • «Төлдер» әні орындалады(үнтаспаның көмегімен)
  • «Төлдер айтысы» көрініс.




Төрт түлік өте қадірлі, қасиетті мал (суреттер арқылы төрт түліктің пайдасы, бейнесі, қамқор болу, ерекшелігі түсіндіріледі, сұрақ-жауап )


Сергіту сәті



«Жылқы- малдың патшасы,

  Түйе- малдың қасқасы» деген мақалдар бар. Сендердің қандай мақалдарын бар?

  • Мақал-мәтелдер





  • Ойын  «Төрт түліктің

                          дыбыстауын тап»

   (көздерін жұмып,үнтаспадан шыққан дыбыстарды қайталап,  ажырату)


Төрт түлікте мойыным

Жылуы көп тонының.

Келе қойшы тезірек,

Қошақаным қоңырым . деген өлең-тақпақтар бар екен.

 Сендер тақпақ білесіңдер ме?



  • Тақпақтар 



Мұқият тыңдап, сұрақ-жауапқа белсене жауап беріп отырады.



Сиырлар, қойлар,ешкілер,

жылқылар,түйе.



Суреттеге қарап, аттарын атайды.





Әнді  барлығы орындайды.

Төлдер айтысады.


Сұрақтарға толық жауап беріп отырады, жеке-жеке.

    


Түйе,бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан…


   Мал өсірсең қой өсір,

   Өнімі оның көл –көсір.

Малды баға біл,

            Бабын таба біл

Ат-адамның қанаты,

 Ас-адамның қуаты.

           Малды жақсы баққаның,

           Өзіңе аброй тапқаның.                                            Малды жаман баққаның,

 Келген бақты қаққаның.


Ойынды қызыға ойнайды. Малдардың дыбыстарын  табады,дыбыстайды.





Айналайын, торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тар болып тұр аула,

Тысқа шықта заула.

     Ешкі маңырайды мее-мее-мее

     Жылқы кісінейді ия-ия-ия

     Сиыр мөңірейді мө-мө-мө

     Түйе боздайды бо-бо-бо

Жалт-жұлт етіп лақ,

Жағалайды бұлақ.

Секірем деп бірақ,

Қала көрме құлап.

   Айналайын, қозым

   Малда жуас момын.

   Өрісте жүр енең,

   Дей бермеші «емем».

Рефлексивті корригиялық

Сабақты қортындылау.


«Түйе, жылқы, сиыр,  қой

Төрт түлік осы біліп қой»

  • «Қошақаным қайда екен? » әнін орындайды(үнтаспаның көмегімен)
  • Сұрақ-жауап / төрт түлікті атау,дыбыстарын дыбыстау
  • «Қара жорға» биі.

Саяхатымыз аяқталды.





Балалар билеп, әнді әндетеді.


Сұрақтарға толық жауап береді.


Барлығы билеп ауылдан қайтады.


Мадақтау.


Барлығың «Ауыл саяхатында» ерекше  козге түсіп, белсене  катыстыңдар!

Балалар іс-әрекетті көңілді аяқтайды.

Барлығыңа жұлдызшалар беремін.




Болжамды нәтиже:

Білу керек: Төрт түлік және төлдерін ажырата білу.Тақпақ,жұмбақ жатқа білулері тиіс.

Қалыптасқан әдет: Сергіту сәті,тақпақ,сұрақ жауап, ән айту.

Добавить комментарий