Павлодар қаласы
К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі
Сабақ жоспары «Әл-Фараби – шығыстану ғылымының өкілі»
Қазақ тілі. 10-сынып.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сейітқанова М.Т.
Сабақ жоспары
Сынып: 10 «Б» Қазақ тілі (ортадан жоғары деңгей) Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби – шығыстану ғылымының өкілі Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Білімділік – Әл-Фараби туралы мәліметті толықтыру, математик, музыкант, медицина ғалымы ретінде таныстыру, ғылыми еңбектерінің маңыздылығын көрсету, жаңа тақырып бойынша лексиканы меңгерту, сөздік қорын молайту. Дамытушылық – коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту, ақпаратпен жұмыс жасау икем-дағдыларын арттыру, мәтіннен керекті мағлұматты таңдай білу, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік – Әл Фараби өмірінің өнегелік жақтарын көрсете білу, ұлы ғалымға деген мақтаныш сезімін тұғызу. Көрнекілік: магнитофон, Әл-Фарабидің портреті, карточкалар, тапсырмалар Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: топтық жұмыс, бірлесіп білім алу Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, математика
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі Сәлетметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Бүгін сабақта кім жоқ? Бүгінгі сабағымыз ерекше. Бізге қонақтар келіп отыр. Өз білімімізді көрсете білейік. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылықты ояту. Балалар, қазір біз ән-күй әлеміне саяхат жасаймыз. Мұқият тыңдаймыз. Осы музыканы естігенде не елестейді? (көне қалалар, Отырар, Тараз, кең дала, жайлау, кесене, ескерткіштер, т.б.) Жақсы. Ал кім елестейді? (қобызшы, Қорқыт ата, көшпенділер, қобызшы, т.б.) Бұл адамдар кімдер? Қай ғасырда, қай уақытта өмір сүрген? Олар ұлы адамдар. Орта ғасырда өмір сүрген.
II. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу Бүгін біз сабағымызда Әл-Фараби туралы айтамыз. Дәптерлерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз. Тақырыбымыз: Әл-Фараби – шығыстану ғылымының өкілі. Әл-Фараби туралы сендер орта буында, тарих, әдебиет сабақтарында мәлімет алдыңдар. Соны еске түсірейік. «Мен Әл-Фараби туралы не білемін?» және тағы «Ол туралы не білгім келеді?» парағын 5 минут ішінде толтырыңдар
Мен Әл-Фараби туралы не білемін?
Білемін |
Білгім келеді |
Әбунасыр әл-Фараби Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби болатын. Әл-Фарабидің толық аты-жөні Мұхаммеді ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ Тархани — деп жазылатын болған. Мұндағы «Тархан» сөзі екі нәрсені аңғартады: біріншіден, Әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді. Екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені, қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша «Тархан» деп аталатын болған. Әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ғалым жастық шағында сапарға шығуды, жол жүруді ұнатқан. Әл-Фараби ғылыми еңбектерін араб тілінде жазып қалдырған. Әл Фараби әдебиет теориясымен жан-жақты шұғылданған ғылым
|
|
|
|
Тілдесім. Жақсы. Қазір барлығымыз мұқият тыңдаймыз, содан кейін бір-бірімізді толықтырамыз. Енді не білгілерің келеді, соны оқып шығыңдар. Сонда біздің сабағымыздың мақсаты қандай? Қалай ойлайсыңдар? Балалар, бүгін сабақта 3 топқа бөлініп, жұмыс істейміз. Топ басшылары өз тобының жұмысын, әрқайсысын бағалайды, бағалау парағын толтырады. Ал, сендер, балалар, әр тапсырманы орындауға тырысыңдар, белсенді болыңдар.
Оқылым. Қазір әр топқа мәтін беріледі. Оқып шығыңдар. Таныс емес сөздерді белгілеп, сөздіктен анықтап алыңдар.
III. Сөздік жұмысы Жаңа сөздерді хормен айту.
ырғақ құнды іргелі еңбектер
ілгері мағлұмат
шеңбер Әл-Фараби аспап
әдістемелік ықпал
бағыт
әсер ету жетілдіру
Жазылым. Осы сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру.
IV. Мәтінмен жұмыс Балалар, қалай ойлайсыңдар, топ жұмысының мақсаты қандай? Мәтіннен Әл-Фарабидің математика, музыка, медицина саласына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері, маңызы туралы ақпарат табу. Сұрақтар құрастыру.
Тілдесім. Мәтін бойынша жұппен жұмыс жасап, диалог құрастырыңдар.
Монолог (сызба жасауға болады). Әр топ бүгінгі сабақта алған ақпаратты ортаға салыңдар: 1 топ – Әл-Фараби – математик 2 топ – Әл-Фараби –медицина ғалымы 3 топ – Әл-Фараби – музыкант
V. Грамматикалық тапсырмалар. Жазылым. Сөйлемге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.
VI. Қорытынды. Бүгін сабақта қандай мақсат қойдық? Оны қалай орындадық? Сабақтың басында Әл-Фараби туралы білгендеріді айтып, не білгілерінді жаздыңдар. Бүгін осы сабақта не білдіңдер? «Не білдім» парағына жазып, толтырасыңдар.
Бес жолды өлең
Монолог.
Әл-Фараби ғылымға қандай үлес қосты? Қай салада еңбектенді? Әл-Фараби есімімен не аталады?
VII. Рефлексия.
Бүгін сабақта біз не үйрендік? Қалай жұмыс жасадық?
VIII. Бағалау.
Топ басшыларына сөз берейік.
Үй тапсырмасы.
«Әл-Фараби – энциклопедист-ғалым» тақырыбына шығарма, «Егер мен ғалым болсам… » эссе жазып келу.