Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Зеленобор мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Хасенова Аягоз Бельгибаевна
1-ші сыныптың «Әліппе кезеңінен» сабақ жоспарларының топтамасы
Әліппе – жас жеткіншектердің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи білуі, жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы неғұрлым жылдам әрі тез қалыптасса, со ғұрлым ол өзге де ғылым негіздерін оңай әрі тез игеруге дағдыланады. Сондықтан да сауат ашу – қазіргі таңдағы оқыту мен тәрбие үрдісіндегі басты мәселенің бірі.
Сауат ашу мәселесі, бастауыш сынып оқушылардың оқыту, сауатты жаздыру «Әліппе» оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір тақырыптық – мазмұндық жүйеде түзілуіне байланысты.
Беріліп отырған сабақтар жүйесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына арналған «Әліппе» оқулығы бойынша әзірленген.
Алғы сөз
Әліппе – жас жеткіншектердің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи білуі, жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы неғұрлым жылдам әрі тез қалыптасса, со ғұрлым ол өзге де ғылым негіздерін оңай әрі тез игеруге дағдыланады. Сондықтан да сауат ашу – қазіргі таңдағы оқыту мен тәрбие үрдісіндегі басты мәселенің бірі.
Сауат ашу мәселесі, бастауыш сынып оқушылардың оқыту, сауатты жаздыру «Әліппе» оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір тақырыптық – мазмұндық жүйеде түзілуіне байланысты.
Беріліп отырған сабақтар жүйесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына арналған «Әліппе» оқулығы бойынша әзірленген.
1- сабақ
І.Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әріпі.
ІІ.Сабақтың мақсаттары: 1) Ққ дыбысы мен әріпін таныту, оқуға жаттықтыру, сауатты жазуға машықтандыру;
2) Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, оқуға деген белсенділігін арттыру;
3) Қала мен ауыл арасындағы байланыс туралы әңгімелей отырып, қала тұрмысын меңгерту.
ІІІ. Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, буындар,магнит тақтайшалары, жаңа сөздер жазылған таблица, магнитофон.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе:
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сыныпқа бір бейтаныс әріп қонаққа келіпті. Бұл әріп маған өзінің қандай әріп екенін айтпады. Сендерге не дер екен, енді әріптің өзіне сөз берейік. (әріп болып жоғары сыныптың бір оқушысы кіреді).
Әріп: Балалар, мен қаладан келдім. Ондағы өздеріндей балалардың сендерге жолдаған өтініштерін ала келдім, сендер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мен өзімнің қандай әріп екенімді айтамын.
1- тапсырма. (Орындық суреті.)
— Бұл ненің суреті, сөзді буынға бөліп, алғашқы дыбысын ата, ол әріпті кассадан көрсет (О-рын-дық, алғашқы дыбысы – О).
2 – тапсырма.
— Балалар, сендер кеше өткен, О дыбысы дауыссыз дыбыстармен дос. Оларды бір-бірінен бөліп оқуға болмайды. Мына буындарды дұрыс оқындар: шо, то, ро, но, по, ло, со.
3 – тапсырма.
— Бірнеше буындарды таратып беріп, сөз құрату : о – ра, о – ру, со – на, жо – та. (балалар тапсырмаларды орындайды).
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
ІV. Жаңа сабақ:
1. Мұғалім: Балалар, сендер қонақ әріптің бірнеше тапсырмасын дұрыс орындадындар. Енді барлығымыз қонақ әріп келген қалаға саяхат жасайық.
Таңертеңгі автобусқа отырып, Алматы қаласына кешкісін жеттік. Шаршап келгендіктен қонақ үйге барып, ұйқыға жаттық. Таңертең тұрып, жуынып, қаланы аралауға шықтық. Қала сондай әдемі, биік-биік үйлер, завод, фабрикалар көз тартады. Көшеден өтерде бағдаршамға қарап, жасыл көзі жанғанда өттік. Көшенің арғы бетінде ойыншық сатылатын дүкен бар екен. Біз қуыршақ сатып алып, «Қуыршақтар» әнін айтып үйге қайттық. (Бұл саяхат сергіту сәті ретінде өтеді де, оқушылар қала туралы мағлұмат алып, әңгімеге байланысты қимылдар жасайды, «Туған ел» әнін айтады).
Туған ел
1. Дала гүлге толатын,
Атам, әжем тұратын,
Мен ауылды, мен ауылды сүйемін 2р.
2. Қызығы көп болатын,
Папам, мамам тұратын,
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін. 2р.
Атам, әже тұратын,
Папам, мамам тұратын,
Туған елді, туған елді сүйемін. 2р.
2. Сұрақ-жауап:
— Қала сөзін буынға бөлейікші. (Қала).
— «Қа» деген буында қай дыбыс құлағымызға бірінші естіліп тұр ?
— Қалада қайда жаттық ? (Қонақ үйде). «Қонақ» сөзін буынға бөлу. Алғашқы дыбысын ажырату. (Қо-нақ), (Қ).
— Дукеннен не сатып алдық ? (Қуыршақ). «Қуыршақ» сөзін буынға бөліп, алғашқы дыбысын ажырату.
— Балалар, бүгін бізге келген бейтаныс қонақ – Ққ әріпі екен. (Қонақ әріптің маскасын шешіп, маңдайына жазылған Ққ әріпін көрсетеді).
Кқ әріпінің дауыссыз дыбыс екенін айту. (Ққ әріпі балаларға үлестіріледі).
3. Дәптермен жұмыс: Алдарындағы тақтайшаларына оқушылар қ әріпімен буын құрайды: қа, қо, қу. Осы буындардан сөз құрайды (қа – ла, қо – ра, қо – нақ т.б). Қайық, қаз, қасық, т.б. суреттерді көрсетіп, бұл сөздерде қ дыбысы бар екенін айту.
4. Жаңа сөздермен жұмыс: дыбыстық талдау жасау. «+»-дауысты, «-»-дауыссыз
— + — + — + — + — + — + + — — + — + — + — + + —
қ а – л а, қ о – р а, қ а – р а, а қ – қ у, қ о – ғ а, қ у – а т.
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық.
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары төмен қарайық.
Орнымызға барайық.
5. «Әліппе» кітабымен жұмыс. Оқушыларға хормен және жеке оқыту.
V. Сабақты қорытындылау. Үнтаспадан жұмбақ тыңдау.
Тіс десең – тісі бар,
Күш десең – күші бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар. (Қасқыр)
«Қасқырдан құтқарайық» ойыны.
Тәртібі. Орманшының үйі. Алаңда қой, қаз, қоян, жайылып жүр. Кенет орман арасынан бір қасқыр шыға келді. Қасқырдан қойды, қазды, қоянды жасыру керек. Қой, қаз, қоянның сыртына жазылған бүгінгі сабақа байланысты тапсырманы орындаған бала ғана оларды қасқырдан жасырған болып есептеледі. (Тапсырмалар: «қа-ра», «қо-ға», «ақ-қу» деген сөздерді оқу, сөйлем құрау.)
Жұмбақ.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң – қолың тоңады (Қар)
Бұл жұмбақтың шешуін балалар әріп қиындыларынан құрайды.
Сабақ соңында жауап берген балаларға сыйлықтар беру, мадақтау.
2- сабақ
І.Сабақтың тақырыбы: М дыбысы мен әрпі.
ІІ.Сабақтың мақсаттары: 1) М дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балалардың буын туралы түсінгін кеңейту;
2) Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
3)Ұқыптылыққа, әдептілікке, ұжымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеп баулу.
ІІІ. Әдіс тәсілдер: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру,ойын элементтері
ІҮ. Көрнекі – құралдар: кеспе әріптер қалтасы, ойыншықтар, үлестірмелі суреттер, әліппе – дәптер, магнит тақтайшасы т.б.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, балаларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Өтілген әріпті еске түсіру.
Й әріпі мен дыбысы.
Ай. ой, үй.
Ү. Жаңа сабақ
а. Жұмбақ шешу.
Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп – шұбар. (Мысық)
— «Мысық» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі ?
— М дыбысы.
ә. Ж. Смақов «Кішкене әліппе».
Бұзау «М-ны» «Ө-ге» қосып:
«Ме», — дейді.
Бота «Б-ны» «Ө-ге» қосып;
«Бе», — дейді.
Құлын «Е-ні» «Е-ге» қосып;
«Е-е», — дейді.
Қозы «М-ны» «Е-ге» қосып;
«Ме», — дейді.
Ал мен «М-ны» «А-ға» қосып;
«Ма», «Ма», — деймін,
«Мама!» — деймін.
Мама – М әрпінен басталады.
4. Ойын: «Ыстық доп» М дыбысына келетін адамдардың аттарын ойлау. (Марат, Майгүл, Мұрат, Маржан т.б.)
М тақтаға жазылады.Әр бала магнит тақтайшасына М дыбысының таңбасын жазып жаттығады.
5. Әліппе – дәптермен жұмыс.
Әліппе – дәптердегі суреттерді қарап, заттың атын атайды, буындарға бөледі (қол шапалақтап).
Май + мыл, мы + сық, жү + зім, ал – мұрт, бағ + дар + шам т.б.
Сөздерден сөйлем құрастырады. Сол сөйлемдердің сызбасын сызу.Мысалға: Мысық сүт ішіп отыр
6.Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрастыру. Әр баланы қатыстыру, сөйлету.
Сергіту жаттығуы.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
7. Көрнекілікпен жұмыс.
Түйенің суретін көрсету.
Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп ? (М)
8. Бір буынды, екі буынды сөздерді оқу.
Ма, мо, мә,
Мал, мол, ма-са, ал-ма.
2. Ұйқасын тап.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзіп,
Оның аты – (жүзім)
Сұрақ-жауап арқылы балалардың өздеріне қорытынды шығарту. «Жүзім» деген сөзде М дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр .
М дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
V. Сабақты қорытындылау, бекіту. Таяқшалармен жұмыс. Таяқшалардан М әрпін құрастыру.
«Құмда» бар да, «суда» жоқ,
«Менде» бар да, «сенде» жоқ
Қай әріп ? («М» әрпі)
Балалардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Жүзім, мысық, бағдаршам суреттерін салып келу.
3-сабақ
І.Сабақтың тақырыбы: Сс дыбысы мен әрпі
ІІ.Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды С дыбысымен және әрпімен таныстыру, дауыссыз, қатаң дыбыс екенін таныту. С дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету.
2) Қол жаттықтыру, С әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру, кіші, бас әрпін жазуды үйрету.
3) Балаларды бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету, ой-
өрістерін дамытып, қорытынды шығаруға машықтандыру.
ІІІ.Сабақтың түрі: дамытушылық ойын сабақ.
ІҮ.Сабақта қолданылатын әдістер: сын тұрғысынан ойлау, үш кезең қолдану, қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой толғаныс.
Ү.Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, буындар, баспалдақ ойынының үлгісі, түрлі-түсті бор.
Сабақтың барысы:
Тақтаның бір шетіне жалпы сабақ барысына жасалған жоспарымды жазып қойдым.
а) Психологиялық дайындық.
ә) Өткенді қайталау.
б) Ой ашар.
Жаңа сабақ.
а) Ой қозғау.
ә) Мәтінді оқу.
б) Өздік жұмыс.
в) Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу жүйесі
Топпен жұмыс.
а) Ой толғаныс.
ә) Венн диаграммасы.
б) Жаңа тақырыпқа буын ұйқасын табу.
в) Сабақты қорыту.
г) Бағалау.
1.Сабақты бастамас бұрын, оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алдым.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Өлең шумағын алғашқыда өте баяу, екіншісінде оған қарағанда шапшаңырақ, үшіншісінде өте жылдам айтап, яғни үш қайтара айтып сергіту минутын өткіздім.
2.Өткенді қайталау.
— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық ? Ол қандай дыбыс ?
а. Парақшамен жұмыс.
— сөз айту;
— сөйлем құрату, мәнін түсіндіру.
ә. Кеспе әріптерден сөздер құрату.
б. Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа сабақ:
І. Ой ашар.
Саматтың қолдында таяғы бар, секіріп ойнап, суға шомылуға келе жатса, дәл алдынан жорғалап келе жатқан жыланды көріп, қатты қорқып, тоқтай қалды. Сол сәтте таяғының бар екені есіне түсіп, өзін батыл сезінді. Жылан да біраз «с-с-с !» деп ысылдап, өз жөніне кетті.
— Балалар жылан қалай ысылдайды ?
— С-с-с ! С-с-с ! С-с-с !
Олай болса балалар, бүгін өтілетін сабағымыз С дыбысы мен әрпі.
Екі оқушы шығып кеспе әріптен әріптің баспа және жазба түрін алып көрсетеді. Қалған оқушылар жазба түрін ауада жазады, тақтайшаларына жазып жаттығып алған соң жазған әріптерін жоғары көтеріп, мұғалімге көрсетеді, мадақтау, ескертулер жасау.
— С қандай дыбыс деп ойлайсыңдар ?
— С дауыссыз, қатаң.
— Қандай түспен белгіленген ?
— Көк түспен, олай болса көк үйге кіргіземіз.
— С дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.
— Дыбыс деген не ? (естиміз, айтамыз)
— Әріп деген не ? (көреміз, оқимыз, жазамыз).
Оқулықпен жұмыс.
II. Мағынаны тану (түсіне білу).
Сөздерді буынға бөліп оқимын. Балалар қолдарына қалам алып, өздері үшін түсініксіз сөздердің астын белгілейді.
Яғни түртіп алу жүйесі:
Мен білемін.
Мен үшін түсініксіз.
Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Артынан сол сөздердің мәнін ашып, түсіну мақсатында бір-бірінен сұрастырып ортаға салады, мағынасын бір-біріне түсіндіреді.
Дәптерге жазу
1. Жазу жолындағы әріптерді жаз.
С_________________________________________________________
с__________________________________________________________
2. Буындық диктант.
та па на ға
Балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қарау.
ІІІ. Топпен жұмыс.
Топпен жұмыс жүргізу мақсатында, әр топқа жеке-жеке тапсырмалар үлестірдім. Олардың бірі «Баспалдақ» ойынына байланысты сөздерді тапса, екіншілері суреттегі затқа сипаттама береді, келесі топ берілген суреттің көшірмесін салу керек. Оқушылардың ешқайсысы да тыс қалмай топ-топ болып тапсырманы орындап отырады. Жұмыс істеуге уақыт беріледі.
ІҮ.Ой толғаныс – бағдарламаның келесі кезеңі.
Ой толғаныс кезеңінде балаларға Венн диаграмассы, яғни шеңбер ойынын ойнаттым.
Буын ұйқасын табу. Оқушылардың шешімі:
— са – са – са — ызыңдайды маса.
— із – із – із — бақшалағы сәбіз
— ыс – ыс – ыс — келіп қапты қыс
Баспалдақ ойыны.
С —
С — —
С — — —
С — — — —
Жауабы: су, саз, сақа, сәбіз. Дыбыстық талдау жасау.
ҮІІ.Сабақты қорыту.
Жұмбақ
Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп ?
Шешуі: С әрпі.
Бағалау.
Үйге: бағандағы сөздерді оқып келу.
4-сабақ
І. Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі
ІІ. Сабақтың мақсаты: 1) Ж дыбысы мен әрпі бар сөздерді меңгерту;
2)«Жарыс» мәтінін оқытып, талдату;
3) оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытып, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.
III. Типі: пысықтау.
IV. Көрнекіліктері: Ж әрпінің баспа және жазба түрлері, асықтар, сюжетті суреттер, оқулық.
Ү. Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап. сөздік, әңгімелеу әдістері
Сабақ барасы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә. Психологиялық жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.
ІҮ. Жаңа сабақ
Актуальді кезеңде қызығушылықты ояту үшін сөзжұмбақтар шешіледі:
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
(Жапалақ)
Түн жамылып ұшқан,
Қанаты бар тышқан.
(Жарғанат)
— Сөздер қай дыбыстан басталған ?
— Ж дыбысынан.
— Тақырыпқа байланысты көптеген сөздермен танысамыз.
Өткенді бекіту. –
Ж дыбысы туралы не білеміз ? Кім айтады? Оқушыларға өздігінен тұжырымдама жасату.
— Ж дауыссыз дыбыс. Сөздің басында. ортасында жиі, соңында сирек кездеседі.
Мысал келтіру. Дыбыстық – буындық талдау.
— + — +
ж а — с а — 4 дыб., 2 буын, 2 д/ы, 2 д/з
Оқулықпен жұмыс. Бағанмен берілген сөздер.
1. Мұғалім өзі оқиды.
2. Сөздік жұмысы.
Түсінік беру. Кісі аттарының бас әріппен жазылатынын аңғарту.
3. Хормен оқу.
4. Жеке оқушыға оқыту.
Сергіту сәті.
Қоюланып тағы бұлт,
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
Мәтінмен жұмыс.
1. Кіріспе сұрақ қою.
— Ат жарысы деген сөзді естігенде ойларына не келеді ? (Білгендерін айтқызу, елестету).
2. Мәтін «Жарыс».
— оқу
— мазмұнын сұрау.
3. Тізбектеп оқу.
Сергіту сәті.
Жел соқты гу – гу,
Жаңбыр жауды тырс – тырс.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
Дәптермен жұмыс.
1. Берілген сөздер, сөйлемдерді үлгі бойынша жазу.
2. Есту бойынша жаға, жуа сөздерін жазғызу.
Тіл дамыту. Суретпен жұмыс.
«Жақсы деген немене ?», «Жаман деген немене ?» тақырыбында сюжетті суреттер көрсетіледі. Оқушыларға осы суреттер бойынша ой-пікірлерін айтқызу.
Суреттер мазмұны :
1. Ағашты күтіп-баптап жүрген бала.
2. Ағашты сындырып, қиратқан бала.
3. Беті кір, кітап пен дәптерін ұқыпсыз ұстайтын бала.
4. Үсті – басы таза, ұқыпты бала.
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» мақалын түсіндіру.
Рефлексия. Ұлттық ойын – «Асық».
Тақтайшаға таныс әріптер жазылған карточкалар қойылады. Асықты иіргенде, қай әріпке түссе, сол әріптен басталатын, сөз ішінде кездесетін сөз айту. Буынға бөліп, орнын анықтау, қандай дыбыс екенін айту.
Ү. Сабақты қорыту: Жақсы қатысқан оқушылар мадақтау,
қорытынды жасау, үйге тапсырма беру.
5-сабақ
І.Сабақтың тақырыбы: Ұұ дыбысы мен әрпі.
ІІ.Сабақтың мақсаттары: а) Оқушыларға ұ дыбысын таныту; ұ әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту; сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету;
ә) Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
б) Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
ІҮ.Сабақтың типі: Ғажайыптар алаңы.
Ү.Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бүктемелер, магнит тақтайшалары, кеспе әріптер, кітаптар.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын қайталау жұмыстары:
— оқушыларға сөздерді оқыту;
— оқулықтағы суреттің сюжеті бойынша әңгіме жүргізу. Жақсы мен жаманның айырмашылығы айтылады. Ағаштың түрі, пайдасы әңгімеленеді.
Жақсы баланы қандай қылығынан байқадыңдар ? Жаман бала екенін қалай білдіңдер ?
«Буын қос» ойыны арқылы қорытындылау.
ға
са
ЖА
рыс
рық
3.Жаңа сабақ
— Балалар, біз жаңа ағаштар туралы әңгімелеп кеттік. Ендеше мына жұмбақты шешіңдер. Орманда кімдер, нелер өмір сүретінін білейік.
1. Жадыған бақтың әншісі,
Тамсанған оған сан кісі. (Бұлбұл)
2. Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс таңдайды. (Бұлбұл)
— «Бұлбұл» сөзінде сендер таныс емес қандай дыбысты байқадыңдар ?
— Ұұ дыбысы.
Қане, бәріміз дыбыстайық, қандай дыбыс екен ?
— Ұұ дауысты дыбыс.
Баспа, жазба түрлері таныстырылады.Алдарындағы тақтайшаларына өз беттерінше жазып, қолдарын жаттықтырады. Жазып болған соң тақтайшаларын көтереді, ескертулер жасалады.
4. Оқулықпен жұмыс.
— Бағанда берілген сөздерді оқушылардың өздеріне оқыту, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.Мағынасын талдау.
Кеспе әріптерімен бұлбұл, құлын сөздерін жаздырту. Сөздер ішінен буындар поезды бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді тауып, вагонға отырғызу;
5. «Құстар» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру;
Ағаштар мен құстардың пайдасы туралы әңгімелеу.
Сергіту сәті. Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
6. Топтастыру стратегиясы.
а) Деңгелек қағаз ілу. Құстар сөзін әріптер ішінен таптырып, қалтаға салу;
ә) Гүлдердің әр күлтешесінде (қалтарларға құстардың аты жазылған, оқушы дауыстап оқып, іледі.
7. Жазу жұмысы.
— Ұұ әріпінің баспа, жазба түрлері тағы да айтылып өтіледі, жазылу емлесі түсіндіріледі.
— Қай әріпке ұқсайды ?
— Ұлу, ұшақ – Уу әріпіне ұқсайды.
ҮІ. Сабақты бекіту.
— Құстар туралы бірнеше жұмбақ жасыру.
1) Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. ( Жарқанат )
2) Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып – қалып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жемі іздейді там-тұмдап. ( Қарға )
3) Талдың басында,
Жемі бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы. ( Құс ұясы )
— Бұлардың жалпы аты құстар сөзіндегі ұ дыбысымен таныстық, дауысты дыбыс екен, шарты белгісі қызыл түс.
Жауап берген оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Оқулықтағы сөздерді оқу. «Құстар» әңгімесін мәнерлеп оқу.
6-сабақ
І. Сабақтың тақырыбы: Ее дыбысы және әрпі
ІІ. Сабақтың мақсаты Ее дыбысымен таныстыру. Оның дауысты дыбыс екенін ажыраттырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, оқушының сөздік қорын байыту, буындап оқуға үйрету, халықтық педагогикаға сүйене отырып, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, эстетикалық талғамын байыту.
ІІІ. Көрнекілігі: сюжетті сурет, кеспе әріптер, сандық, таспа және «Әже» суреті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тыныштыққа келтіру.