Сабақтың тақырыбы: \»Қонақжайлық\»

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
№1 мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Абильмажинова Гулмира Каниевна

Сабақтың тақырыбы: Қонақжай халық. Зат есім
Жалпы мақсат

Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге, қонақжайлылыққа баулу.
Оқытудың нәтижелері

Қонақтың түрлері, қонақжайлылық туралы толығырақ  мәліметтер алады,  ерекшеліктерімен танысады, мәтіннің  мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді, қазақ халқының салт-дәстүріне деген сүйіспеншіліктері оянады.
Негізгі түйіндер

Қазақ қонақжай халық. Қонақты қарсы алу, шығарып салудағы ережелері мен наным-сенімдерін меңгеру.  Қонақтың: «арнайы», «құдайы», «қыдырма»деген түрлерін ажырату.
Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер:

«Балық қаңқасы» (фишбоун), жүректен-жүрекке, СТО стратегиясы, жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:

I.           Ұйымдастыру кезеңі:

а)  амандасу, сабаққа жағымды көңіл-күй тудыру
•         Балалар, бүгін аптаның қай күні?
•         Бүгін – дүйсенбі.
•         Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?
•         Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.
б) сынып ережесін құру:  «Бір-біріміздің тыңдаймыз!
                                            Әркімнің  пікірі құнды!»;
 в) сыныпты топқа бөлу
бағалаудың парақтарының критерийлерімен таныстыру:
Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:_____________________________
Тапсырма №1, 2, 4, 5, 6                            
3 ұпай – жоғарғы деңгейде                       
2 ұпай – орта деңгейде                              
1 ұпай – төменгі деңгейде
Тапсырма     №3

А) мәтін бойынша – 5 ұпай
Б) өзі құрастырады–10 ұпай
Тапсырма     №7

 І деңгей – 5 ұпай
ІІ деңгей – 10 ұпай
ІІІдеңгей – 15 ұпай

Тапсырманың түрі
Оқушының өзіндік бағасы
1.Топқа бөлу кезіндегі белсенділігі
2.«Ассоциациялық карта» толтыру кезеңі
3.Сұхбат құрастыру
4.«Өзіңді тексер»
5.«Фишбоун» стратегиясын орындаудағы белсенділігі
6.Деңгейлі тапсырмаларды орындау
Жалпы ұпай
 «5» – 36-45                                      
«4» – 26-35
«3» – 16-25                
       ә)  Ассоциациялық карта толтыру ( тақтаға жазу):
·         «ҚОНАҚ» сөзін естігенде қандай  ассоциациялар пайда болады?
<! арнайы қонақ → официально приглашенный гость
бейтаныс қонақ → незнакомый гость
құтты қонақ → гость, приносящий счастье
сыйлы қонақ → почетный гость
қонақ бөлме → гостиная; комната для гостей
қонақ шақыру → приглашать гостей; звать гостей
қонақ қылу → угощать
құдайы қонақ → случайный гость (прибывший нежданно, без приглашения)
I.           Мағынаны  ажырату: (5мин) 
а) Оқулықтың 18,21,24 беттеріндегі («Қонақжай халық», «Қонақ», «Ізгі дәстүр») мәтіндерімен жұмыс. Мәтінді оқып, мәтін негізінде немесе өздері сұхбат құрастырады.
ә) сұхбатты жұп болып оқу
б) Тапсырма: «Өзіңді тексер»: (әр топ өз мәтіндері бойынша, сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіреді)

Өзіңді тексер

І топ:

•      Қазақ — ежелден                            
•      Үй иесі танысын-танымасын
•      Үй иесі қонақты қарсы алып,
•      Қазақ қонақты қарсы алу,
•      Бұл – қонақпен еріп келген "құт”
•      үйге кіргізеді            
•      шығарып салуға ерекше мән берген
•       бірге кірсін дегені
•       қонақжай халық
•      келген қонақты жылы шыраймен қарсы алады
ІІ топ:

•      Үйге келген мейманды
•      Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша
•      Ол сырттан дауыстап
•      Үйге келген қонақ
•      Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес
•      шаңыраққа сәлем беріп кіреді
•      төрден есікке қарай орналасады
•       үйдегілерге белгі береді
•       үйге келген адам ішке бірден кірмейді
•      қонақ деп атайды
ІІІтоп:

•      Қонақжайлылық-                 
•      Қазақ-үйіне келген қонақты құрмет тұтып,
•      Ауылға келген бейтаныс қонақтар пейілі кең,
 
•      дастарқаны мол, үйі таза, тәрбиелі ұл-қызы бар үйлерге түседі
•      қазақ халқының ата-бабадан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ізгі дәстүрі
•       сыйлайтын кеңпейіл халық
в) «Балық қаңқасы» (фишбоун) сызу.
<А3 форматына әр топ өздерінің жұмыстарын салады)
< топ мүшелері өз сызбаларын қорғайды
 г) Сергіту сәті: «Көңілді күн» әуенінің сүйемелдеуімен
 д) Деңгейлік тапсырмалар орындау:
І деңгей

Төмендегі сөздерді кестеге топтастыр:
      Қонақ, қонақпен, қонақты, қонағы, дәстүрлер, дәстүрі, қонақтан, әулет, үй иесі, халқы, мейман, достар, достық, халқының, үлкені, қонағым, дастарқанға, қонақпын, доссың, үйлегілер, отырғандар.
жалғаулар
көптік
септік
тәуелдік
жіктік
ІІ деңгей:

Қонақ түрлері мен сипаттамасын жаз.
Қонақ түрлері
Сипаттамасы
ІІІ деңгей
Синквейн құрастыру:
•      Синквейн құрастырған оқушылар болса, оқыту
 ІІІ. Қорытынды:

•      бағалау парақтарын жинау
•      үй тапсырмасы.  (2мин)   "Қонақ”, "Қонақжайлылық” тақырыбы бойынша
сөзжұмбақ құрастыру
•      «Жүректен жүрекке» стратегиясы бойынша: сабақтың басында таратылған
жүрекшелеріне тілектерін жазып, бір-бірлеріне ұсыну.

Добавить комментарий