Павлодар қаласы
К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі
Сынып: 9 «В» Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Туыстық атаулар
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сейітқанова М.Т.
Сабақ жоспары
Сынып: 9 «В» Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Туыстық атаулар Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу. . Білімділік – туыстық атаулары туралы мәліметті толықтыру, жаңа тақырып бойынша лексиканы меңгерту, сөздік қорын молайту. Дамытушылық – туған-туыстары туралы біліктерін дамыту, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту, мәтіннен керекті мағлұматты таңдай білу, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік – адамгершілікке, отбасындағы бірлікке, бір-бірін сыйлай білушілікке тәрбиелеу. Көрнекілік: отбасы мүшелерінің суреті, тірек-сызбалар, карточкалар, тапсырмалар Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: бірлесіп білім алу Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі Сәлетметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Бүгін сабақта кім жоқ? Бүгінгі сабағымыз ерекше. Бізге қонақтар келіп отыр. Өз білімімізді көрсете білейік. II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу Тілдесім. Бізге ең жақын адамдар, бізді өмірге әкелген, өсіріп-тәрбиелеп жатқан, болашақ өмірге дайындайтын кімдер? (оқушылардың жауаптары) Жақсы. Ана, әке туралы не айта аласыңдар? «Отбасы» тақырыбы бойынша қандай сөздермен таныстық? Ана – кім? қамқоршы, тәрбиеші, дос, араша, кеңесші… қандай? Аяулы, мейірімді, құрметті, қымбатты, қасиетті, әдемі… не істейді? Өсіреді, тәрбиелейді, қол ұшын береді, көмектеседі, мәпелейді, сүйеді… Ата мен әже кімдер? Отбасындағы ең мәртебелі адамдар, жастары ұлғайған адамдар. Олардың даналық ақыл-кеңесі отбасына көмегін тигізеді. Олар қуанышты да, қайғыны да сенің отбасыңмен бөліседі, көмектеседі. Сендердің басты міндеттерің –ата-анаңның, ата-әжеңнің пікірімен есептесу, олармен ақылдасып отыру, оларды сыйлау. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу Бүгін біз сабағымызда туыстық атаулары туралы айтамыз. Дәптерлерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз. Тақырыбымыз: Туыстық атаулар.
III. Оқулықпен жұмыс 56-бет, 2-тапсырма
Ата – әкенің әкесі (отец отца) Әже – әкенің шешесі (мама отца) Әке-шеше – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар (супруги ) Бала – ата-анадан туған ұрпақ, олар ұл, қыз деп аталады (дети родителей, поколение, их называют сын, дочь) Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы (хозяин дома, продолжатель рода) Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана (дочь – будущая сноха, мама) Немере – ұлдың баласы (сын сына) Шөбере – немеренің баласы (сын внука) Жеңге – ағаның әйелі (жена брата) Жезде – әпкенің күйеуі (муж сестры) Келін – ұлдың әйелі (жена сына) Нағашы – шешенің туыстары (родственники по материнской линии) Жиен – қыздан туған бала (ребенок дочери) Бөле – әпкелі-сіңлілердің балалары (дети сестер)
Жазылым. Осы сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру. Тілдесім. Диалог
IV. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым. 1) Мәтінді мұқият оқып, түсіну.
Туыстық атаулар
Отбасы – келешек ұрпақ. Онда сүйіспеншілік, татулық, сенім қалыптасады. Мемлекетіміздің негізгі міндеті – отбасыны қамқорлыққа алу. Әрбір баланың туған анасы, туған әкесі болады. Сенің әкең де – сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің анаң да – нағашы атаң мен нағашы әжеңнің қызы.Ұл мен қыз үшін ата-анадан асқан адам жоқ, сондықтан балалар ата-анаға өмір бойы қарыздар. Ана – ошақ сақтаушысы. Ол бала тәрбиелейді, отбасын тамақтандырады, үйді таза ұстайды. Әке – отбасының тірегі, сондықтан ол отбасын қаржымен қамтамасыз етеді. Бала – ата-анадан туған ұрпақтар, олар ұл, қыз деп аталады. Баласы бар үй бақытты үй деп саналады. Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы. Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ иесі, сондықтан «қыз – қонақ» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген. Аға, әпке, қарындас, сіңлі – бір әке-шешеден туған балалар, үлкен болса – аға, кіші болса – іні, үлкен қыз – әпке, кіші болса – қарындас, қыздар үшін сіңлі болады. Жеңге – ағаның әйелі. Ол жасы үлкендер үшін – келін, жасы кішілер үшін – жеңге, жеңеше. Немере – ұлдың баласы. Немере ата-әже үшін өте ыстық болады. Шөбере – немеренің баласы. Оның ата-ана үшін орны ерекше. Жиен – қыздан туған бала.
Қазақ отбасында үлкенді сыйлайды, олардың айтқандарын есте сақтайды, үлкен кішіге ақылшы, қамқоршы, ал кіші көмекші болады.
Сөздік жұмысы
сенім – доверие қалыптасу – формироваться қамқорлыққа алу – брать под защиту ошақ сақтаушысы – хранительница очага қаржы – денежные средства, финансы қамтамасыз ету – обеспечивать аялау – лелеять, ласкать, беречь мәпелеу – внимательно, усердно ухаживать қамкоршы – покровитель, опекун ақылшы – советчик, наставник тірек, қазық, сүйеніш – опора, поддержка
2) Сұрақтар құрастырып жазыңдар.
3) Сызбаны толтырыңдар:
Ата-ана не істейді? (ата-ана борышы) |
Бала не істеу керек? (бала борышы) |
|
|
2. |
|
|
3. |
4) Грамматикалық тапсырмалар. (жай және салалас құрмалас сөйлемді қайталау) Жазылым. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау. Ана – ошақ сақтаушысы. Әке – отбасының тірегі, сондықтан ол отбасын қаржымен қамтамасыз етеді.
— Деңгейлік тапсырмалар. 1-деңгей. Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер. Неге үйдегі алтын қазық – ана?
Бабалар сөзі –тәрбие көзі. — Үйдегі алтын қазық кім? — депті қарт. — Ата, үйдегі алтын қазық – бала, — депті жігіт. — Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, — депті қарт.
2-деңгей. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғау қойып, жаз.
- 1. Сенің әке… мен ана… саған өмір берді.
- 2. Олар сенің бақыт… үшін өмір сүреді.
- 3. Ата-ана…… мақтан тұт!
- 4. Солардың денсаулығ…, тыныштығ… сақта.
- 5. Әрқашанда ата-ана…… сыйла, ешқашан ренжітпе. Бұл – сенің міндет…
Осы сөйлемдерді 1-жаққа, келер шаққа қойып айт.
3-деңгей. Сөзге фонетикалық талдау жаса: Әке Өз отбасын туралы жазып бер.
Тапсырма: Отбасы, ата-ана, бала туралы мақал-мәтелдерді айтып бер. Бір мақалдың мәнін түсіндіріп бер.
Тапсырма: Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар: әке-шеше, ана, сыйлау, сүйіспеншілік, болашақ. Осы сөздермен сөйлем құрастырып жаз.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы жұмысының мақсаты қандай?
«Жалғасын тап» ойыны: Жалпы тапсырма: Мақал-мәтелдерді толықтырамыз 1. Әке – асқар тау (ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ) &nbs