М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

Жезқазған қаласы

№13 орта мектеп

Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі

Бейсембаева Ажар Сұлтанияқызы

1. сабақ.Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

                                          «Соғыс» өлеңі

  Мақсаты: XIX ғасырдағы тарихи- әлеуметтік жағдайды таныстыру

                     арқылы сол дәуірдің асқақ арман жыршысы Махамбет ақын

                     өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, қысқаша

                     мағлұмат беру.

  Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:

  1. XIX ғ. Бірінші жартысындағыҚазақстандағы тарихи жағдаймен таныса алады.
  2. Ақын өмірі мен шығармашылығының негізгі сарыны жайында мәлімет алады.
  3. Сын тұрғысынан ойлау барысында пайда болған ортақ ойды ортаға сала отырып ой тұжырымын жасай алады.
  4. Шәкірттерге еркін ойлауға мүмкіндік беріледі, ақыл- ойы дамиды.
  5. Жұптық, топтық іс- әрекет арқылы ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ақын шығармашылығы арқылы патриоттық рухта тәрбиеленеді.

 

СТО- ға байланысты міндет:

            Негізгі мәселені жұппен және топпен анықтай алады, өз ойларын

            толық, нақты,сыни тұрғыдан жеткізеді.

 

Сабақ барысында қолданылатын  стратегиялар:  

             Негізгі идеяны суреттеу; топтастыру;білемін, білгім келеді,  

             үйрендім; сұрақ қою, қайта сұрақ қою; автор орындығы;  

             кері байланыс парағы. 

 

Көрнекіліктер: Ақын портреті, XIX ғасырдағы тарихи- әлеуметтік

                            жағдай

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сынып бөлмесінің тазалығын ескере отырып, оқушылармен амандасу, түгендеу

Ә) Оқулық және оқу құралдарын тексеру

Б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

 

 

I Қызығушылықты ояту

Негізгі идеяны суреттеу стратегиясы

 Тақтадан ақын портретін көрсету арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен әңгіменің кім жөнінде өрбитінін біле алады.

\"\"

 Ақын портреті арқылы ойқозғау стратегиясын пайдаланам

Оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі:

  1. Сендердің ойларыңша тақтада кімнің портреті?
  2. Кім деп танисыңдар?
  3. Ол жөнінде не білеміз?
  4. Қай жағынан танимыз?

Жоғарыдағы сұрақтарға жауап алынғаннан кейін  XIX ғасырдағы тарихи- әлеуметтік жағдайға қысқаша шолу жасалады. 

    (Интерактивті тақта арқылы)

 

         Өздерің тыңдап өткендей еліміз, халқымыз небір ауыр жағдайларды бастан кешірген.

         Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында Ресейлік патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілген қазақ халқының ұлт- азаттық көтерілісі, оның басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Ол тек көтеріліс басшысы ғана емес, сонымен қатар от ауызды, орақ тілді ақын. Махамбетқаруымен де, жалынды сөзімен де халқына қызмет етіп, сол заман естелігі ретінде көптеген өлеңдер жазған ағиық ақын. Осы бір сәттен кейін ақын жайындағы білетінімізді ортаға салып, жинақтайық.

 

 

 

                                                                      Батыр

Жалынды жауынгер ақын

                                                                МАХАМБЕТ                           Көтеріліс басшысы

 

 

                       1937 жылы 2-ші                                            1836ж 14 сәуірде туған

           рет жорыққа шықты              арабша, орысша

                                                                   хат таныған

Проблемалық жағдаят туғызу

«Батыр»- сөзіне оқушылар түсінік береді.

Оқушылар жауабы төмендегі «Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығды» атты мақалы арқылы қортындылана отырып, аққынның  «Соғыс» өлеңіне кезек беріледі.

1 Өлең мәнерлеп оқылады

2 Мазмұны мен тақырыбы ашылады

3 Оқулықпен жұмыс жасай отырып, өлең мазмұны арқылы Исатай батырға мінездеме беріледі

 

Проблемалық жағдаят туғызу

«Батыр»- сөзіне оқушылар түсінік береді.

Оқушылар жауабы төмендегі «Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығды» атты мақалы арқылы қортындылана отырып, аққынның  «Соғыс» өлеңіне кезек беріледі.

1 Өлең мәнерлеп оқылады

2 Мазмұны мен тақырыбы ашылады

3 Оқулықпен жұмыс жасай отырып, өлең мазмұны арқылы Исатай батырға мінездеме беріледі

                                                                      Батыр

Қайтпас қайсар мінезді

                                                                       ИСАТАЙ                                 Әскер басы

 

 

 

III. Ойтолғаныс

Сұрақ қою, қайта сұрақ қою

Әр топ спикерлері бір- біріне сұрақ қояды

 

Сұрағы

Жауабы

1 топ:  Шаруалар көтерілісі қай

           жылдары болды?

3 топ

2 топ:  Оны басқарушы кімдер?

4 топ

3 топ:  Көтерілістің негізгі себептері?

1 топ

4 топ:  Махамбет пен Исатайды кім деп

           танимыз?

2 топ

 

Автор орындығы

Бүгінгі тақырып бойынша «Егер мен Махамбеттей ер болсам» тақырыбында өз ойларын жазады да, автор орындығына отырып оқиды.

Осыдан кейін кері байланыс парағы таратылады.

 

Бүгін сабақта нені білдім?

Сұрағым

Өз пікірім

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру

Ақынның «Соғыс» өлеңінен үзінді жаттау.

Бағалау

2 сабақ.Сабақтың тақырыбы: «Қызғыш құс» өлеңі

 

Сабақтың мақсаты: Соғыста қаза тапқан Исатай батырдың

                                      қайғысымен қан жұтқан ақын мұңын аспандағы

                                       қызғыш құсқа айту арқылы ашқандығы жөнінде

                                      мағлұмат беру.

 

СТО- ға байланысты міндет: Өз бетінше білім алады, өздігінен шешім

                                                       қабылдайды

 

Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:

 

  1. Жұмыс жасау барысында пайда болған негізгі пікірлерді ортаға салады,
  2. Ой- тұжырымын жасайды, ақыл- ойы жетіледі
  3. Шығармашылық қабілеттері дамиды.
  4. Өлең мазмұнын ашу арқылыерлікке, батырлыққа, ұлтжандылық рухта және де адал дос бола білуге тәрбиеленеді.

 

Сабақ барысында қолданылатын  стратегиялар:

             Миға шабуыл жасау; жұптасып оқу,жұптасып қорытынды

            шығару;даралық пен ұқсастық; шығармалар кестесі;

            сезімнен шыққан өлең; әр қалыпта жазу

 

Көрнекіліктер:  

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сынып бөлмесінің тазалығын ескере отырып, оқушылармен амандасу, түгендеу

 

Ә) Оқулық және оқу құралдарын тексеру

 

Б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

 

 

 

I Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл жасау

 

10

10

10

20

20

20

 30

30

30

           Әр топтан бір баладан шығып өзіне қажетті ұпай санын

            айтады, ол ұпай сандардың артында үй тапсырмасының

            сұрақтары жасырынған.

 

10-Өлеңде қандай оқиға суреттеледі?
10-Исатай кім?

10-Өлеңнен Исатай бейнесі жасалған шумақтарды тауып оқы

20-Өлеңде «жүрегін оятты» деп кімді айтып тұр? Ояту деген сөз қандай мағынада қолданылған?

20-Өлең неше бунақты, неше тармақты, қандай ұйқас, неше буынды?

20-Оқиға қай жерде болған?

30-Оқиғаның болу себептерін ата?

30-М.Өтемісұлын кім деп танисың?

30-Махамбеттің өр тұлғасы, өлеңдеріне неге тәрбиелейді?

 

II. Мағынаны тану

Жұптасып оқу, жұптасып қорытынды шығару

Әр топ өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысады.

Жұптасып оқу барысында өлеңнің кімге, қалай арналғаны топта талқыланады.

Әр шумақтың кімге, неге арналғанын біле алады.

1 топ- Махамбеттің жалғыздығы

2 топ- Елден, көлден айырылу себебі

3 топ- Жәңгір хан езгісі, оның кім екені

4 топ- Ақынның Исатайдан айырылғаннан кейінгі өмірінің құсалықпен өтуі

 

Оқулықпен жұмыс

  1. Өлең құрылысына талдау
  2. Өлең мазмұнына байланысты әдебиет теориясы бойынша талдау

Теңеу-

Суреттеу-

Арнау-

Даралық пен ұқсастықты анықтау

 

Махамтет Өтемісұлы                                             Исатай Тайманұлы

Батыр                                          Батыр                                 Батыр

Қол басшы                                                                                Әскер басы 

Ақын

Патриот  

 

 

 

 

 

 

Шығармалар кестесі

 

«Соғыс» өлеңі

«Қызғыш құс» өлеңі

Шаруалар көтерілісі

Шаруалар көтерілісі

Исатай- басшы, Махамбет- қосшы

Махамбеттің жалғыз қалуы

Халықтың мұң-мұқтажын ойлау барысында Исатай ерлікпен қаза тапты

Қаза тапқан Исатай батырға арналуы

 

III. Ойтолғаныс

Сезімнен шыққан өлең

Әр топ осы өлеңдерден кейін ойтолғаныстарын қағаз бетіне түсіреді.

Мыс:

Серікбай Айғаным

Көлі, жері құсқа да қымбат екен

Әркімге қымбат екен атамекен

Туған жерден еріксіз айыратын

Өмірдің заңы сондай қатал екен.

 

Тасболат Қанағат

Махамбет батыр сағынып туған жерін

Ұқсатқан қызғыш құсқа өз өмірін

Ойлаймын, барлық адам әрқашанда

Сүйсе ғой батыр бабамдай елін, туған жерін.

 

Сабақтан алған әсерім

Жағымды

Жағымсыз

 

 

 

 

Әр қалыпта жазу

Бұл тапсырмада әр топ өз қалауы бойынша батыр мен ақын достығы жайында қысқаша шығарма жазады.

 

Үйге тапсырма беру

 Қосымша оқуға «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінен үзінді жаттау

 

Бағалау

 

Бұл сіздерге ұсынылып отырған үлгі сабақтар, дегенмен дәл осы өлеңге байланысты сын тұрғысынан ойлау технологиясының төмендегідей стратегияларын пайдалануға болады.

 

   1.

V-Білемін

-Менің ойлағаныма керісінше

+Жаңалық

? сұрақ

 

 

 

 

 

  1. «Кубизм» стратегиясы арқылы пысықтау сұрақтарын қоюға болады.

(қырлы фигураның алты қыры арқылы оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады)

 

  1. «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру»

 

Өлеңді оқу барысындағы оқушының өзіне әсер еткен тұстары

Сол туралы оқушының өз пікірі

 

 

 

4.  «Ойландырар он сұрақ»

  1. 1836-1838жж Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің басшылары кімдер?(Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы)
  2. Халық көтерілісін басқарған Исатай батырдың қайтыс болған жері?
  3. «Хан емессің, ылаңсың, қара шұбар жылансың» деген өлең жолдары қай ханға қаратылып айтылған?
  4. Махамбетті қай сұлтанның жандайшаптары өлтірді? (Баймағамбет Айшуақов)
  5. Махамбет қандай тілдерді жетік білген?
  6. Исатайға арналған жоқтау өлеңі? (Тарланым)
  7. Махамбеттің 200 жылдық мерейтойы қай жылы дүниежүзілік деңгейде аталып өтілді? (2003 жылы)

 

 

       5.  «INSERT»- әдісі

     Бұл стратегияда оқушылароқыған өлең жолдарындағы түсініксіз сөздерді түртіп алып отырады

 

6.   «Еркін жауап стратегиясы»

   Мұғалім өз тарабынан өлең мәтіні немесе жинақталған мәліметтер, болмаса ақын, батыр өміріне байланысты сұрақтар қояды , оқушылар өз еріктерімен жауап береді.

 

  1. «РАФТ» стратегиясы- көбіне ойтолғаныс сатысында қолдануға болады, бұл әсіресе қазақ тілі сабақтарына да тиімді әдіс.

Р-роль               А- аудитория      Ф- форма             Т-тақырып

 

  9.   «Тірек сөздер» стратегиясы- өлең мазмұны арқылы мәтін немесе әңгіме жазу

 

 

    10.  «ВЕНН» диаграммасы

11. «Мәлімет жинау»

Оқушылар Махамбет ақын мен Исатай батыр жайында көптеген мәлімет жинайды

\"\"\"\"

 

 

 

 

Добавить комментарий