Сынып: 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Символдық операторлар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Мәтіндік ақпараттарды өңдеу амалдарын түсіндіру, length concat,
copy функциялары мен delete, insert процедуралары туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелілік: Өз бетімен ізденуге, ұжымдық қарым-қатынасқа, еңбекқорлыққа, ынталылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Паскаль тілінде бағдарлама құру дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, плакаттар, үлестірме тапсырмалар, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру, белгіленген орындарға отырғызу. (1 мин.)
- Үй тапсырмасын сұрау. (3 мин.)
- Жаңа сабаққа байланысты қайталау сұрақтарын қою. (2 мин.)
- Біз үйренетін жаңа ұғымдар немесе жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин.)
- Оқушыларға үлестірме тапсырмалар орындату. (3 мин.)
- Компьютерде практикалық тапсырмаларды орындату. (16 мин.)
- Үйге тапсырма (2 мин.)
- Рефлексия (2 мин.)
- Сабақты қорытындылау. (1 мин.)
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2. Үй тапсырмасын сұрау (3 мин):
Берілген процедура параметрлерін координаталар жүйесінде белгілеңіз.
Балалар берілген карточкалардағы тапсырмаларды орындап, тақтаға іледі. Нәтижесінде фигуралар пайда болады.
3. Жаңа сабаққа байланысты қайталау сұрақтарын қою. (2 мин.)
Integer |
String |
Real |
1024 |
‘25’ |
39.5 |
-26 |
|
|
Integer – бүтін тип
Real — нақты тип
String – жолдық шама.
Жолдық шама дегеніміз мәндері мәтін болып табылатын шамалар. Дәптерлеріңе тақырыпты жазып қойыңдар.
Жол – апострофпен бекітілген, символдардың тізбегі, Мысалы, ‘Сынып’, ‘АВС 1А’
Жолдарды, сандар секілді, тұрақтылар бөлімінде сипаттауға болады.
Const Str= ‘МЕКТЕП’;
Жолдық шамалар String қызметші сөзі арқылы айнымалылар бөлімінде сипатталады.
Var s1,s2:String[N];
String – қызметші сөз;
S1,s2 – жолдық типтің айнымалылары;
N – жолдың максимальды ұзындығы ( 0-ден 255-ке дейін).
Жолдық деректермен жұмыс істеу үшін қолданылатын функциялар мен процедуралар:
Length (Str) –Str жолындағы символдардың санын есептейді. Нәтиже бүтін типті сандар болады. Мысалы:
S:=’Сканер’;
D:=length(S);
Writeln (D);
Экранға шығатын нәтиже: 6
Delete (Str,Poz,N) – Str жолының Poz позициясынан бастап N символдарды жояды. Егер Poz>255,программалық тоқтатылу болады.
Мысалы:
S:=’Етістік’;
Delete(S,2,3);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: Етік
Insert (Str1,Str2,Poz) –Str1 жолын Str2 жолына Poz позициясынан бастап қояды.
Мысалы:
S1:=’ма’;
S2:=’Форт’;
Insert(S1,S2,4);
Writeln (S2);
Экранға шығатын нәтиже: Формат
Copy (St, Poz, N) – St жолынан Poz позициясынан бастап N символды қиып алады. Егер Poz St жолының ұзындығынан ұзын болса,онда нәтиже бос орын болады.
Мысалы:
S:=’Программа’;
S:=Copy(S,4,5);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: грамм
Concat (St1,St2,…,StN) –St1, St2, … , StN тізімде көрсетілген рет бойынша бойынша тіркеседі. Барлық тіркелген символдардың қосындысы 255 символдан аспауы керек.
Мысалы:
S1:=’дар’;
S2:=’бағ’;
S3:=’шам’;
s:=Concat(S2,S1,S3);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: бағдаршам
4.Оқушыларға үлестірме тапсырмалар орындату. (3 мин.)
Тапсырма І
№1 Бағдарламаның фрагменті орындалғаннан экранға қандай нәтиже шығады?
а) a:=’қазақшаңыз’
b:=’қалай?’;
c:=concat(a,b);
ә) a:=’Дудар-ай’;
b:= copy(a,7,2)+copy(a,3,3);
writeln(b);
№2 Бағдарламаның фрагменті орындалғаннан экранға қандай нәтиже шығады?
S:=’Монитор’;
Delete(S,3,2);
Writeln(S);
№3
Бағдарламаның бұл фрагменті үшін айнымалыларды сипаттау бөлімінде не жазылады (Var …)
A:=’программа’;
B:=Length(A);
S:=Copy(A,4,5);
5.Компьютерде практикалық тапсырмаларды орындату.
Тапсырма ІІ
№1
Informatika сөзінің ұзындығын табу және жаңа сөз шығару бағдарламасын құру.
program misal1;
var a,b:string; с:integer;
begin
a:=\’informatika\’;
c:=length(a);
b:=copy(a,3,5);
writeln(с);
writeln(b);
end.
6.Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау кезеңінде тест сұрақтарына финист бағдарламасында жауап береді.
- Length функциясы нені анықтайды?
A) Программа аты;
B) Қиып алу:
C) *Жол ұзындығы:
D) Айнымалы;
- Copy функциясы нені білдіреді?
A) Мәтін бөлігі;
B) *Қиып алу;
C) Тіркеу;
D) Көшіру;
- Жолдық типті хабарлайды:
A) *String;
B) Real;
C) Integer;
D) Const;
- Insert(s1,s,n) нені анықтайды:
A) Сипаттау бөлімі;
B) Символдың аты;
C) *s жолына s1 жолын n позициясынан бастап кірістіреді.
D) n санын s жолына айналдыру;
- a:=’айнымалы’; length(a) –ның мәні қандай?
A) 9
B) *8
C) 11
D) 7
- z1:=’мекен’; z2:=’ата’; s:=concat(z2,z1); Нәтижесі қандай?
A) *атамекен
B) мекен
C) ата
D) Дұрыс жауабы жоқ
7. delete (s, n, k) процедурасының қызметі
A) *s жолындағы n позициясынан бастап k символдарды жою
B) n санын s жолына айналдыру
C) Тіркесу
D) Жолдың ұзындығын анықтау
- Мәндері мәтін болып табылатын шамалар
A) *Жолдық шама
B) Бүтін сандар
C) Нақты сандар
D) Дұрыс жауабы жоқ
9. a:=“алтыбақан”
Length(a)+10
Нәтижесі қандай?
A) 10
B) 9
C) *19
D) 20
10. String типінің диапазоны
A) *0-ден 255-ке дейін
B) 0-ден 32000-ке дейін
C) 0-ден 120-ке дейін
D) 0-ден 25-ке дейін
7.Үйге тапсырма: 90 бет №5, 6 (а, ә)
8.Рефлексия
4 тапсырма (бес жол өлең құрастыру)
Синквейн – сөздің мағынасын ашатын, ұйқасы жоқ бес жолдан тұратын өлең шумағы.
1-ші жолы синквейн мазмұнын анықтайтын 1 кілттік сөз Зат есім
2-ші жолы берілген сөздің мағынасын ашатын 2 сын есім
3-ші жолы кілттік сөздің іс-әрекетін көрсететін етістік
4-ші жолы автордың өз қарым-қатынасын, көзқарасын білдіретін қысқа сөйлем (2-4 сөз)
5-ші жолы автордың өз сезімін білдіруі арқылы берілген түсінікке байланысты бір сөзбен түйіндеу.
— Нені білдік?
— Нені үйрендік?
9. Сабақты қорытындылау.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!