Төлеутай А.Т.
математика пәні оқытушысы
Теміртау жоғары политехникалық колледжі
Кәзіргі ақпараттың дамыған заманында, инстаграмм, электрондық пошта, одан калса ұялы телефон арқылы интернет болса болды барлық жаңалықтарды, ақпараттарды қолымыздағы гаджеттер арқылы көріп, естіп жатамыз. Тал бесіктен, жер бесікке дейін білім алуды тоқтатпау, адамның өзін тануда таптырмайтын құрал деп есептеймін. Мен осы мақсатта инстаграмнан алғашқыда Назым Ділтайқызының онлайн марафонына қатыстым. Өте керемет инсайттар алдым, ерте тұру, бала тәрбиесіне байланысты кітаптар оқу, жақсы ой ойлау, жақсы сөз сойлеу, ой түйетін кинолар көру, күнделікті есеп тапсыру. Осы есеп тапсыруға байланысты
Абай айтады : «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» . Осы есеп беруді біз қолға алсақ, өмірімізде өзгеріс енгізеді. Әрине бәрі ниет, ықылас , мақсат қою содан соң әрекет жасау.
Инстаграмм, ютубтан, телеграммнан оратор, мотиватор, каржыгер және психолог Алмас Ақынды тауып, ол кісінің 90 күндік марафонына қатысудамын. Өте тамаша жасалған марафон, мен қатысқаныма қуаныштымын, сіздерге де ол кісіні тыңдауға, көруге кеңес беремін. Мен көптеген инсайттар алдым. Дене шынықтыру жаттығулары, дұрыс тамақтану, түйсікпен жұмыс жасау, күнделікті есеп беру, өзіңе сыйлықтар жасау, қуанту, ата- анамен қарым қатынасты байланыстыру, күшейту, ер азаматтарды құрметтеу, жұбайыңмен сырласу, бір саты жоғары ұстау, балалармен жұмыс, қоршаған адамдардан тек позитив көру. Әр күннен бір ой түйю, сабақ алу, адамдарға пайда тигізу, дұрыс дем алу, алдыңа мақсат қою, өзіңнің сүйікті ісіңді тауып, соны дамыту, содан ляззат алу, метидация жасау. Білім алуды тоқтатпау, мақал мәтелдердің мағыналарын түсініп жатқа айту.
«Өзіңе жақсылық жасай отырып, өзгеге жақсылық жаса» ораторлар клубының ұраны. «Қажырлы еңбек пен тәртіп және оңтайлы үзіліс, бәрімізді жетістік пен нәтижеге жеткізбек», «Ертең бүгіннен басталады». «Жақсылығыңмен бөліс- көбейсін, қайғыңмен бөліс — азайсын». Нағыз ұстаз, адамның көңіліне құндылық сыйлай алатын адам деп есептеймін.