Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы (сайыс)

 

                                            Түйіндеме

 

  Аты- жөні:  Өтегенова  Нұрбибі  Айсақызы

  Туған  жылы,айы,күні: 30 шілде 1979 ж.

  Туған жері:Арал ауданы  Сазды елді мекені

  Бітірген  оқу орны: Қызылорда  Гуманитарлық                                               

                                      университеті 2008 ж.

  Мамандығы: бастауыш  сынып  мұғалімі

  Қызметі: бастауыш  сынып мұғалімі

  Жұмыс орны: № 220 қазақ мектебі

  Еңбек  өтілімі: 11 жыл

  Санаты:

  Мекен- жайы: Арал қаласы  Момышұлы көшесі №24 үй  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ұстазы  жақсының –ұстамы  жақсы  (сайыс)

 Мақсаты: Оқушылардың  ұстазына деген құрметін, білімімен, өнерімен,тапқырлылығымен,шапшаңдығымен көрсете  білуге  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  слайд,мақал-мәтелдер,топшамалар,қима  суреттер.

 

 Барысы: Кіріспе  бөлім:

 

Жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар!
Армысыздар, қазылар алқасы және сайыскерлер!

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғындар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.

1-жүргізуші:
Қатысушы ұстаздарды ,сүйікті  шәкірттерімен ортаға шақырайық!

Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып, өз мерекең қарсы алды.
Куанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршанды!

 

Жүргізуші:
Кім жеңеді байқауда үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Қазы алқасы атынды ақта,
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда,- дей келе байқаудың қазылыр алқасымен таныс болыныздыр:
1. Жаймақова  Жәмила
2. Сәдуақасова  Венера
3. Үдербаева  Құралай

Жүргізуші:

Ұстаздар, жан, анамдай аялаған,
Көлеңкелі бәйтерек  саялаған.
Айналдық, мейрімді жүрегіңнен,
Шәкіртерден өз бақытын аямағанІ

сайыс  бағдарламасымен  таныстырып өтейік.

1)    Таныстыру

2)    Өнерлі  өрге  жүзеді(өнерлерін  көрсету.)

3)    Білім  инемен  құдық  қазғандай

      ( Сурет  құрастыру ,тапсырмалар  орындау)

4)    Тапқыр  бол да , шешен  бол.

( Жұмбақ шешу,шешуін  3 тілде айту, шешуіне  байланысты  мақал  айту.)

 5)   Сұрақ –жауап

 

Жүргізуші:

   Шақырып  жарыстарға  сан  салалы,

  Жетекшілер   бәріңе  жар  салады,

  Ту  етіп  достықпенен  татулықты,

   Сайыстың   мүшелерін  қарсы  алады.-

деп   өлең  жолына қосып жырлағандай  ұстаздардың  білімді , тапқыр шәкірттерімен  сайысын бастайық .

 1-кезең. Таныстыру.

Әр  сынып  жетекшісі  шәкіртімен  бірге  өз  қалауымен  таныстырады.

 

  Жүргізуші:

   Ұстаз  болу  жүректің  батырлығы,

   Ұстаз  болу – сезімнің  ақындығы,

   Ұстаз  болу – мінездің  күн  шуағы,

   Азбайтұғын  адамның  алтындығы.

 

2-кезең. Өнерлі  өрге  жүзеді. «Өнер  көрсету»

 

Жүргізуші:

 Суарып ізгі тілекпен,
Жаныма менің гүл еккен.
Қиындықты бірге көрген,
Қымбатсың маған ұстазым!

3-кезең. Білім  инемен  құдық  қазғандай . ( Сурет   құрастыру, тапсырма  орындау.)

   Құрастырған  суретке  қарап  есеп  құрастыру немесе  әңгіме құрау.

 

 

Жүргізуші:

Дана да басын иетін,
Дарынды шексіз сүйетін.
Жадымда мәнгі жүретін,
Қымбатсың маған ұстазым!

 

4-кезең. Тапқыр  бол да,  шешен  бол. ( Жұмбақ  шешу , шешуін 3  тілде  айту, шешуіне  байланысты  мақал  айту.)

 

     1) Ақыл –ойдың  шырағы,

     Зәулім  көктей  шынары.

     Биігіне  бойлаған ,

     Қанбайды адам  құмары.( білім)

 

2) Өзім  дыбыстардан тұрамын,

Әріптерден  таңбаланып  жазыламын. (сөз)

 

3)Бірде  төмен ,бірде  шығып  жоғары,

 Сөз — сөйлесең  қозғалыста  болады. (тіл)

 

 4)Білімнің  дәнін  тереді ,

Балаға  тәлім  береді.  ( ұстаз)

 

5)Білімнен  мол  сый –асы

Балғындардың  ұясы.  ( мектеп)

 

6)Төбеден  төнеді,

  Тамшысын  төгеді.

  Сол кезде  қаулап ,

  Бәйшешек  өнеді.  ( жаңбыр)

 

Жүргізуші:

  Білімнің кәусәр бұлағын,
  Жүресің құйып санама,
  Біз үшін сенсің — мұғалім,
  Ұстаз да, ғылым дана да.

 

5- кезең. Сұрақ –жауап.

№1

1)      Дыбыс нешеге  бөлінеді?

2)      Қосуды  немен  тексереміз және  қалай  тексереміз.

 

№2

1)    Дауыссыз  дыбыстар нешеге  бөлінеді ?

2)    Азайтуды  қалай тексереміз ?

 

№3

1)    Зат  есім дегеніміз не? мысал  келтір.

2)    Көбейтудің  компонентерін ата және қасиеттерін ата?

 

№4

1)    Етістік дегеніміз  не? Мысал  келтір.

2)    Белгісіз  көбейткішті қалай  табамыз?

 

№5

1)    Сын  есім  дегеніміз  не? Мысал  келтір.

2)    Белгісіз  бөлінгішті қалай табамыз?

 

№6

    1) Сан есім   дегеніміз  не? Мысал  келтір.

    2) Белгісіз  бөлгішті  қалай  табамыз?

    Білімнің кәусәр бұлағын,
     Жүресің құйып санама,
     Біз үшін сенсің — мұғалім,
     Ұстаз да, ғылым дана да.

Байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

Өтегенова  Нұрбибі  Айсақызы,

 № 220 қазақ мектебінің бастауыш  сынып  мұғалімі,

Арал қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий