Сөйлем мүшелерін қайталау

    Анаргүл Көкешева

  Ақмола облысы  Степногорск қаласы

  №2 Бестөбе орта мектебінің қазақ тілі

    мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.                    

                        

                                           Сөйлем мүшелерін қайталау.

                                                ( 8 сынып)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін мысалдар келтіру арқылы  пысықтау, еске түсіру. Сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету.

2. Дамытушылық : Оқушылардың таным белсендігін арттыру. Тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік : рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, Отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап,талдау, ой қорыту, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілігі: слайдтар , тест тапсырмалары, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.

Бүгін біз сабағымызда сөйлем мүшелерінен алған білімізді қайталаймыз.

Алдымен  мына сұрақтарға жауап берейік:

  1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
  2. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер
  3. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
  4. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  5. Атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?
  6. Тұрлаулы   мүшелер дегеніміз не?
  7. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
  8. Бастауыш дегеніміз не?
  9. Бастауыш болатын сөз таптарын ата.

10.Баяндауыш дегеніміз не?

11.Баяндауыш болатын сөз таптарын ата.

 

Енді тұрлаусыз мүшелерге тоқталайық. 1-қатар толықтауыш, 2- қатар анықтауыш , 3-қатар-пысықтауыштың ережесін  айту.

Енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Мына сөйлемдерге синтаксистік  (сатылай-кешенді) талдау жасайық:

  1. Бүгінгідей күндеріміз үшін талай ғасырлар бойы ата- бабаларымыз қанды жолға тәуекел етіп басын тікті.
  2. Қазақ халқы күй өнерін ерекше қадірлеген.

Сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына қарай  талдау жасау:     ғасырлар, тікті .

Дыбыстық  талдау (математикалық тәсілмен ) : Қазақстан, тәуелсіздік.

 « Мені тап! »  ойыны.

Ойын шарты:  берілген мақал-мәтелдерді оқып, 1-қатар  сол оқылған мақал-мәтелден анықтауышты, 2- қатар пысықтауышты , 3-қатар толықтауышты  табады.

1-қатар ( анықтауыш )

  1. Жаман жолдас жауға қалдырар.
  2. Гүл- жердің көркі,

Қыз- елдің көркі.

     3. Байлықтың атасы –еңбек, анасы – жер.

       2- қатар (пысықтауыш):

  1. Қорыққан бұрын жұдырықтар.
  2.  Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
  3.  Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.

 

3-қатар (толықтауыш)

  1. Темірді қызған кезде соқ.
  2. Талаптыға нұр жауар.
  3. Қайғысыз қара суға семірер.

          Семантикалық кестені толтыру.

1-қатар:

Біз  бүгінгі жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында  жеттік.

2-қатар:

Мен  тәуелсіз елдің азаматы болғаныма  мақтанамын.

3-қатар:

Тәуелсіздікті аңсамайтын халық ешқашан болмайды.

 

 

    Сөйлем

бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

анықтауыш

пысықтауыш

         1

         2

       3

        4

         5

        6

Біз

 

 

 

 

 

бүгінгі

 

 

 

 

 

жетістіктерімізге

 

 

 

 

 

тәуелсіздіктің

 

 

 

 

 

арқасында

 

 

 

 

 

жеттік

 

 

 

 

 

 

        Сызба бойынша сөйлем құрастыру:

  1. Анықтауыш  — бастауыш – пысықтауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
  2. Пысықтауыш – бастауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
  3. Бастауыш – толықтауыш – пысықтауыш- баяндауыш.

 

          Тест жұмысы.

Сөйлем мүшелерін қаншалықты меңгергендерінді тексеру үшін және сабақты қорыту мақсатында  2 нұсқада тест  тапсырмасы беріледі. (Тест тапсырмасы  6 сұрақтан, әр сұрақ 6 жауап нұсқасынан тұрады. Тест парақшасының соңында бос торкөздер берілген,сол торкөздерге дұрыс жауап сандары жазылады ).

Қорытынды :   Бүгінгі сабақ  сендерге ұнады ма?

                          Не білдіңдер?

                          Сабақ несімен қызықты болды?

                          Қандай әсер алдыңдар?

Бағалау:  Сабаққа қатысқан оқушылардың білімін бағалау.

Үйге  тапсырма:  «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбына шағын шығарма жаз

                                                     1-нұсқа.

1.Сөйлем мүшесі атқаратын қызметіне қарай  қалай бөлінетінін көрсет.

1) Бастауыш, анықтауыш.  2) Тұрлаулы, тұрлаусыз . 3)  Бастауыш, баяндауыш . 4) Тұрлаусыз, пысықтауыш.

5) Толықтауыш, пысықтауыш .   6) Анықтауыш,толықтауыш

2. Сөйлем мүшелері құрамына қарай қалай бөлінетін көрсет.

1)Дара, күрделі, үйірлі .   2) Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.    3) Тұрлаулы, тұрлаусыз.

4)Бастауыш, баяндауыш.   5) Анықтауыш,толықтауыш, үйірлі .    6) Дара, күрделі, тұрлаулы.

3. Бастауыш қай сөз табынан екенін көрсет. Сендер бақытты адамсыңдар.

1) Зат есім .  2) Сын есім .  3) Сан есім.  4)  Етістік .   5)  Есімдік .   6) Үстеу.

4. Тура толықтауыш қай септікте тұратынын көрсет.

1)Барыс септік .  2) Ілік септік  .  3)  Табыс септік .  4)  Жатыс септік . 5)  Шығыс септік . 6) Көмектес септік.

5. Мекен, мезгіл, қимыл-сын, мен себеп жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсет..

1) Бастауыш .  2) Баяндауыш .  3) Толықтауыш .  4) Анықтауыш .  5) Тура толықтауыш .  6) Пысықтауыш.

6. Сөйлемдегі анықтауыштың байланысу түрін көрсет.

1) Қиысу .  2)Қабысу, матасу.   3) Меңгеру.  4) Матасу, жанасу.  5) Жанасу.   6) Жанасу, қабысу.

                                                             2- нұсқа.

  1. 1.     Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаны білдіретін сөйлемнің мүшесін көрсет.

1)     Бастауыш.   2) Баяндауыш   3) Толықтауыш.  4) Анықтауыш.  5) Пысықтауыш.  

6)     Тұрлаусыз мүшелер.

2. Бастауыш пен  баяндауыштың сөйлемдегі байланысу түрін көрсет.

1) Матасу .   2) Меңгеру.  3) Қиысу.  4) Жанасу.  5) Қабысу.  6) Меңгеру, жанасу

3. Баяндауыш қай сөз табынан екенін көрсет.  Бүгін күн суық.

1) Зат есім.  2) Сын есім.  3) Сан есім.  4) Есімдік.  5) Етістік.  6) Есімше

4.  Қашан? Қалай? Қайда?  сұрақтарына жауап беретін  сөйлем мүшесін көрсет.

1) Бастауыш.  2) Баяндауыш.  3) Толықтауыш.  4)  Анықтауыш.  5) Пысықтауыш.

6) Тұрлаулы мүшелер

5.  Мына сөйлемдегі тура толықтауышты көрсет.

Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса.

1)     Бес жасқа . 2)Хандай.  3) Балаңды.  4) Көтер.  5) Он бес жасқа.  6) Құлдай жұмса.

      6. Дара  бастауышы бар сөйлемді көрсет.

1) Ұлы ақын Абай Семей өңірінде дүниеге келген.

2) Қазақстан жері — пайдалы қазбаларға бай.

3) Қазақ халқы  өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы жариялады.

4) Абайлар  Қарашоқыға түс ауа жетті.

5) Менің  ол кітапты оқығым келді.

6) Тәуке  хан  ел басқару ісіне беделі зор билер мен батырларды топтастырған.

Рефлексия (ой толғау ):   Бүгінгі сабақ  сендерге ұнады ма?

                                             Қандай әсер алдыңдар?

                                             Қандай тапсырма сендерге қиындық туғызды?

Бағалау:  Сабаққа қатысқан оқушылардың білімін бағалау.

Үйге  тапсырма:  Тәуелсіздік тақырыбына 5 сөйлем құрастыру

 

Добавить комментарий