Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу стилі. Отбасы бюджеті.
Сабақтың мақсаты :
- білімділік: оқушыларды сөйлеу тілі жайлы түсінік туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ажырата білу біліктерін қалыптастыру, отбасы бюджеті туралы ұғым беру
- дамытушылық: түрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушының жеке ізденіспен жұмыс істеу қабілеттерін ашу
- тәрбиелік: оқушыларды үнемшілдікке, мәдениетті болуға, тапқыр да сөзге шебер болуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа білім беру
Сабақтағы пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мәтіндер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын қарау, сабаққа дайындық
II. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру. Жабық тест арқылы білімдерін тексеру.
III. Жаңа сабақ. Отбасы бюджеті, сөйлеу тілі (ауызекі сөйлеу )стилі .
-Сендер ақшаны үнемді жұмсай білесіңдер ме?
— отбасы бюджеті дегеніміз не?
— «бюджет» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
1) 1-жаттығу. Оқулықтағы 33-беттегі тест сұрақтарына жауап беру.
2) 2-жаттығу . Мәтінді түсініп оқу.
Отбасы бюджеті — бұл белгілі бір отбасының уақытта жоспарланған кірісі мен шығысы. Бюджет сөзі көне нормандық «bougette» сөзінен шыққан. Ол былғары әмиян деген мағынаны білдіреді.
Негізгі табыс – ол сендердің ата-аналарыңның бір айдағы еңбекақысы, сол ақша отбасы мүшелерінің бәріне бірдей жұмсалады. Отбасы бюджетін сауат- ты жоспарлау – үлкен өнер. Бюджет қалай тиімді болады? Ол отбасылық кі- ріс пен шығысты дұрыс құрастыру қажет. Кіріс дегеніміз – белгілі еңбекке тө ленетін ақша, табыс. Ал шығыс дегенміз – кез келген затты сатып алуға жұм-салатын қаржы немесе ақша. Еңбекпен тапқан ақшаны қалай болсын солай жұмсауға болайды. Демек , ақшаны шаша бермей, оны дұрыс ұстауға үйренуіміз керек.
3) Мәтін сөздігімен жұмыс . Табыс — заработок
Еңбекақы – заработная плата
Кіріс — экон. приход, прибыль
Шығыс – трата, издержки, убыль
— Өздерің білетіндей, сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады.
Ол белгілі бір жағдайдағы тікелей қарым — қатынас стилі. Сондықтан сөйлеудің ауызша формасымен тікелей байланысты. Адамдар бір-бірімен тікелей әңгімелесіп, жауап беріп, сұрап, өз пікірін жеткізеді. Ал, кейде сөйлеуде еркіндік басым болып келеді. Ережеге назар аудару.
Сөйлеу стилі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады. Көбіне сұхбатқа құрылады. Мысалы:
- Сен қашан келесің?
- Жұмысым біткенде келем.
Сөйлеу стиліне тән сөйлемдер:
- Жақсы оқитын оқушыларға баса көңіл бөлінсін.
- Денсаулығың қалай, мықты ма?
3) Бастауыш кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.
4) Сүт – адам ағзасына өте пайдалы.
5)Менің елім – кең байтақ Қазақстан.
Сөйлеу стиліне жатады:
А) Радио , теледидар арқылы шолу, сұхбат.
Б) Суреттеу , ауыспалы мағыналы сөздер.
В) Тұрмыстық қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.
4) Алдын ала оқушыларға біліп келуге тапсырмалар берілген. Ол диалект, тұрмыстық қарапайым сөздер, дисфемизм, жаргон және сленг , варваризмдер туралы шағын хабарлама әзірлеп келеді. Оқушылардың өздеріне берілген тапсырмаларын тыңдау.
Диалект сөздер — белгілі бір жердегі (аймақ.облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы : « тәртіп» сөзі Орал облысында «нұсқау, бұйрық» деген мағынада, Алматы, Шығыс Қазақстан облысында «сым» әдеби тілде шалбар деген мағынаны береді. Батыс Қазақстан облысына тән диалектизмдер: нән( үлкен), іңкәл (қамыр ), бережақ- алажақ (берешек-алашақ), т.б.
Тұрмыстық қарапайым сөздер:
Дисфемизмдер , какофемизм-қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту, қорлау, жаратпау ұғымын тудырады.Мысалы: боқ мұрын бала, боқтан өзгені сөз қылу, боғымен жасты баламен ойнады, қолынан боқ келмейді, боғы ботқа болу, т.б. Д. әдеби тіл үлгісіне жатпайды.
Жаргондар – (ағылш. slang; jargon;) — әлеуметтiк диалект; айналымдары ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйеге ие болмайды.
Сленг- Мысалы: құламалы-сәндi, iскер, үй — пәтер, бакстер — долларлар, қол арба — автокөлiк, тартып қалсын — кетсiн, баскет — баскетбол, чувак — (сыған тiлден) жiгiт. Жаргон қазiргi кезде (жастар сленгi) жастардың тiлiнде кең орын алған.
Варваризмдер – — сөйлеу не жазу кезінде орынсыз қолданылған басқа тілден енген сөздер. Мысалы, қазақ тіліндегі 19 ғасырдағы кейбір жазбаларда араб, парсы сөздерінің, 20 ғасырдағы ауызекі тіл мен жазбаларда орыс сөздерінің орынсыз қолданылуы жиі байқалған. Ғылым, техника жаңалықтарына, т.б. байланысты бір тілден екінші тілге сөз ауысып отырады. Мұндай қажеттіліктен болатын тарихи құбылыстар варваризмге жатпайды.
IV.1) Оқушылар тақырып бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береді. а) Сөйлеу стиліне тән қандай сөздер қолданылады?
ә) Бейнелі сөздер қолданылады ма?
б) Сөйлемдерде қандай шылаулар кездеседі ?
в) Сөйлем құрылысында кішірейту, еркелету мәнді сөздер қолданылады ма?
г) Мысалы, «барған соң» сияқты шылауы қандай өзгеріске ұшырайды ?
д) Сөйлеу стилінде жай сөйлемнің қандай түрлері басым болады?
е) Сөйлеу стиліне тән сөйлемде сөйлем мүшелерінің орны тұрақты ма?
2) 5- жаттығуды дәптерлеріне жазу. Берілген сөздердің антонимін табыңдар. Ысыраптау , шашу, қате, кішкентай, жаңа , кем, кіріс , бөлек .
3) 7- жаттығуды орындау.Оқушыларды топқа бөлу : Тілшілер мен Әдебиетшілер. Тілшілер — мәтіндегі сөйлеу тіліне тән белгілерді табады, әдебиетшілер — мәтінді рөлге бөліп оқиды.
Қозы бағып жүрген мас Әйтекеге үш аттылы жолаушы жолығады:
— Ассалаумағалейкум, ағалар?
— Уалейкумассалам. Кімнің баласысың?
— Байбектің баласымын.
— Байбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы қайсы? — Айтайын , онда не шаруаларыңыз бар еді?
— Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамының аты теуі өлтіріп, соған құн даулап, Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.
— Қосуақ бидің үйі – анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада тепсе, бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе, төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар, жолдарыңыз болсын, — депті.
Айтқандай, Қосуақ би де осы бітімді айтады. Сол кезде бір жолаушы:
— Япырым-ай, осы билікті бізге жолда кездесіп, жөн сілтеген бір қойшы бала айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қаратқан би болар, — деген екен.
V. Сабақты қорытындылау . Сәйкестігін табу
а) Арманы жоқ халықтың ….. . тиынннан
ә) …… әрқашан жеңіске жеткізеді. үнемдеу
б) Ақша …… – жақсы әдет. болашағы жоқ
В) Ақша …….. құралады. жұмысқа ынтасы бар адам
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі. Сөйлеу стилі, оқу;
10-жаттығуды орындау( 38-бетте)