Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: «Күз – береке, күз — мереке»
Қатысқандар : 1-4 сынып оқушылары
Мақсаты: Балалардың күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігіне тоқталу, өнерлерін ортаға салу,
Көрнекілігі: асқабақ, қауын-қарбыз, түрлі қауақтар, көкөніс жемістер, қалалардың суреттері.
Күзді бейнелейтін плакаттар, бүктемелер, альбом, демонстрациялық материалдар: жапырақ, алма, бидай т.б.
Түрі: сайыс түрінде ( залда өткізілді.) топпен жұмыс
Төрелік қазылар алқасы сайланды.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Кіріспе.
«Көп жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз»
«Қыркүйек – берекелі күз айы»
Мұғалімнің әңгімесі: – Балалар, бүгін біз берекелі күз айын шығарып салғалы отырмыз. Күз дегеніміз, бейнелеп айтар болсақ, жазира даланың дарқан дастарқаны деп аталады. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырта еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс – жидектер піседі. Күзде қыс мезгіліне қамдану басталады. Сондықтан адам да, жануарлар, құстар да, тіпті өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды. Біз бүгін мерекелі де, берекелі күз айына сүйіспеншілігімізді білдіріп, өнерімізді ортаға салмақпыз.
1-бастаушы: Саламатсыздар ма, қадірлі ағайлар мен апайлар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз
Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады. Әр жыл мезгілінің өз қызығы, өз науқаны бар.
Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.
1-бастаушы: Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағынан айырылып, орман-тоғай сирейді. Ол өзінің күнімен, өз көрінісімен әсерлі.
Мұғалім:
Қараңдаршы, балалар
Көзің тоймас қарасаң да
Күз деген-бір жақсы уақыт
Ой да, қыр да, таудың іші
Бір молшылық жатқан шалқып
Ал балалар кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп?
1 – оқушы::
Алтын күз деп
Біз айтамыз сол үшін де
Сары алтындай сары қауын
Көп піскен соң бау ішінде
2 – оқушы::
Жаңа піскен алма баққа
Көзің тоймас қарасаң да
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың, талға
Мұны көріп күзді қалай
Теңемессің сары алтынға
3 – оқушы:
Қараңдаршы қандай сұлу
Бидай басқан мына дала
Әрбір адыр, әрбір жота
Алтын жайып тастағандай
Мұғалім: Сонымен, сары алтындай сары күз қыркүйек айынан басталады екен. Олай болса бізге берері мол сағына да, сарғая күткен күзімізді қарсы алайық
Хормен: мерекелі, берекелі «Алтын күз» келіңіз!
Сайыс кезеңдері:
1.Өзіңді-өзің сына кезеңі
2.Берілген тапсырмаларды орындау кезеңі
3.Ойындар кезеңі
4.Жұмбақтар кезеңі
Топқа бөлу (Жеміс-жидектер, Саңырауқұлақтар, Өсімдіктер)
Топтардың өзін-өзі таныстыруы.
1. «Өзіңді-өзің сына»
Әр топтарға әртүрлі сұрақтар берілді.
1. Жыл мезгілдерін ата
2. Қандай құстар ұшып кетеді?
3.Қыстап қалатын құстьарды ата
4.Қыс айларын ата
5.Күзгі еңбек түрі
6.Ауа райы өзгерісі қандай?
7. Жыл құстарын ата
1-бастаушы: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Күз:
Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Қызығына қаныңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты.
/Күз сары жапырақ үлестіреді/
2.Берілген тапсырмаларды орындау кезеңі
1- топқа: (Өздеріңе ұнаған жыл мезгіліне сурет)
2- топқа: (Ағашты жапырақпен безендір)
3-топқа: (Жеміс-жидектерді ата)
1-бастаушы:
Көбейді құт – береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Күз:
Рахмет, балалар өнеріңе
Ризамын, халықтың өреніне
Мұғалім: Ал, балалар, біз күз бойы оның жемісін жеп, өнімін алып, қуанышқа кенелдік. Сондықтан да күзге рахметімізді айтайық, өнерімізді көрсетейік. Келесі жылы да бізге көп өніммен келсін.
3.Ойындар кезеңі
(Үш топқа үш ағаш қойылады ,қай топ тез арады ағашты жапырақпен безендіреді.)
Әне, қызып аламалар-
Әсем құстың жұлдызы
Алма терген балалар
Албырайды нұр жүзі
/Алмалар шығады. Теңесіп тұрып/
Бізде бар бау-бақша
Өседі көп жеміс
Үлкендігі мынадай
Кішілігі мынадай
Онда өседі көп сәбіз
8 – оқушы:
Үлкендігі мынадай
Кішілігі мынадай
Әй, сәбіз, сен сәбіз
Азырақ би билеп
Қамбаға кеп түс, сәбіз.
9 – оқушы:
4.Жұмбақтар кезеңі
Бойын жерге жасырған Қалың киім ұнатады
Бұрымы бар жасылдан. Шешіндірсең жылатады.
(сәбіз) (пияз)
Әр желінің асты толған көк қоян Ұзын мұртты сарылар
Көк қоянды жаз болғанды жеп қоям Қойынында наны бар
(қияр) (бидай)
Үстіне тігіп көк шатыр
Астында қызғылт дәу жатыр
(қызылша)
Күз: Жұмбақ шешуге жүйрік екенбіз
Күз туралы қандай өнерің ба?
«Күз» А.Құнанбаев
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін, тойғаныма, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай
Әр топ ұпаймен белгіленді , ұпай саны айтылды.
Күз: Ал, балалар, күз туралы көп жырлауға болады екен.
Өнерлеріңе көп рахмет. Мен де, сендерге құр қол келгенім жоқ. Тәтті сый ала келдім. Алыңдар балалар, келер жылға дейін мені ұмытпаңдар.
Балалар (хормен)
- Рахмет саған, «Алтын күз»
- Күз: Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын.
Қорытынды:
Мұғалім:
Сонымен, балалар күз дегеніміз, біріншіден – байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма,. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Әне, дала да, егін де, тоғай да – бәрі де сап-сары. Халық сондықтан күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден күз – қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындық кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». «Күзде оянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың». (суретке түсінік жасау)
Бата:
Дастарханымыз тоқ болсын
Уайым – қайғымыз жоқ болсын!
Бақ-дәулет берсін басымызға
Ғұмыр берсін жасымызға
Пәлі-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасымызға
Аллау – акбар!
Кеш аяқталды.
Нәтижесі:
Балалар күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігі жайлы,өздерінің ұйымшылдықтарын көрсетті,шығармашылық қабілеттері артты.
Өткізілген іс-шарадан көрініс