Сыйлықтар

Павлодар облысы

Ақсу қаласының  4 ЖОБ БМ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі

Ахметова Гульсима Миннигалиевна

 

 

7 сынып

ІІ. Әлеуметтік –мәдени ая

 

Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға , адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коминикативті өрісті дамыту

Міндеті:1. Адам қарым –қатынасындағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік беру;

2.Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: біліктер мен дағдыларды қалыптастыру

Оқыту әдісі: практикалық әдіс, треннинг

Оқыту құралдары: сөйлеу тілі, жазу, белсенді тақта, сурет, сыйлықтар

Оқыту формалары: топпен

Сабақтың барысы:

І. Сәлемдесу

-Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық  ( Мұғалім шеңбер ортасында тұрып айтады, ал шеңбер құрған оқушылар қайталайды)

Оқушылар хормен:

Амансың ба, алтын күн?!

Амансың ба, көк Аспан?!

Амансың ба, Жер-ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

ІІ. Шаттық шеңбері

Балалар, бәріміз бүгінгі сабағымыз тиімді өту үшін, жақсы көңіл-күй, тиімді де нәтижелі жұмыс істеу үшін сыйлық ретінде тілектерімізді бір-бірімізге білдіріп, сый тартайық.

М.:Балалар, шеңберде тұрып, бүгін бір-бірімізге не сыйладық?

О.: Сыйлық

М.: Сонымен, біз сабақта қандай тақырыпты бекітіп, треннинг өткіземіз, тренниенг бастамай тұрып, мына ережелермен танысып өтейік ( белсенді тақтада жазылып тұрады)

1.Бір-біріне сыйлық беру

2.Ұзақ уақыт сөйлемеу

3.Ұйымшыл болу

М.: ( топқа бөлу, тақтада слайд)

-Балалар, біз сыйлықтарды қандай мерекеде алғанмызды ұнатамыз?

О.: Туған күнімізге

М.: Ал, енді туған күнің қай мезгілде болады, сондай тоқа бөлінеміз:

1 топ: Көктем-Жаз

                                                                    2 топ: Күз-Қыс

ІІІ.Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынын өткізу

1        топқа  тапсырма: Берліген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу.Салған жеке-жеке суреттерін бір эпизод қылып қорғау

2        топқа тапсырма:Берілген бір параққа ең қымбатты сыйды кімге арнайды, соны суреттеу.Салған суреттеріңе топ болып сценарий жазып, көрініс көрсету

ІҮ. Мәтінмен жұмыс. «Ойды жалғастыр», миға шабуыл

 

                      Мұраттың сыйлығы

Апасы мұратты дүкенге жұмсады.Ол келе жатып, шөп үстінде мияулап жатқан мысықтың баласын көрді.Ол «өзі қандай сүйкімді» деп ойлады.

Мұрат мысықты үйге алып келді.Жылы жерде сүтке тойған мысық ұйқыға кетті.

Мұраттың досы Бақыттың туған күні еді.мұрат досына аппақ мысығын сыйлауды ұйғарды.Өйткені досы үй құстары, үй жануарларын жақсы көретін.Бақыт мұраттың сыйлығына өте қуанып қалды.

 

Тапсырма:

1 топ: Мұраттың қылығын жақтайды, дәлелдейді

2 топ: Мұраттың қылығын теріске шығарады, дәлелдейді

Ү. «Сыйластық.Бірлік.Достық.Құрмет»-үйін салу

Балалар, достар мен туыстардың арасында сыйластық , бірлік, достық, құрмет болу үшін үлкен үй салуымыз керек.Сол үлкен үйді бәріміз бірігіп салып көрейік.

1.Ел бірлігі-ел теңдігі.-В единстве народа-его свобода.

2.Бірлік болмай тірлік болмас.-Без единства жизни нет.

3.Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді-Единство и счастье едины

4.Бірлігі жоқ ел тозады, Бірілігі күшті ел озады.-Народ, не знающий единства, с нуждой дружит; Народ сильный единством со счастьем дружит

5.Бірлікті ел бұзылмас.-единство народа все беды отводит

6.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.-Легка ноша поднятая сообща

7.Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.-пока пальцы не сойдутся и иголку не ухватишь

8.Ынтымақ болмай іс оңбас.-Без единства ни в одном деле толку нет

9.Сыйласаң, сыйлы боласың-Если будешь уважать, будешь уважаемым

 

ҮІ.Тыныштық сәті.

-Балалар, орындарымызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар.Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің сыйлықты арнаған досын көз алдына елестетіп, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз.

-Балалар, ойлап болсақ, көзімізді ашайық.Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

ҮІІ. Дәйек сөз

-Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық «Сыйласаң, сыйлы боласың»

ҮІІІ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

-Балалар, шаттық шеңберіне келе қойыңдар.Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы да жылы лебізімізді білдірейік.Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру

ІХ.Қорытынды

Х.Үйге тапсырма

 

Добавить комментарий