Сабақтың тақырыбы: «Сізге деген махаббатпен ..»
(Сара Назарбаеваның туған күніне арналған ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты: бала бойына ананың махаббаты жайлы түсінік беру. Балалардың анаға деген құрметін, жанашырлығын дамыту. С.Назарбаеваның өмірі, «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құныдылқатыр туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
— мейірімділік, қайрымыдылық туралы түсініктерін кеңейту;
— қамқорлық жасауға жетелу;
— мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жұлдызшалар, С.Назарбаеваның портреті
Сабақ құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Шаттық шеңбері
(Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ өз шеңберін жасап тұрады)
Жайнатар кең өлкені
Болашақтың ертеңі
Біз бақытты балдырған –
Ата-ананың өркені.
Рахмет, балалар, орынымзға отырамыз. Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр:
— Сендер үшін ең мейірімді адам, өмірлеріңде сендерді бірінші рет жақсылыққа үйреткен кім? Сендердің әрқайсысыңда сондай адам бар.
— Ол – АНА.
— Дұрыс, балалар, ол әрине – АНА: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бізге бере білген аналар.
Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы. Кімді көріп отырсыңдар?
Дұрыс, айтасыңдар балалар. Сара Назарбаева деген кім? Ол туралы не білесіңдер?
Ендешен, осы сұрақтарға жауап іздеу үшін мен сендерге Сара апайымыз жайында оқып берейін. Бүгінде осы мейірімді жанның туған күніне байланысты «Аяулы біздің анамыз» атты ашық сабақ өтпекші.
Сара Назарбаева есімі бұл күнде мемлекеттің бірінші ханымы ретінде ғана емес, халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, жетімдердің жебеушісі, қорғансыздардың қамқоршысы ретінде де қалың жұртшылыққа кең таныла бастағанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.
Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғарғы оқу орнын бірітіп, экономист мамандығына ие болып, «Қарағанды-көмір» бірлестігінде жұмыс істеген. ҚазМу-дың құрметті профессоры (2000 ж.).
Дариға, Динара, Әлия атты қыздары бар. Әйел бақыты жақсы жар, мейірбан ана болып, құдай қосқан қосағының жанында, балалары мен немерелерінің ортасында алаңсыз, уайым-қайғысыз ғұмыр кешу десек, Сара Алпысқызының бұл жағыана да төрт құбыласы түгел.
1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар
қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі
балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.
Ауру-сырқаудан, әлеуметтік күйзелістерден аман өскен, қамқорлық пен махаббат шуағына бөленіп өскен бала ғана біздің болашағымыздың баянды ете алатынын әрдайым есте тұтатын бірінші ханымымызға Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сыйлығын тапсыру сәтінде И.Дограмачи: «Бүгінгі күні Сара Алпысқызы Назарбаева түркі тілдес мемлекеттер әйелдерінің ел таныған көшбасшысы болып саналады»,-деп баға берді. «Жылағанды жұбату – ел анадан қалған іс»,- деген мақал бар. Кең болсаң, кем болмайсың деген осы. Сара Алпысқызы Назарбаева ел қамқоршысы, ел анасы деген атқа сай адам.
— Балалар, көрдіңдер ме, Сара апайдың қандай жүрегі кең жан екендігін. Ол кісінің атқарған жұмыстары қандай!
Тапсырма. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-топ: Өз ойларыңнан анаға арнап, төрт жол өлең құру.
2-топ: Анаға байланысты мақал-мәтел жазу
3-топ: Аналарыңа арнап тілек сөздерін жазу.
Әр топ өз тапсырмаларын ортаға салады.
Тыныштық сәті.
Балалар көздерін жұмады. Музыка ойнап тұрады..
Сендердің жүректерің – сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, біәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Жақсы. Енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
Балалар, анамыздың көңілі шат, жүрегі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Ендеше, мен сендерге жұлдызшалар (қағаздан ойылған) таратып беремін. Әр бала өз жұлдызшаларына аналарына арнап тілек жазады. Сол жазған тілектеріңді аналарымызға сыйлаймыз.
Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? (әр оқушы өзінің сабақта алған әсерлерін ортаға салады).
«Жүректен жүрекке». Балалар шеңберге тұрады.
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне тртақ шуағым,
Қайырымды баламын.
Балалар, рахмет. Орындарыңа отыра қойыңдар. Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгін сендер көптеген рухани байлықты бойларыңа сіңірдіңдер. Аналарымыз аман болсын. Сау болыңдар, балалар!