Табиғаттағы құбылыстар. Дүниетану

Шығыс Қазақстан Облысы

 Семей қаласы

«№ 31  ЖОББМ» КММ 

                Бастауыш  сынып  мұғалімі

Искакова Айман Куралкановна

 

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы құбылыстар . ( Дүниетану )

Сабақтың мақсаты: Балалардың табиғаттағы құбылыстар туралы түсінігін анықтау,табиғат-адам өмірінің тірегі екенін оқушы санасына жеткізу. Жыл мезгілдерін ретімен атай білуге үйрету.Өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру.Табиғатты сүюге , оны таза ұстауға , қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері : талдау,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліг:жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ,ойын , өлең,үнтаспа ,дискі, болжамдар .

Сабақтың барысыI. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық: Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын.

Балаларды жыл мезгілдеріне қарай,туған күндері бойынша 4 топқа бөліп отырғызу.

(ақ түс -қыс мезгілі,көк түс -көктем,ашық қызыл түс -жаз,сары түс -күз мезгілі ) оқушылар бұл түстерді не себепті таңдағандығын айту.

II .Үй тапсырмасын тексеру .

«Заттар» тақырыбы бойынша білімдерін тексеру .

Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою.

Тірі және өлі дененің арасында қандай айырмашылықтар бар?

Айналадағы табиғи және жасанды денелерді қалай білуге болады?

III. Жаңа сабақ. «Табиғаттағы құбылыстар»

1)«Кім көп біледі»?ойыны

-Табиғаттағы құбылыстар туралы не білесіңдер? Атау.

-Қандай табиғат құбылыстарын көріп жүрсіңдер? Әңгімеле.

2) Тақырыпты түсіндіру.

3) Оқушыларға оқыту .

IY. Сурет бойынша жұмыс. Суреттерге қарап табиғат құбылыстарын ата. Бұл құбылыстарды қай уақытта байқайтыныңды әңгімеле.

4) Сұрақтарға жауап беру.

-Адам табиғат құбылысын игеріп өзіне бағындыра ала ма? Мысал келтіріп дәлелде.

-Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажеттіліктеріне пайдалана білді?

5) Әр мезгіл бойынша ай аттарын атау. Тақтаға жазу.

Әр топтың балалары мезгіл бойынша ай аттарын тақтаға жазады.

6) Сурет салу.

«Табиғатпен тілдесейік» айдары .

Жыл мезгілдеріне немесе табиғат құбылысына байланысты өлең шумақтарын 4 топқа тарату, өлең авторын айту,сол өлең жолдары бойынша суреттер салу. Суретті не үшін бұлай салғандығын дәлелдеу.

Сергіту сәті: Күн қызарып түн болды

Таң арайланып атып күн болды

Жаңбыр жауды ,

Найзағай ойнады

Жаңбыр тоқтап,

Күн шайдай ашылды

7) Дискіден табиғат құбылыстарының даусын тыңдау.

-Қандай дыбыс екенін анықтау?

Адам табиғат құбылыстарын өз қажетіне пайдалана алатындығын дискідегі құбылыстар бойынша дәлелдеу.

 Бүгінгі күн ауа-райы туралы айту. Табиғат бұрышына белгілеу.

9) «Сен білесің бе»? айдары . Халық болжамдар туралы айтылады

Балалар халық болжамдары туралы өз білетіндерін ортаға салады.

-Қарға тұмсығын қанатының астына,жасырса,күн суытады.

-Мысық қабырғаны тырнаса ауа-райы бұзылады,бұйығып жатса,аяз болады.

-Жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы орнайды.

-Аспанда жұлдыз аз болса,ауа-райы бұлыңғыр болады.

Y. Сабақты қорытындылау .

Сұрақ- жауап арқылы сабақты қорытамын

YI.Оқушыларды бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

YII .Үйге тапсырма:

Табиғатты қалай қорғайтындықтарын , сүйетіндіктерін туралы жазу. Тақырыпты түсініп оқу.

 

 

Добавить комментарий