Табиғаттағы өзгерістер

Петропавл қаласы

М.Айтхожин атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі

Майсеитова Зәуре Шаяхметқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы өзгерістер

5-сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өткен «Көкөністер мен жемістер» сабағымен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру, оқушылардың белсенді сөздік қорын молайту, білетін сөздерін қосып, «Күз» тақырыбына сөйлемдер құрау.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесін дамыту, логикалық ойлау және дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған елінің табиғатын қорғап, сүйе білуге тәрбиелеу, «Күз» мезгілінің тамаша көріністерін сезінуге көмектесу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (интерактивті тақтамен)

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Кезекші оқушының есебі.

ІІ Фонетикалық сәт. (Жұмыс ауызша жүргізіледі)

Астық  — қандай сөз?

Сөзде неше буын бар? Қандай буындар?

Сөзде неше дауысты дыбыс бар? Қандай дыбыстар?

Сөзде неше дауыссыз дыбыс бар? Қандай дыбыстар?

ІІІ  Тақтадағы кластер және суреттер бойынша «КҮЗ» тақырыбына әңгімелеу.

Жыл мезгілі      айлары    ауа райы

 

                               Күз-(де)

 

 
   

 

Табиғат       жануарлар       адамдар          алтын

 ІV  Терме сөздік диктанты. (Мұғалім сөздерді оқиды,оқушылар «Күз» тақырыбына байланысты сөздерді ғана жазады, жұмыс соңында дәптерлерін алмастырып, тақтадағы  үлгі бойынша тексеріп, бір-бірін бағалайды.)

Аялдама, бидай, піседі, түбір, мезгіл, жапырақтар, күзгі, жұрнақ, бұлтты, қыс, қарады, ескерткіш, сарғаяды, жиі жауады.

V  Жаңа сабақпен жұмыс. 44 бет, 1-тапсырма (Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 1-топ  (білім дәрежелері жоғары) мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын дайындайды, 2-топ (білім дәрежелері орташа) мәтінге 5 сұраулы сөйлем құрастырады, 3-топ (білім дәрежелері төмен) мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді.

VІ  Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

  І деңгей 1. Сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Мезгіл, салқын, жемістер, саябақта, түседі.

2. Сұрақтарға жауап беру.

А) Күз айлары қай айлар?

Ә) Күздің бірінші айы қай ай?

Б)1-қыркүйекте оқушылар қайда барады?

В) Күзде ауа райы қандай болады?

Г)Диқандар күзде не істейді?

 ІІ  деңгей 1. Сөздерді негізгі және туынды түбірлерге бөліңдер.

Бақша, көмекші, бұлтты, терезе, күзгі, алтын, бақ, көмек, терезелер, бұлт.

 2. Бұлтты, күзгі, бақша, алтын —  сөздерімен сөйлемдер құрастыру.

ІІІ  деңгей  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар.

  1. Күн, айында, бастайды, тамыз, салқындай.
  2. Жапырақтары, сарғаяды, ағаштардың.
  3. Құстары, жылы, жыл, ұшып кетеді, жаққа.
  4. Күзде, басталады, үлкен, өзгерістер, табиғатта.
  5.  

2. Сөздерді сөз құрамына талдау.

Айында,жапырақтары,ағаштардың,күзде,өзгерістер,табиғатта.

ІV деңгей 1. «Домино» ойыны бойынша сөйлемдерді құрастырыңдар.

 

Күз

 

 

Күз де

келіп жетті.

Күз айлары:

қыркүйек, қазан, қараша.

Қыркүйекте күн  әлі суытпайды,

бірақ ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды.

Қазан мен қараша айлары

жауынды және салқын болады.

Қарашада суық түсіп,

қар жауа бастайды.

Күз –ең әдемі

жыл мезгілі.

 

 

2.  Осы мәтінге сұраулы сөйлемдер құрастырып, жазыңдар.

 

 

V деңгей  Венн диаграммасын құрастыру.

                                           Күз        Ұқсастығы      Көктем

VІІ   Пысықтау. Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Интерактивті тақтада сөздер жазылған, оқушылар осы сөздерді тақтада жылжытып , сөйлемдер құрастырады)

  1.  Үлкен,табиғатта,басталады,өзгерістер ,күзде.
  2. Қатты, соғады, жаңбыр,жиі, күзде,жауады, және, жел.
  3.  Жинайды, адамдар, көкөністер, күзде,жемістер.
  4. Жан-жануарлар, дайындалады, күзде, қысқа.

VІ Сабақтың  қорытындысы,бағалау.

Үй тапсырмасын беру:1) «Күз» тақырыбына сурет салу

2)  «Алтын күз» тақырыбына шығарма жазу.

 

 

 

Добавить комментарий