Ашық сабақ
Тақырыбы: Қарағанды
Сабақтың мақсаты: 1-ші слайд
Білімділік: Мәтінді түсіне отырып,Қарағанды туралы толық түсінік алуларына көмектесу
Дамытушылық: танымдық,есте сақтау қабілетінің,ауызша жазбаша сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік:елін,жерін сүю,тарихын білу
Әдісі: топтық жұмыс,сұрақ,жауап, ойтолғау, слайд
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздар жарқырап.
Судай таза көңілмен,
Бүгін ашық сабағымызды бастаймыз.
Адам болғым келеді.Психологиялық дайындық
Үш топтың балалары жолдарды бөліп айтады. Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді.Көңілі аппақ сүттей бала болғым келеді.Адалдықты сүйетін жүрегімен жанымен бал-бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді. Отты,ойлы жыры бар ақын болғым келеді.Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді. Ең бастысы өмірде кісі болғым келеді.
Ұй тапсырмасын тексеру.
Қосымша сұрақтар беру. І-тапсырма мәнерлеп оқу-сайысы
Қандай бөліммен таныстық?
Туған елім-Туған жерім
Осы бөлімге байланысты қандай өлең, мақал-мәтелдерің бар?
І-топ. Алтай өлеңін оқиды
ІІ-топ екінші шумағын оқиды
ІІІ-топ үшінші шумағын оқиды
2-тапсырма. Мақалды жалғау (кім алғыр?)
Жер-қазына, І-топ Білім – елге,
Су-алтын. ІІ топ Су- жерге,
Адам- елінде,
Қоға- көлінде көгерер.
Жақсы адам елдің ырысы, Білім басқа бітеді,
Жақсы жер жанның тынысы. Қына тасқа бітеді.
Туған жердің – әр тасы,
Біздің алтын тағымыз.
Бағалау
— ша арқылы
Жаңа тақырып
Мазмұнын ашу.Суреттер арқылы сөздерді талдау арқылы мәтіннің тақырыбын ашу.
Қарбыз,алма,радио,ай,ғарыш,ат,нан,доп,ыдыс
Алғашқы әріптерін қосып «Қ А Р А Ғ А Н Д Ы» сөзін шығарып айтады.
М: қ-дауыссыз,қатаң
а – дауысты, жуан, ашық
р-дауыссыз, үнді
а-дауысты, жуан, ашық
ғ-дауыссыз, ұяң
а-дауысты,жуан,ашық
н-дауыссыз,үнді
д-дауыссыз ұяң
ы-дауысты, жуан,қысаң 9 әріп,9 дыбыс
Оқулықпен жұмыс (73 бет)
Мәтіннің авторы кім? Қарағанды мәтіні барма?
Ғабиден Мұстафин. 2-слайд
Ғабиден Мұстафиннің өмір баянымен таныстыру. Ғабиден Мұстафин Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Жауыр тауы деген жерде дүниеге келген.Әкесінен ертегі,қызықты әңгімелер көп естіген. Жасынан зерделі,байқағыш, әсерлі болып өсті.Жазушының «Қарағанды», «Көзкөрген», «Шығанақ», «Дауылдан кейін», «Миллионер» атты романдары бар.
Қарағанды облысы туралы қысқаша түсінік беру.
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Тұрғыны 1333,6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола,Павлодар,Ақтөбе,Қостанай облысы. Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қарағанды облысы: 9 ауданға,7 қалаға бөлінеді.
Облыс әкімі: Әбілғазы Құсайынов.
Балалар бұл мәтін жазушы Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романынан шағын үзінді ғана берілген. Мәтін үш бөлімнен тұрады.
І-ші бөлімді 1-ші топ оқып, мазмұнын қысқаша талдап айтады.Бұл бөлімде (5-ші слайд) көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің алғашқы еңбек жолын Теміртаудағы Қарағанды металлургия комбинатында домно пешінде көрікші болып жұмыс істеген.
ІІ-ші бөлімді 2-ші топ оқушылары талдап айтып жеткізеді.Бұл бөлімде (6-шы слайд) көрсетіледі. Теміртау қаласы туралы мәлімет беру.
Қарағандыға жақын Теміртауда әлемдегі ірі металл өндіріс бар және көмір шахталары,темір кен орны сонымен қатар алюминий,мырыш өндіретін цехтар бар.
ІІІ-ші бөлімді 3-ші топ оқушылары талдап түсіндіреді.Бұл бөлімде Балқаш қаласы (7-ші слайд)көрсетіледі. 1937 жылы құрылған Балқаш көлінің жағасында орналасқан.Көлден 12 шақырым жерде Қоңырат мыс шығаратын кен металлургия комбинаты бар.
Сергіту сәті:
Кел балалар күлелік,
Қабақ түйген не керек.
Көңілді боп жүрейік
Армысың достым!
Кел маған қосыл
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық.
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық.
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық!
Сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
(8-ші слайд) Жезқазған қаласы мыс өндірудегі әлемдегі ең қуатты орын.Жезқазған қаласын ұлы қазақ кен зерттеуші ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Жезқазған қаласы 1954 жылы құрылған. 95 мыңнан астам халқы бар.
(9-шы слайд) Сәтбаев қаласы Қаныш Сәтбаев үлкен-үлкен кен орындарын ашқан.Қалада кеншілер демалатын демалыс орны бар.1973 жылы құрылған.Жезқазған қаласына қанаттас. Халқының саны 70715 адам
(10-шы слайд)Табиғатта
Облыс өңірін арқар,елік,қарақұйрық,бөкен,қасқыр,түлкі,қарсақ,борсық,қоян құстардан: дуадақ,тырна, құр, шіл үйрек,шағала т.б Аң құстар «Қызыл кітапқа» тіркелген.
(11-ші слайд) «Қарағанды ғарыш айлағы»
Ғарышқа Байқоңырдан ұшқан ғарышкерлер ғарыштан қайта оралғанда осы «Қарағанды ғарыш айлағына» келіп түседі. Сондықтан Қарағанды ғарыш айлағы деп аталған.
(12- ші слайд) Білім беру саласы.
Сергіту сәті «Ойлан тап» сөз тізбегін құрастыру.
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
Көмір Шахта Өндіріс
Көбелек Шахмат Өрік
Күрек Шана Өнер
Кітап Шаш Өмір
Кесе Шай Өзен
Соңғы сөзге сөйлем құрау
Кеме
Киім
Күшік
Сабақты қорытындылау:
Ғабиден Мұстафин
1млн 13336
Теміртау шахтасы
Қарағанды
Балқаш көлі
Сарыарқа
Нұра өзені
1)Мәтіннің авторы кім? Ғабиден Мұстафин
2)Қарағанды облысы қайда орналасқан? Сарыарқаның оңтүстік өңірінде
3)Тұрғынның саны қанша? 13336 адам
4)Қарағандының өзен көлі? Балқаш,Нұра
5)Қалаларының саны қанша?
«Достық» әнімен сабақты аяқтау.
Тақырыбы: «Қарағанды»
Сыныбы: 3-сынып
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Хаусел Паней
2011- 2012 оқу жылы