Түбір және жұрнақ

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сөз құрамы туралы алған білімдерін кеңейтіп, туынды сөз және түбірлес сөздер тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, ой белсенділігін арттырып,тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу, мамандыққа баулу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, интерактивті тақтамен, суреттер
Сабақтың формасы: топпен, ұжыммен
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
-Екі қолың не үшін қажет?
-Елге көмек беру үшін
-Екі көзің не үшін қажет?
-Жақсыларды көру үшін
-Екі құлағың не үшін қажет?
-Ақыл-кеңес тыңдау үщін
-Екі аяғың не үшін қажет?
Туған жерге жету үшін.
-Жақсы балалар мен сендердің қол-аяқтарыңа саулық тілеймін.-Бүгін балалар біз туған жерімізге саяхат жасаймыз.Саяхат кезінде біз бірнеше бөгеттерден өтеміз.Бірақ әр бөгеттің өзінің тапсырмалары бар.Сол тапсырмаларды орындау арқылы біз бөгеттен өтеміз.
ІІ. Өткенді пысықтау. Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру барысында саяхатқа қажетті құрал-жабдықтарды алады.
1.Түбір д/з не?
2.Қосымша д/з не?
3.Жұрнақ д/з не?
4.Жалғау д/з не?
5.Түбірлес сөз және түбірлес сөздер д/з не?
ІІІ. Негізгі бөлім Өзен кедергісінің тапсырмасы.
Бақыт деген не?
Құрылысшы: Халыққа жылы үй салу!
Отыншы: Үйлердің отын жағу!
Дәрігер: Жұрт денсаулығын сақау!
Аспазшы: Дәмді етіп тамақ баптау!
Ұстаз: Балаға тәлім беру!
Шәкірт: Білімнің дәнін теру!
Түбір мен қосымшаларын ажырату
Енді орманға келдік. Орманнан адаспай өту үшін мына тапсырманы орындау керек.
252 жаттығу.Төмендегі жұрнақтарды сөздерге қосып жаңа сөз жасаңдар.
-хана, -паз, -қой, -кер,
-шық, -шік
Сергіту сәті
Балалар біз қазір орманның ішінде жүрміз. Орманның ағаштары биік екен.
Діңдері үлкен екен.
Желі оңынан да соғады,
Солынан да соғады.
Қоян қорқып тығылса,
Құстар шулап ұшады.
Тыныш-тыныш
Аю ұйықтап жатқанда
Тынышталып қаламыз
Орнымызға қонамыз.
Енді асқар тауларға жеттік. Олардан сүрінбей өту үшін мына тапсырманы орындаймыз.
254- жаттығу
Түбірлес сөздерді тауып, түбірін сызықша арқылы бөліп жаз.
Ойыншы, жұмыскер, басшы, балақан, ойна, жұмысшы, балақай, ойыншық, бастық, балалық, басқар.
А-тобы: Сөз түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет:
кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды,биле, көкшіл, айдай, жібектей.
Б-тобы: Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, тиісті белгімен көрсет:
орындық, теңізші, үлкендік, етікші, қобызшы,ойыншық..
В-тобы: Түбір сөзге тұсындағы жалғаулардың тиістісін жалға:
Ана -дің
наурыз -пен
Марат -дан
аспан -дың
шөл -нан
Әр топтан бір оқушы тапсырманың орындалу барысын айтады.
жұрнақ жалғау
Қортынды:
Эссе жазу
1 топ: Мен түбірмін
2 топ: Мен жұрнақпын
3 топ: Мен жалғаумын
Бағалау
Үйге тапсырма:

Добавить комментарий