Телевидение

Қанапия Барақатова

Астана қаласындағы


6 гимназия
ның

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Телевидение. Салалас құрмалас сөйлем оның түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Оқушыларға \»телевидение” туралы
мағлұмат беру, салалас құмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой-өрісін кеңейту,ойларын ауызша жүйелеп
жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.

3. Тәрбиелік:Оқушыны мемлекеттік тілге құрметпен
қарауға, оны саналы да ерікті меңгеруге тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі.

Көрнекілігі: интерактивті
тақта (слайдтар), ребус, перфокарталар, үлестірмелі карточкалар.

Әдіс-тәсілдері: іздендіру, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу.
Кезекшімен сұхбат жүргізу.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Салалас құрмалас сөйлем оның түрлері»
меңгергендеріңді сауалнама арқылы тексереміз.

Сұрақ-жауап. Мақсаты: оқушылардың салалас құрмалас
сөйлем бойынша алған білімдерін пысықтау. (оқушыларды үш топқа бөлемін, бір-біріне сұрақтар қояды, толық жауап қайтарады.)

3 . Ребусты шеш: сабақтың
тақырыбы (Телевидение).

4 . Сөздікпен жұмыс.

Сөздік:

өтпелі

бастан кешіру

өзгерістер

кезең

орнына

саты

сандық

үрдіс

5. Мәтінмен жұмыс:

А)
түсініп оқу;

Ә) мазмұндау;

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтарға жауап
беріңдер. (Ұжымдық жұмыс) Қарамен жазылған сөздердің жасалу жолын түсіндіріңдер.
Өздік етістің жұрнағын анықтаңдар.

Бүгінде телевидение бүкіл әлемде
өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ-қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі
түсті теледидарларды пайдалану көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа
бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде
радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Телехабарды түсіру мен беруде сандық техника мен
технологияны қолдану үрдісі пайда боды. Сонымен бірге жаңадан жер серігі және
кабельдік телевидение жүсеге асуда. Бұл да үлкен жетістік. Қоғамдық телевидение
көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік-танымдық
бағдарламалармен қамтуға тырысады. («Қазақ телевизиясы энциклопедиясынан»)

— Ал, енді, тақтадағы теледидарлардың
түрлеріне назар аударайық (6,7,8,9,10,11слайдтар)

6. Дәптермен жұмыс.

2-тапсырма. Мәтін бойынша хронологиялық кесте құрып, әңгімелендер. Топтық жұмыс. (Мәтін кітаптың 161-бетінде берілген)

 

Хронологиялық кесте

 

Жылдар

Басты оқиғалар

1946 жылы

Англияда теледидар хабарларын тарату басталды.

 

7. Перфокартамен жұмыс.(Жеке жұмыс)

жауаптар /
мысалдар

Қарсылықты салалас

Ыңғайлас
салалас

Кезектес салалас

Талғаулы салалас

Себеп-салдар салалас

Қар жауса да, балалар тоңбады.

 

+

 

 

 

Қоңырау соғылды, бірақ балалар үзіліске шықпады.

+

 

 

 

 

Еңбектің наны тәтті де, жалқаудың жаны тәтті.

 

+

 

 

 

Ол жылдам жазып отыр, себебі үлгермей қалады.

 

 

 

 

+

Сәуле біресе жылады, біресе күлді.

 

 

+

 

 

Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.

 

 

 

+

 

 жауаптар /
жалғаулықтар

Қарсылықты салалас

Ыңғайлас
салалас

Кезектес салалас

Талғаулы салалас

Себеп-салдар салалас  

 я, яки, немесе

 

 

 

+

  

 бірақ, алайда, дегенмен

+

 

 

 

  

 өйткені, себебі

 

 

 

 

 да,де,та,те,және

 

+

 

 

  

 кейде,біресе, бірде

 

 

+

 

  

Жаңбыр жауды да, жер көгерді.

 

+

 

 

 

Балалар мектепке келді, бірақ мұғалім болмады.

+

 

 

 

 

Біресе бір адам озып кетеді, біресе қалып қояды.

 

 

+

 

 

Ол үйде кесте тоқиды, я кітап оқиды.

 

 

 

+

 

Балалар сабаққа келмеді, себебі күн аяз болды.

 

 

 

 

+

 

8. Синтаксистік талдау.

3-тапсырма.
Сөйлемдерге синтаксистк талдау жасаңдар.

1.
Кинескопты теледидарлардың орнын кристалды, плазмалы теледидарлар басты.

2.
Сұйық кристалды теледидарлар – теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.

3.
Мен дүкенге теледидар сатып алуға бардым.

4.
Қазіргі теледидарлар әдемі, үлкен, жіңішке болып келеді.

5.
Телевидениенің әр түрлі бағдарламалары бар.

9. Үлестірмелі
карточкалармен жұмыс.
Берілген салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулықтарын
дұрыс қой.

1.
Теледидардың пайдасы … бар, зияны … бар (және, да, өйткені).

2.
Теледидарды 2-3 метр қашықтықта қарау керек, … көзге зиянды (те, немесе,
өйткені)

3. Алма теледидар сатып алды, … оған көңілі
толмады (бірақ, де, және).

4.
Мен телевидениеде жұмыс істедім, … радиода істедім (алайда, біресе).

5.
Сендер теледидар көріңдер, … далаға шығыңдар (немесе, сонда да) .

6.
Қазіргі балалар бос уақытында теледидар көреді, … компьютерде ойнайды (бірақ,
болмаса).

7. Телевидениеде балаларға арналған бағдарламалар
бар, … кейбіреулері қызықсыз болады (сондықтан, те, бірақ).

8. Қоғамдық телевидениеде жаңалық хабарлар
беріледі … білімдік , сөздік –танымдық бағдарламаларда болады (Және, яғни).

9.
Мен кинотеатрға бардым … , үйге келдім (я, немесе, да).

10.
Теледидарлар сұйық кристалды болады, … плазмалы болады (Бірақ, немесе).

10. Сабақты қорыту: — Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнаса, түсінікті болса, онда жолдың шетіне үш
леп белгісін (!!!), егер түсініксіз болып, сұрақтарың болса сұрау белгісі мен
леп белгісін (?!), ал ұнамаса үш сұрау белгісін қойыңдар (???). Осымен бүгінгі
сабақ аяқталды, сау болыңдар! (дәптерлерін жинап алу)

11. Үй тапсырмасын беру: 161 бет, 4 тапсырма. Диалог құрастыру.

Бағалау.

Добавить комментарий